Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4357 4 пікір 29 Қыркүйек, 2020 сағат 12:00

Айсұлу Дүтбаева: Еліме шаршамай қызмет етемін!

«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Қабышқызы Дүтбаева «Nur Оtan» партиясының праймерізіне қатысып жатыр. Оқырман назарына Айсұлу ханымның сұхбатын ұсынамыз.

- Қайырлы күн, Айсұлу Қабышқызы! Біріншіден қазіргі атқарып жатқан жұмымыңыз жайлы айтып кетсеңіз.

- 1977 жылы Семей өңірінде дүниеге келгенмін. Тағдыр айдап, Батыс өңірінен шықтым. Ақтөбе мен Атырауда баспасөз саласында қызмет атқардым. Мен «Маңғыстау-Медиа» компаниясының жетекшілігіне былтыр көктемде келдім. Əрине, ұжымға бірден сіңісу, онымен ортақ тіл табысу оңай шаруа емес қой, оның ішінде басшы ретінде. Оның бір-ақ жолы - кəсіби біліктілігіңді көрсету, сосын мекеменің шаруашылық-қаржылық мəселелерін табысты шеше отырып, қарамағыңдағы қызметкерлердің əлеуметтік жайын ұнамды ету. Мен сол жолды тандадым. Соның арқасында төккен маңдай терім мен артық бөлген қымбат уақытым зая болған жоқ. Әріптестерімнің қолдауымен елу жыл болған көне кеңсені тастап, кең де əсем жаңа ғимаратқа көштік. Табанды талап ете отырып журналистеріміздің жалақыларын көтеретін мүмкіндіктер туды. Алда əлі де атқарар істер баршылық. Сол мақсатқа ұжым күшін жұмылдыруға тырысып келемін. Кадр құрамы көңілімнен шығады. Тәжірибе мен жастық шабыт-жігерді қатар қолдаудамын.

Қазіргі күні облыстық, қалалық жəне аудандық 8 газетті біріктіретін "Маңғыстау-Медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорымын. Ұжымда жүзге жуық жан бар. Басылымдардың уақытылы шығып отыруы, қызметкерлердің əлеуметтік жағдайы, олардың жұмысын ұйымдастыру сияқты істер менің қызметімнің негізін құрайды. Қоғамдық жұмыстардан да тыс қалғым келмейді. Оның ішінде Маңғыстау өңірі бойынша кəсіпкерлікті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, БАҚ беделін көтеру, оның мəртебесін арттыру секілді мəселелер мені қатты алаңдатады. Өмірде əділ болуға тырысамын. Жалпы елдегі қоғамның дамуына қатысты өз көзқарасым бар. Көп ізденемін, кітабым - тұрақты серігім. Осы күндері Мəскеудегі (РФ) Ресей Президенті жанындағы Академияның тыңдаушысымын.
Үш баланың анасымын. Үлкен қызым қызыл диплом иегері, менің жолымды жалғастыруда. Былай айтқанда, бақытты анамын. 

- Қазіргі таңда «Nur Оtan» партиясы (сынамалы іріктеуді есептемегенде) алғаш рет праймериз өткізіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысына орай 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында жүзеге асады.

Праймеріздің маңыздылығы және оған қатысуыңызға қандай себептер болғанын айтып кетсеңіз?

- Өзіңізге белгілі, қазіргі күні «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздағы «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу туралы Қаулысына сай Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихат депутаттарына партиялық тізім бойынша ұсынылатын кандидаттарды іріктеу жүргізілуде. Бұдан бес жыл бұрынғы өткізілген праймеризден бүгінгі саяси шара қатты ерекшеленіп отыр. Оның, меніңше, бірнеше себебі бар. Ең бастысы - оның ашықтығы пен жариялылығы. Оның ішінде бұрын партияда жоқ азаматтар үшін сайламалы органдарға жол ашылуы (əрине, олар партияға жаңадан мүше болуға тиіс). Екіншісі - Мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының үштен бірінің қыз-келіншектер болатындығы. Мемлекетті басқару саласындағы гендерлік саясат аясындағы бұл қадам да қоғамда, оның ішінде əйел азаматтар арасында шын мəніндегі құлшыныс туғызғандығы анық. Келесісі - депутаттық корпустың бестен бірін жастардың құрайтындығы. Күні бүгін праймеризге аса белсенді жас жігіттер мен қыздар көптеп қатысуда. «Болашақ – жастардыкі» десек, олар үшін жаңа да, тың мүмкіндіктер тууда. Праймериз, менің ойымша, жаңаруға, жасаруға һәм  халыққа жақындауға бетбұрыс екені даусыз. Яғни, жақсы бастама.

Саралап отырсақ, «праймеризді» қабылдай алмай жатқандар да жеткілікті. Олардың ішінде қара да жүр, дана да жүр. Олардың көкейінде баяғы «Не өзгере қояды дейсің» деген сенімсіздік.

Оның себептері праймериз деген не екенің толық тұсінбеу деп ойлаймын. Праймериз – АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі. Қазақ тіліндегі мағынасы «іріктеу» деген ұғымды білдіреді. Кейде «алдын ала сайлау» немесе «алдын ала дауыс беру» деп те атайды. Яғни, жақтастарының арасында алдын ала партияішілік сайлау өткізу арқылы, партия атынан басты аламанға түсетін көшбасшыларды іріктеп алу дегенге саяды. Праймериз өзге елдердің тәжірибесінде өзін-өзі дәлелдеген және сынақтан өткен ең тиімді тәсіл. Әу баста АҚШ-та, одан кейін Еуропаның бірқатар елінде қолға алынған. Ең алғаш партиялық ішкі сайлау 1842 жылы АҚШ-та өтіпті. 1901 жылы Флорида штаты тұңғыш праймериз өткізіп, сол жылы бұл ұғым заңды түрде қабылданған.

Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау. «Nur Оtan»-ның праймериз өткізудегі мақсаты – қатарын адуынды мықты жас мамандармен  ел қолдауына иек артып толықтыру. Сайлауға өз аймағында сөзі өтімді, беделге ие азаматтар қатыса алады. Партиялардың сайлау тізімінде əйелдер жəне жастар үшін 30 пайыз міндетті квота қаралып, ол заңмен бекітілді. Партиялар билікке жаңа тұлғаларды - өз саласының мамандарын, беделді көшбасшыларды, ел тағдырына жаны ашитын, шешім қабылдап, сындарлы ұсыныстар жасай алатын адамдарды ілгерілетудің қайнар көзі десек, артық емес. Бұл шынайы əлеуметтік лифт. Қатаң іріктеу, жаңа идеялар мен жобаларды іздеу.
Бұл идеяны көптеген белгілі саясаттанушылар мен қоғам белсенділері қолдады. Оларға менде қосылып, праймеризге қатысуға шешім қабылдадым. Мен бұрын елдегі саяси тірлікті жариялаумен айналысып келсем, енді соның қалың ортасынан табылуға бет бұрдым. Менің өз азаматтық ұстанымым бар, реформаларға қатысуға дайынмын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Сайлауалды бағдарламаларды қоса алғанда, барлық шешімдер, əр ауданның, қаланың, облыстың бюджеттік мүмкіндіктерімен байланысты қабылдануы керек. Елдің алдында пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру, шағын жəне орта бизнесті жандандыру мəселесі тұр. Сондай-ақ пандемиямен күресу мəселесін талдап, оның ықтимал екінші толқынына дайындалу қажет. Мұның бəрі партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, нұр отандықтардың алдағы 5 жылдағы іс-қимылдарының негізі болады». Мінеки, праймериздін маңыздылығы осында.

- Сіз, Маңғыстау өңірінде танымал тұлға ретінде дауыс беру жөнінде не айтасыз?

Біріншіден, праймеризге қатыса отырып, белгіленген Ережеге сай жасаған желілік кестеме сай жұмыстар атқардым. Өзім басшы қызметте болған соң «Бағынысындағы БАҚ құралдарын өз мүддесіне пайдаланды» дегеннен аулақ болу үшін демалысқа кеттім. Бірақ журналист ретінде желіде түрлі мəселелер бойынша ашық пікірімді жазып келемін. Кестенің орындалысын қатты бақылауда ұстап отырмын. Құрамы осы Маңғыстаудың белгілі азаматтарынан тұратын штабым ақыл-кеңестерін аяп жатқан жоқ. Өзімнің тұжырымым бойынша, партияның іріктеу сайысынан дұрыс жолымен өттім деп санаймын.

Дауыс беру жөнінде айтар болсам, ел болғасын, жұрт болғасын сан алуан ойлардың «елесі» даламызды кезіп жүруі заңдылық. Қоғам -адамдардың қолдауы мен қарсылығы арқылы ғана дами түспек. Маңғыстаудағы елдің мұңы мен құнын білетін азаматтар маған дауыс береді деген сенім бар.   Елбасымыз «жиған тəжірибемізге сүйеніп, өткен күннен сабақ алып, алға ұмтылуымыз керек. Ортақ мақсат – елдің ертеңі, халықтың болашағы жолында біріге алатындар ғана табысқа қол жеткізетінін ұмытпайық» дегеніне қосылып, əріптестеріме сəттілік тілеймін.

Өзім замандас, жерлес, талантты ақын Сабыр Адайдың "Əр қазақ - менің жалғызым!" деген өлең жолдарын ұран ете отырып, еліме шаршамай қызмет ететіндігімді зор шабытпен жария етем!

Сізге рахмет айтып отырып, шығармаңызға үлкен табыс тілеймін! Медиа асқар тауының биігінен көріне берініз!

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5305