Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2688 0 пікір 23 Желтоқсан, 2011 сағат 05:41

Еркеғали Бейсенов. Абылай мен Нұрсұлтан – озық үлгі!

Арқалық қаласының іргесіндегі Ашутасты ауылында Айдос Есмағамбетов деген бір талант бар. Теңдессіз таланты тас қана жармай, тау қопарады! Талабына нұр жауғанда да, тамшылай салмаған. Табансыздықтың табын шайып жіберген!

Айдос алғаш рет Елбасының 70 жылдық мерейтойына арнап, таза силиконнан ол кісінің мүсінін жасады. Бір жыл еңбектеніп, бойын, дене бітімін, түр-әлпетін қаз-қалпында бере алды. Тіпті, әдеттегі тісін көрсете күлетін бет мимикасын, тұрған тұрысын дәл көрсете білді. Оны біз «Айқын», «Нұр Астана», «Время» газеттері бар, «Шуақ» журналы бар, бәріміз бұрқырата жаздық. «КТК», «Астана» телеарналары да жаңалықтардан жылт еткізіп бір-бір көрсетіп жіберді. Айдостың өзі мүсінді шілденің 6-сына дейін толықтай жасап үлгермей, Астанаға күзге қарай келді. «Туған күннің өзіне үлгермесем де, «игіліктің ерте-кеші жоқ» дегендей, 70 жасқа толғаны биыл ғана ғой»,- деген желеумен Президент әкімшілігі, Үкімет үйі, Астана қаласының әкімдігі дегендей керемет кеңселердің босағасынан қайтты. Әділет министрлігі де авторлық құқық бермей қасарысты. Сол бұхит-сұхитпен жүргенде, Президенттік Мәдениет орталығының директоры болып отырған Мырзатай Жолдасбеков ағамыз: «Абылайдың 300 жылдық мерейтойына орайластырып, хан бабаңа арналған мүсін жасасаңшы!»,- деп кеңес берді. Жарты жыл әуреленіп, оны да аяқтады...

Қазір Айдос Әкімғалиұлы - Қазақстанда тұңғыш жүзеге асып отырған озық үлгідегі екі тұлға мүсінінің авторы. Еліміздегі бұған дейінгі мүсіндер тек гипс, қола, анау-мынаудан жасалып келсе, мына екеуі - арнайы тапсырыспен Германиядан алдырған силикон туындылар. Айта кетер жайт, қазіргі мемлекет басшысының қайта жасалған түрі «көңілсіздеу». Мерейтойға дейін жымың қаққан бейне неге бұлай аяқасты бұртиып шыға келді екен? Бәлкім, шебердің елордадан әбден тауы шағылып қайтқандағы көңіл-күйі осы туындысымен астасып кеткен болар?.. Не десек те, Айдос - асқан мықты! Таланты бар, тірегі жоқ. Қолдамай отырмыз. Бар жазығы Еуропада емес, Қазақстанда туғандығы дерсің...

Қолөнердің асқан шебері туралы мақалалар алдағы уақытта талай рет егжей-тегжейлі жазыла жатар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353