Жексенбі, 3 Мамыр 2026
4709 7 пікір 1 Қазан, 2020 сағат 15:30

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

«ІІМ Көші-қон қызметінің жұмыс нәтижелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда жыл басынан бері пысықталған алгоритм бойынша қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған 284 бұрынғы азамат анықталды»,- делінген хабарламада.

Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланды.

Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы заң бұзушылықтар үшін 266 адамға (277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынып, 18 адам елден шығарылды. Жаза тағайындау туралы шешімді сот органы қабылдайды.

Халықаралық келісімдер қос азаматтықты болдырмау жөніндегі жұмысты жеңілдетеді, өйткені екінші Тараптың азаматтығын алу туралы мәліметтерді қазақстандық Тарап қысқа мерзімде алады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1020
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 819