Сенбі, 23 Қараша 2024
2344 0 пікір 9 Тамыз, 2020 сағат 11:14

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жолдар жөнделді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің бастамасымен «Ауыл - ел бесігі» жобасы басталған болатын. Елбасы Қазақстан халықына арнаған Жолдаулары мен үндеулерінде ауылды жерлерді дамытудың маңыздылығын үнемі атап өтетін.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы жолға қойылғаннан бері еліміздің әр аймағындағы ауылдардың тамырына қан жүгіріп, жаңаша күейге бөленді. Аталған бағдарлама аясында мыңдаған үйлер салынып, жолдар жөнделді, көшелер жаңартылып, тұрғын үйлер тұрғызылды. Бұл жоба аясындағы жұмыстар жыл сайын емес, күн сайын жүзеге асып жатыр.

Біз төменде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған бірқатар игі шаруаларды таныстырамыз. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округінде биылғы жылы 16 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда ауылдағы 18,8 шақырым жолға асфальт төселіп отыр.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұзындығы 1200 метрге жететін Татулық көшесі мен ұзындығы 500 метр болатын Төлеген Айбергенов көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл көшелердің жөндеу жұмысына жауапты мердігер мекеме «DSM SERVICE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Аталған екі көшеден өзге он төрт көшені жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл көшелердегі жол құрылысы аяқталған бетте пайдалануға берілетін болады.

Айта кетейік, Қабланбек ауылдық округі Сарығаш ауданының орталығынан он шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінгі таңда аталған ауылдық округ аумағындағы барлық көшелердің жалпы ұзындығы жүз екі шақырымды құрайды. Мұның ішінде 39,2 шақырым көше жолының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бұл жалпы көшенің қырық алты пайызын құрайды.

Жоғарыда біз сөз еткен он алты көшедегі 18,8 шақырым жол «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында алдағы уақытта толық жөндеуден өткеннен кейін, ауыл округіндегі жолдардың қанағаттанарлық деңгейінің үлесі елу сегіз пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жалпы Сарыағаш ауынданы бойынша 2020 жылы отыз төрт көшеге жаңадан жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жөндеуден өтетін бұл көшелердің жалпы ұзындығы 55,2 шақырымды құрайды деп жоспарланған.

Ауылдардың дамуы ел экономикасының өркендеп, азаматтардың жұмыспен толықтай қамтылып, халықтың тұрмыс өресінің өсуіне өте үлкен әсер етеді. Бұл әлдеқашан дәлелденген тұжырым. Әсіресе жер аумағы кең, ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай қалыптасқан Қазақстанда ауылды жерлерді дамытудың қажеттілігі жоғары. Сол үшін де Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының маңызы зор.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411