Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5185 0 пікір 4 Қаңтар, 2012 сағат 05:29

Серік Әбдірешұлы. Жолтерек туралы аңыз

Баяғы бір заманда, Айдала деген жазықта алып жалғыз терек өсіпті. Бұл теректің ерекше қасиеті болыпты, оның жапырақтары жеті түске боялып, құбылып тұрады екен. Қасиетті терек жылына бір рет көктем мезгілі келгенде ғана гүлдепті. Оның гүлін жұрт Наурызгүл атапты. Жастар оны бір біріне сыйласа болды, жер бетіне Күннен алтын түсті шуақ саулапты. Сосын әлгі алып ағаштың гүлі түсіп, оның соңынан алма секілді сондай дәмді жемістері уылжып піскен екен. Оны жеген адам бақытты болыпты және қартаймайтын қасиет дарыпты.

Алып теректің басына ылғи да бір самұрық құс жылда Наурыз айында бір-ақ рет жұмыртқалайды екен. Ол жұмыртқаға адамдардың арман-тілегі ағаш бойымен жиналыпты да, ол міндетті түрде орындалатын болыпты, ал бұрынғы уайым-қайғы ұмыт болып, ренжіскендер қайтадан татуласыпты. Арман-тілектің барлығы әлгі теректің бойымен ғана Көкке жететіндіктен, оны бірқатары «жол» десе, енді бірі тілдерінің келгеніне қарай «йол» депті. Кәзіргі орысша «йолка» сөзі содан шығыпты. Ал, ежелгі «жолтерек» аты ұмыт болыпты.

Жолтеректің өзін де, қайда өсетінін де адамдар ұмытып қалғасын, оның орнына қаңтар айында шырша, қарағай кесіп үйлеріне әкеліп, безендіретін болған. Ал, күн мен түннің теңелетін күнін Жаңа жыл деп, Наурыз мерекесін тойлауда әзербайжан халқы жұмыртқаны түрлі түске бояйды, өзбектер дақыл егіп көгертіп, Жолтеректі еске алған. Ал қазақтар наурызкөже асып, Жолтеректі Алтыбақан теуіп Ырыс таңын қарсы алумен ескерген. Ырыс таңы 21 наурыздан 22-не қараған түні қарсы алынған. Бұл түні Қыдыр ата Көктен түсіп, барлық жанұяларды аралап, оларға бір жылға жетерлік құт пен береке, несібе үлестіреді. Балаларға сыйлық беріп кетеді екен. Ал, Жолтеректі үйлеріне құрған жанұялар ерекше қуанышқа кенелмек.

«Абай-ақпарат»

ЖОЛТЕРЕК ТУРАЛЫ АҢЫЗ by Omirzhan Abdihalyh

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555