Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ой түрткі 2372 0 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 10:39

Президенттік агенттік ескеруі тиіс бір мәселе – жер!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру жайындағы ой маған қатты ұнады.

Осы Агенттік құрыла қалған жағдайда бірінші кезекте терең ойластыруға және ұлттық-мемлекеттік мүдде тұрғысынан түбегейлі шұғылдануға тиіс бір мәселеге назар аударғым келеді.

Бұл патшалық дәуірі мен совет өкіметі тұсында сөз жүзінде ғана айтылып, іс жүзінде көшпенділерді жерден айырған, тиісінше қырғынға ұшыратқан солақай реформалар салқынын жоюға байланысты мәселе. Яғни жаңа Агенттік Қазақ елінің байырғы жұртын замана талабына сай келетіндей нормамен жерге орналастыру ережесін жасап, жүзеге асырылуға тиіс қажетті шаралар кешенін ойластырса деген ұсыныс айтқым келеді.

Ғылыми тұрғыда белгіленіп, бөлінген жер үлесін алған әркімнен, ынталы азаматтардан құрылған серіктестіктердің мақсаттарын – мал (жылқы, сиыр, қой-ешкі) бағу, егін егу сынды мақсаттарын айқындаған соң белгілі бір телім беріліп, алғашқы кезде мемлекет тарапынан тиісті қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оның қайтарылымы жедел арада көрінері әрі мұндай ірі жоба еліміздегі жұмыссыздықты жоюдың төте жолы ретінде өзін тез-ақ ақтары сөзсіз. Агенттік мұны мұқият саралап қарай алған болар еді. Және де, ең бастысы, қазақ халқын ұлан-ғайыр жер-суымыздың шынайы қожайыны ретінде әлемге мойындатары анық.

Бейбіт Қойшыбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048