Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2664 0 пікір 22 Желтоқсан, 2011 сағат 04:23

Жаңаөзен оқиғасын оралмандар ұйымдастырған жоқ! (видео)

Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған Үкіметтік

комиссия төрағасы Ө.ШҮКЕЕВ мырзаға!

«Асар» оралмандар бірлестігінің төрағасы

Қайрат Бодауханның мәлімдемесі

Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған Үкіметтік

комиссия төрағасы Ө.ШҮКЕЕВ мырзаға!

«Асар» оралмандар бірлестігінің төрағасы

Қайрат Бодауханның мәлімдемесі

Қазақ сан ғасыр бойы аңсаған тәуелсіздігіне бүкіл әлемді қамтыған жүйелі өзгерістер кезеңінде, 20 ғасырдың соңында қол жеткізді. Жас мемлекет 20 жылды ірі жетістіктермен қарсы алдық. Ата бабамыз сан ғасыр аңсаған Тәуелсіздік қастерлі ұғым. Оны сақтау, қорғау әр қазақтың басты міндеті және борышы! Алайда, жуықта Жаңаөзенде болған оқиға баршамызды қатты алаңдатқаны белгілі.
Осы оқиғаға байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның төрағасы Сіздің 20-желтоқсан күнгі ҚазТАГ және ақтаулық «Лада» газеті арқылы таратылған пікіріңіз барша қазақстандықтармен бірге Атамекенге келген миллионнан астам қандастың және шеттегі 5 млн. ағайынның көңіліне қаяу салған өрескел қадам болды. «..оқиғаға кінәлі оралмандар, сондықтан оларды басқа өлкелерге көшіру керек ..» деп мәлімдеуіңіз, мемлекет пен ұлттың абыройына, береке-бірлігіне үлкен сын болды деп есептейміз! «Еншісі бөлінбеген Алашта» ұлтты жеріне, тегіне қарай бөліп-жару қазақтың арғы-бергі тарихында болған емес!
Елбасымыз Дүниежүзіқазақтарының IV құрылтайында «Азаттықтың елең-алаңындағы күрделі кезеңге қарамастан көшіміз көлікті болды... Қазақстан дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы! Қазақстан әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы!» деп баға берген еді. Қазақстан егемендігін алысымен Атамекенге қарай ағылған қандастар тәуелсіздікпен бірге жасасуына, елдің саяси, қоғамдық, рухани өміріне қосқан өзіндік үлесіне тарихи баға беру әлі алда деп түсінеміз.
Қоныс аударған қазақтың бірі мен де алдағы сайлауға бағымды сынауға бел буып отырмын. Бұл қадамым - тәуелсіздіктің баяндылығы мен елдік жолында өзіндік пікірімді талқыға салудың бір мүмкіндігі, ең бастысы жалпықазақтық мүдденің жемісі, ел саясатының шынайылығының жемісі деп бағалаймын! Бағдарламамызда рухани мәселелер, экологиялық проблемалар, әлеуметтік және көші-қон мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару сияқты т.б. бағыттар қарастырылған. Осы орайда, Жаңаөзен оқиғасы бізге үлкен сабақ! Халық пен билік алшақтығын пайдаланып, ел тыныштығы мен берекесін бұзатын күштер аз емес!
Түркітанудың классиги В.Радловты таң қалдырған тілдік және мәдени жағынан бірегей қазақ ұлтының жаһандану заманында өз Атамекенінде қағажау көруге, сын тезіне нысан болатын негізі жоқ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұдайы ескертетін "қазақтың отаны-біреу, ол - Қазақстан" деген ұлағатты сөздің парқын жете пайымдауға шақырамын! Атамекендегі қазақ, шеттегі қазақ, оралман қазақ деген түрлі категорияға бөліп жіктеуге, яғни ұлттық бірегейлік пен бірлікке нұқсан келтірудің жолын қарастырып отырған іштегі және сырттағы саяси астыртын күштердің арандату әрекетіне желеу беруге әсте болмайды. Яғни, айтуда атүстілік, асығыстық таныттыңыз, біржақтылыққа бой ұрдыңыз!
Көші-қон,оралмандар мәселесі мемлекеттік стратегия ретінде әркез ел саясатынан ұмыт қалған емес. Алайда, атқарушы биліктің қырсыздығы мен оралмандардың саяси, құқықтық шектеулігі көп тауқыметтердің дер кезінде шешілуіне мүмкіндік бермеді. Атқарушы биліктің немкетті әрекетінің кесірінен қоғамдағы әлсіз топқа оралмандардың бір бөлігі қосылды және елдегі әлеуметтік ахуалды ұшықтыруға себепкер болды.
Саясаттағы перспективалы беделді тұлға Сіздің комиссия төрағасы ретінде Жаңаөзен оқиғасына оралмандардың қатыстылығына байланысты объективті түрде баға беруіңізді сұраймыз!

"Абай-ақпарат"


;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383