Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3269 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 08:15

Бақытбек Смағұл. Айналайын, қазағым, бір-біріңе кектенбе!

Я, жаратқан, аруақ! Ақиқатқа жүгіндір.

Қарқаләзи күн еді, думандатқан бүгін дүр.

Аңсап жеткен арманды ылаң қылып неткені,

Ел емес пе ек қазағым намысы бір, түбің бір.

Болатын ел қашанда, ынтымақпен өседі,

Қателессе еркесі, есі бары кешеді.

Ер Қосай мен ер Шотан осы азат күн үшін,

Найза ілген білекке пір Бекеттер кешегі.

Неге айтып отырмын ой жіберіп өткенге,

Еркіндікке осынау өліп-талып жеткенде.

Шырқын бұзып шаттықтың, дос-дұшпанға таба боп,

Айналайын Қазағым бір-біріңе кектенбе.

Ақылға сал бәрін де, асыл елім салмақтап,

Қадіріне жетейік бейбіт күнді ардақтап.

Жемтік аңдып жүрген көп, бөлінгенді бөліп жеп,

Қарға-құзғын төнбесін төбемізден қалбақтап...!

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2687
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4403