БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты
«Өзенмұнайгаз» ӨФ-дағы жағдайдың өрбуі туралы
Астана, 21 желтоқсан 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ҚМГ БӨ-нің өндірістік нысандарына зардап келмегенін хабарлайды. Өзен кенорнында тұрақтылық сақталып отыр. Тәуліктік орташа мұнай өндіру көлемі өткен күндердің деңгейіндегідей, алайда 2011 жылдың желтоқсан айында электр қуатының сөнуіне байланысты жоспарлық көрсеткіштен сәл төмен. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының барлық өндірістік нысандарында қауіпсіздік, оның ішінде құқық қорғау органдарының күшімен қарулы күзетпен қамтамасыз етілген.
Жаппай тәртіпсіздіктер барысында ӨМГ әкімшілік ғимаратына өрт қойылып, дүние-мүлкі таланды, кеңсе жабдықтары мен құжаттардың едәуір бөлігі жойылды. Кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруды қамтамасыз ету мақсатында басқа ғимаратта уақытша орналастырылған штаб құрылды.
Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты
«Өзенмұнайгаз» ӨФ-дағы жағдайдың өрбуі туралы
Астана, 21 желтоқсан 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ҚМГ БӨ-нің өндірістік нысандарына зардап келмегенін хабарлайды. Өзен кенорнында тұрақтылық сақталып отыр. Тәуліктік орташа мұнай өндіру көлемі өткен күндердің деңгейіндегідей, алайда 2011 жылдың желтоқсан айында электр қуатының сөнуіне байланысты жоспарлық көрсеткіштен сәл төмен. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының барлық өндірістік нысандарында қауіпсіздік, оның ішінде құқық қорғау органдарының күшімен қарулы күзетпен қамтамасыз етілген.
Жаппай тәртіпсіздіктер барысында ӨМГ әкімшілік ғимаратына өрт қойылып, дүние-мүлкі таланды, кеңсе жабдықтары мен құжаттардың едәуір бөлігі жойылды. Кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруды қамтамасыз ету мақсатында басқа ғимаратта уақытша орналастырылған штаб құрылды.
Компания өз жұмыскерлерін мұнай кәсіпшіліктеріне жеткізуде аздаған қиындықтарға тап болды, бұл бірінші кезекте автобус жүргізушілерінің жеке басының қауіпсіздігіне алаңдауына байланысты болды. Техникалық жұмыскерлерді кенорынға балама көліктермен жеткізу ұйымдастырылды, бұл өндірістік қалыпты режимін ұстап тұруға мүмкіндік берді. Қаладағы ахуал біршама тұрақталып, билік органдары мен құқық қорғау органдарының жағдайды өз бақылауына алғаннан кейін жұмысқа шыққан мұнайшылар саны жоспарлық көрсеткішке жақындап келеді. Компания бұған дейін жарияланған бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді қоса алғанда 12,3 млн. тонна мөлшеріндегі жылдық мұнай өндіру жоспарын ойдағыдай орындайды деп сенеміз
ҚМГ БӨ Бас директоры Асқар Балжанов: «Компания атынан 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Біз адам шығынына алып келген заңға қайшы әрекеттерді және оны жыл ішінде аймақтағы мұнай кәсіпорындарында орын алған еңбек дауының жалғасы іспетті көрсете отырып, ақтап алуға тырысу әрекеттерін батыл түрде айыптаймыз. Құқық қорғау органдарының құқықтық тәртіпті орнатуға бағытталған шаралары тек қана өндіріс үшін емес, сонымен бірге қаланың барлық тұрғындарының тыныштығы үшін ерекше маңызға ие. Қаланың қалыпты тыныс-тіршілігін қалпына келтірудегі Компанияның ең басты үлесі қала қалыптастырып отырған ірі кәсіпорын - ӨМГ-нің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және Компания басшылығы қандай да болсын қиындықтарға қарамастан, осы бір маңызды міндетті орындауға бел шешіп кірісіп жатқан еңбек ұжымының барлық мүшесіне шексіз алғысын білдіреді.», -деп мәлімдеді.
АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша 234 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВB-» деңгейінде, ал 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Дәулет Жұмаділ
e-mail: pr@kmgep.kz
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
e-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.