Сенбі, 23 Қараша 2024
2461 0 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 10:45

Орыс-қазақ шекарасында 3 мыңнан астам қырғыз азаматы өте алмай тұр

Ресей мен Қазақстан шекарасында Қырғызстанның 3200-ден астам азаматы өте алмай тұр.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі жақын арада олар үшін жасыл дәліз ұйымдастырғалы жатқанын, келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейдің Орынбор облысының және Башқұртстан билігімен далада қалған қырғызстандықтарға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Ресей тарап қырғызстандықтарды жатақханаларға, балалар лагері айналасына шатыр тігіп жайғастырған. Оларға қазір тегін тамақ беріліп жатыр.

Елшілік Қазақстан шекаралары жабық екенін, шетел азаматтары қазақ аумағына кіре алмайтынын еске салды.

Қазақстан аумағы арқылы қырғыздарды автобуспен алып кету туралы өтініш хат қазақ билігіне жіберілген. Бірақ әлі жауап алмаған.

Қырғызстанда коронавирус пандемиясы басталған наурыз айынан бері Ресейден жалпы 40 968 азамат еліне оралды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407