Кітапхана керек пе?
Құдай біледі, осыны айтқан кісі мүлде кітапханаға барып көрмеген ау. Рональд Рейган айтқан "Бір қызығы, аборт жасауды қолдайтын адамдар өздері аман-есен жарық дүниеге шығып алғандар" деген сөз бар еді. Мынау да соның кері. Өзі бармайтын жерге басқа жұрт та бармайды деп ойлайтын секілді.
Мемлекет миллиардтаған қаржы бөліп "Мәдени мұра", "Тарих толқынындағы халық", "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жүздеген кітап шығарады. Ал мәслихат депутаты мемлекет саясатына қайшы, келіспеген әңгіме айтады. Мысалы "Бабалар мұрасы" жүз томдығы барлық қазақтың үйінде жоқ қой, оны іздесең кітапханаға барасың.
"Бәрін цифрландыру керек. Іздеген адам үйінде отырып, компьютерден оқысын" дейтін болар. Ал бұл "Нан таба алмаса пирожный неге жемейді" деген сорлы ұғымның сортынан. Республиканы он орап тұрған жылдам интернет жоқ қой. Интернет түгел қарапайым телефон байланысы жоқ жүздеген ауылдар бар.
Мына "депутаттың" дүние мүлкін кәмпескелеп, түгел кітапхана қорына аударуды ұсынамын. Сорлы ау, байлыққа белшесінен батып отырған қай мемлекет кітапханасын қысқартты? Айына 40-50 мың теңге ақшаға жұмыс істеп жүрген кітапханашы қыздардың әлеуметтік жағдайы басыңа келгір ай!
Еее, елорда депутаттарының сиқы мынадай болса...
Айшуақ Дәрменұлының жазбасы
Abai.kz