Жаңаөзендіктер Құлыбаевты тақ мұрагерлігінен құлатты
Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының басшысы Тимур Құлыбаев та Жаңаөзенде болған төтенше оқиғаға байланысты қызметінен босады. Солай болуы ықтимал екендігін кеше Ақтау қаласына іссапармен барған президент Назарбаевтың өзі айтқан еді.
Тимур Асқарұлы Құлыбаев Қазақстандағы аса бақуатты адамның бірі. Әлем алпауыттарының қаржысын санап отыратын «Forbes» журналының мәліметіне сүйенсек, Құлыбаевтың әмиянында 5 млрд-тан астам АҚШ доллары жатқан көрінеді.
Соңғы жылдары ел аузына жиі ілініп, көзге түсе бастаған Тимур Құлыбаев туралы өткен күзде Президенттің саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев айды аспанға шығарып бір сөз айтқан еді. «Тимур Құлыбаев, - деген болатын кеңесші күздің бір қоңыржай күнінде Ақорданың терезесінен сыртқы дүниеге қарап отырып, - Назарбаевтың мұрагері болашақ прeзидент».

Сәуегей кеңесші қателесіпті, Құлыбаев тақ мұрагерлігінен құлады. Оны жаңаөзендіктердің ереуілі етпетінен түсірген сияқты. Жаңаөзендіктер демекші, мұнайлы Маңғыстаудағы жұмысшылардың наразылығына иек қақпаған ол «пәленің басы оралмандар», «Өзенмұнайгаздың жұмысына кедергі келтіріп, кер бағып жүрген сол оралман қулар» деген сыңайда пікір білдіріп, оның әлгі сөзін орыстілді газеттер іліп ала жөнеліп біраз даурыққан болатын. Жаңаөзенге үкіметтік комиссияны бастап барған вице-пермьер Шөкеев те Құлыбаевтың «қуырып» берген дайын сөзін айтып Астанаға далиып оралған болатын. Қысқасы, Құлыбаев қызметінен кетті. Әлиев, кейінгі «әйелінің фамилиясына көшіп Шоразов болып алған Рахаттың кіші бажасы Құлыбаевтың да құланша жорта бермесі белгілі болды. Енді ол да атасына қарсы шыға ма, әлде тапқан таянғанын тамағына жұмсап тыныш өмір сүре ме әзірге бірдеме дей қою қиын. Айтпақшы, Тимурдың қызметіне байланысты сын айтқан адамдар турасында әкесі Асқар «оларды қабырғаға тұрғызып қойып ату керек» деген болатын. Дегендей-ақ, ұлттық компанияларды басқарған Құлыбаевтың кезінде Жаңаөзен мен Шетпеде 15 адам оққа ұшты.
«Абай-ақпарат»