Сенбі, 23 Қараша 2024
2657 9 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 12:14

Тоқаев: «Жұмыспен қамту жол картасын» Рузвельттің бағдарламасымен салыстыруға болады

Президент Тоқаев Қазақстанның "Жұмыспен қамту жол картасын" Рузвельттің 30-40 жылдардағы АҚШ-ты дағдарыстан шығару бағдарламасымен салыстыруға болатынын айтыпты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

Президент Қостанай облысындағы ашытылған сүт өндіретін зауыттың өкілдерімен кездесуінде АҚШ-тың 32-президенті Франклин Рузвельттің бағдарламасын мысалға келтірген.

"Жалпы алғанда, шағын және орта бизнес - бұл біздің басым бағытымыз. Мен бұл туралы өз Жолдауымда көп айтқанымды білесіздер. Пандемияға қарамастан, біз шағын және орта бизнеске айтарлықтай көмек көрсетеміз. Біздің өңірде шағын және орта бизнеске осындай үлкен қолдау көрсетіп жатқан Қазақстан деп ойлаймын", - деді Президент Қостанай облысындағы "Милх" ЖШС-ге барған кезде.

Ол "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекет пен жалпы үкімет алдына қойылған міндеттерді іске асыру тұрғысынан өте маңызды бола түсетінін атап өтті.

"Объектив себептерге байланысты шешілмеген көптеген міндет қазір жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы шешімін тауып жатыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым да солай. Яғни, мазмұны мен мақсаттары тұрғысынан Қазақстанның "Жұмыспен қамту жол картасын" Рузвельттің 30-40 жылдардағы АҚШ-ты дағдарыстан шығару бағдарламасымен салыстыруға болады, бірақ, әрине, Қазақстанның әлеуетіне, біздің мүмкіндігімізге бейімдеу қажет. Сондықтан біз бағдарламаның жүзеге асырылуын мұқият қадағалаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жаңа бағыт" - бұл АҚШ Президенті Рузвельттің әкімшілігі 1933-1939 жылдар аралығында жүргізген және Ұлы Депрессияның салдарын жоюға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы, энергетика және еңбек қатынастарындағы құрылымдық реформаларға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарлама.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485