Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3520 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 07:32

Зағип жандарға мұнайшылар жәрдем етуде

Қазақстандағы зағиптер қоғамының Атыраудағы бөлімшесінде 670 адам бар. Осыдан 74 жыл бұрын құрылған қоғамдық ұйымның мақсаты: зағип жандар мен жанарында мүкісі бар адамдарды қоғамның заманауи қатынасына бейімдеу, жұмысқа орналастыру болып табылады. Ең бастысы, зағиптардың денсаулығын түзеуге болысу. Алайда, зағиптар қоғамы өзін өзі қаржыландыру ісімен шұғылданатындықтан қаражат жағынан қиындық көріп жататындары бар.

- Бір жақсысы, мына жарық дүние қайырымды адамдарға кенде емес. Міне, қатарынан үш жыл бойы көмегін аямай беріп келе жатқан қайырымды адамдарды біз  «Қазмұнайгаз барлау өндіру» компаниясының  «Ембімұнайгаз» кәсіпорнының филиалынан тауып отырмыз. 2009 жылы мұнайшылар бізге 350 мың теңге, өткен жылы - 400 мың теңге, осы жылы 150 мың теңге ақша бөлді, - дейді зағиптар қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы Жамсат Бимағамбетов.

Бөлінген қаражат негізінен зағиптер мен көзі нашар көретін адамдар тұрып, өмір сүріп жатқан шаңырақтарға беріледі. Сондай-ақ, басыр болған адамдарды күтіп бағатын жақындарына да қосымша жәрдемақы ретінде табысталады. Тек бұл ғана емес. Зағиптер қоғамының Атыраудағы бөлімшесінде қалаған адам бас сұғуға болатын кітапхана бар. Кітаптардың мазмұнымен бұл кітапханада арнайы құрал - тыңдау аппараты арқылы танысуға мүмкіндік бар.  Кітапхана қоры үнемі толығып тұрады, алайда оқушысына қажетті арнайы кітаптар арзанға түспейді.

- Зағиптер қоғамының Атыраудағы бөлімішесінде мүмкіндігімізге орай әртүрлі шаралар өткізуге болатын клуб бар. Біз оған әртістерді шақырамыз, өзіміз қойылымдар дайындаймыз, концерттер өткіземіз, - дейді Жамсат Бимағамбетов.

Соңғы кездері әлгіндей кездесулер үлкен сұранысқа ие болуда. Зағиптер ғана емес, олардың отбасы мүшелері де клубтың шеңберінде құрылған хорға қатысуға ынта білдіруде. Хордың репертуарында қазақ пен орыстың халық әндері мен қазіргі әндері, өзге де тілдегі әндер бар. Хордың репертуары молайып, оны осы күндері қаладағы салтанатты шараларға шақырушылар көбеюде. Әйткенменде басты мәселе: емдомға зәру қоғам мүшелеріне көмектесу болып табылады. Бұл орталықта «Қазмұнайгаз Барлау өндіру» компаниясы бөлген дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Зағиптер қоғамының Атырау облысына қарасты қалалар мен аудан орталықтарындағы 8 бөлімшесінде медициналық тексеру ақылы бола қалған жағдайда аталған компания қаржылай жәрдем жасауда.

Бұл күндері Атыраудағы жергілікті дәрігерлер адамның көру мүмкіндігін қалпына келтіретін ота түрлерін жасауды игеріп жатыр. Бірақ жергілікті дәрігерлердің  бәрі көзге ота жасау ісіне жұмыла кірісіп кетті деуге болмайды. Әдетте зәру жанға қажетті ем арнайымамандандырылған клиникаларда ғана көрсетілуі мүмкін. Біреулер зағиптер қоғамының жәрдемімен Астанаға емделуге барып жатады. Бірақ, жанарында жарақаты бар атыраулықтардың арасында Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы офтольмологиялық медорталықтың беделі аса зор. Әрине, Волгоградқа бару, емделу кімнің қалтасына болса да жеңіл тимейді. Сондықтан Волгоградқа тәуекел етіп сапарға шығатын зағиптер аталған мұнай компаниясының материалдық жәрдеміне сүйенсе болады.

- Біз ҚМГ БӨ-нің қайырымды істеріне тәнттіміз. Біз олардың қызметкерелері емеспіз. Әйтседе, аймақтан мұнай барлап өндіріп жатқан компания өз адамдарымен шектеліп қалмай, барлық жұртқа жағдай жасауға тырысатын жомарттығымен көпке мәлім. Бұл - «Парыз» сияқты жоғары марапатқа әбден лайық, әрі елдің әлеуметтік ахауалын әлеуеттендіру үшін жұмыс жасайтын компания, - деді Жамсат Бимағамбетов мырза арамызда болған емен жарқын әңгіменің қортындысында.

0 пікір