Сенбі, 23 Қараша 2024
Үміт пен күдік 2746 5 пікір 5 Қазан, 2020 сағат 12:07

Біз қоғам дамуының өркениетті жолын таңдаймыз...

Соңғы кезде Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде өзгерістерге толы үдерістер жүріп, қоғамдық сананның жаңа сатыға көтерілгеніні айқын байқалуда. Соның ішінде ең маңыздысы алда өтетін ҚР Парламенті Мәслихатына сайлау болып табылады. Бұл үдеріске қоғамымыздың барлық саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бар күшін салып, дайындалу үстінде. Осы орайда «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының қоғам дамуына қатысты мақсат-міндеттерін, ұстанымдарын көпшілікке таныстыруды жөн көріп отырмыз.

«Ақ жол» ҚДП алға қойған міндеттердің ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан қоғамын жаңғыруға бағытталған реформаларымен етене сабақтасып жатқанын атап өту керек. Әсіресе биліктің өркениеттік жолмен ауысуы елімізде дамуында жаңа кезеңнің басталғанын әйгіледі. Ал, әрбір жаңа кезеңде жаңа міндеттер мен жаңа құрылымдар бірге жүретіні ақиқат. Бұған дейінгі биліктің жоғарыдан төмен қарай орнаған қатаң жүйесі Қазақстан тәуелсіздігінің, нарықтық қатынастардың және жаңа ұлттық бірегейліктің қалыптасуы кезіндегі алғашқы  кезеңде өз миссиясын орындап болды.

Жаңа кезеңге Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде қадам басуы тиіс. Бұл дегеніңіз биліктің бөлінуі, ел басқару жүйесінде неғұрлым «икемді» әдістерге бет бұру және осы үдерістерді жүзеге асыру барысында оған қоғамның тікелей қатысып, бақылау орнату болып табылады. Сондықтанда Президент Қ-Ж.Тоқаевтың Жолдауында бұл міндеттердің заңды түрде тренд ретінде қабылдануы да содан.

Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП белсенді түрде қоғамда қордаланған мәселелерді шешуге 2012 жылдан бері белсенді түрде қатысып, өз ой-пікірін өкімет пен мәжілісте алдында үзбей білдіріп тұрды. Әсірес COVID-19 пандемияның орын алуына байланысты мемлекеттік басқару жүйесінде орын алған кемшіліктер мен қателіктерді анықтап, соларды түзетуге бар ынта-жігерімен тырысуда. Солардың ішінде қоғамның  жаппай кедейленуі, қоғамдық дамуға тұсау болып отырған жемқорлықтың етек алуы, әлеуметтік теңсіздіктің орнауы, экономика мен биліктегі монополия сияқты келеңсіз құбылыстар бар.

Әлемдік пандемияға байланысты жарты жылдан асып бара жатқан карантин қоғамда бірқатар қиындықтар туғызған. Солардың ішінде күн-көріс жағдайы төмендеп, мұқтаж адамдар санының өсуі; кіші және орта бизнестің құлдырауы; бюджеттің жартылай желініп, қолды болуы халық арасында мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік тудырды. Шет аймақтарды айтпағанда үлкен мегаполистердің өзінде әдемі ғимараттардың сыртында көз бояушылық пен жастар үшін нақты перспективалардың жоқтығын бүкіл ел байқап отыр. Сондықтан да «Ақ жол» ҚДП биліктің халық алдында қадір-қасиетін қалпына келтіріп, оның сеніміне қайта ие болу үшін бұл келеңсіз құбылыстардың бәрін әшкерелеп, ешқандай ымырасыз олардан қоғамды тазарту қажет деп есептейді.

Бүгін қоғам алдында үлкен өзгерістердің қажеттігі күн тәртібінде тұрғаны айдан анық. Мәселе бұл өзгерістердің қай бағытта жүретінінде болып отыр. Өзгерістер саналы, жүйелі түрде өте ме, әлде стихиялы түрде, амалсыз мәжбүрлегендей бола ма?

«Ақ жол» ҚДП-ның пікірі бойынша бүгінгі қоғам моделінің одан әрі дамуы үшін бір-ақ жол бар. Ол – әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды терең және жүйелі түрде жүргізу. Мемлекет сондай реформаларды іске асыру жоспарын неғұрлым тез қабылдаса, соғұрлым қоғам үшін оның ауыртпалығы аз болады. Өйтпеген жағдайда бізді Белоруссияда, оның алдында Украинада орын алған сценарилер күтіп тұруы әбден мүмкін. Соған қарағанда ел тұрақтылығының басты кепілі күш қолдануда емес, халықтың өз мемлекетіне деген адалдығы мен сенімі болмақ.

Сол үшін «Ақ жол» ҚДП елде парламентаризм институттарын күшейтуді, кезең-кезеңімен президенттік жүйеден парламенттік республика жүйесіне өту қажет деп есептейді. Бұл мәселені партия жетекшісі А.Т. Перуашев 2012 жылы 4 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың фракция жетекшілерімен кездесуі кезінде көтерген болатын.

Сонымен қатар 2012-2016 жылдары ҚР Мәжілісінде «Ақ жол» фракциясының депутаттары үкіметпен терезесі тең құқықты диалог жасауға және мәжілісте пікірталастың көп партиялы ұстанымдарын орнатуға тырысуда. Сегіз жылдық пікір-таластан соң бұл ұстанымдардың кейбір қағидалары партия ұсынған «Парламенттік оппозиция туралы» Заңда іске асқанын атап өту қажет.

2017 жылы конституциялық реформа барысында «Ақ жол» ҚДП мәжіліс пен сенатты қосып, бір палаталық парламентке көшу туралы бастама көтерген еді. Өйткені, қос палаталы парламент Қазақстан сияқты унитарлы мемлекет үшін емес, федералды мемлекеттерге тән институт болып табылады. Сондықтан да парламенттік жүйеге көшу мәсселесі бір фракцияның ұсынысы ретінде қалмай, бүкіл мемлекеттің саналы таңдауы болу қажет.

Конституцияға сәйкес президент барлық билік тармақтарының өз-ара байланысының кепілі болып табылады. Бұл президент парламент пен өкімет үшін бірдей болуы керек деген сөз. Осыған байланысты «Ақ жодың» ҚДП-ның пікірі бойынша өкімет құрамын мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия қалыптастырғаны жөн. Ол үкімет құрамын президенттің бекітуіне ұсынып, өзі құрған үкіметтің барлық жетістіктері мен қателіктері үшін жауап беруі тиіс.

Сонымен қатар, «Ақ жол» ҚДП тағайындалған үкімет өзінің іс-қимылы мен шешуге тиісті мәселелердің ресми бағдарламасын парламент алдында қорғауға міндетті деп санайды. Сонда ғана қоғам министрліктердің жұмысын бюджетті формалды түрде игергені бойынша емес, нақты берген уәделерін қалай орындағанына қарай бағалайтын болады.

Сол сияқты «Ақ жол» ҚДП қала әкімдері де әртүрлі партия мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің арасынан тұрғындардың тікелей сайлауы арқылы анықтаулуы қажет деп санайды. Бұл жөнінде Президент Қ-Ж. Тоқаевтың 2021 жылы ауыл әкімдерін сайлау туралы мәлімдемесі осы бағытта үлкен қадам болмақ. Дегенмен мұндай мәселе бойынша бюрократиялық аппараттың табанды қарсылығы болатынына қарамастан, «Ақ жол» ҚДП бұл қадамды одан әрі қалалар деңгейіне дейін жеткізу өте маңызды деп біледі.

Жалпы бюрократияның күші оның көптігінде және ақылға сыймайтын шектен тыс шыққан ықпалында. Мысалы, экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ОЭСР) мәліметі бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың арасында ченовниктердің үлес салмағы ең жоғары.  Бізде ол көрсеткіш 21%-ға жетсе, Австрияда - 8, Оңтүстік Кореяда – 6,5. Жапонияда 100 мың тұрғынға 7 мемлекеттік қызметкер келсе, бізде – 550-ден асады. Мұндай жағдайда кімнің кімге қызмет етіп жатқаны да белгісіз.

Осы мәселеге байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы 2017 жылдан бері мемлекеттік менеджерлер мен чиновниктердің санын қысқарту жөнінде талай рет ұсыныс жасаған болатын. Чиновниктер санатында жүрген осындай сауатты адамдардың жеке экономика немесе жеке өндіріс саласында жұмыс істесе елімізге көбірек пайда әкелер еді. Чиновниктердің санын қысқартуды тиіп-қашты емес, 3-5 есеге дейін азайту қажет.

Сонымен бір мезгілде «Ақ жол» ҚДП парламент пен мәслихаттардың бақылау функцияларын арттыру керек деп есептейді. Ең алдымен, оларға азаматтық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы, биліктегі сыбайлас жемқорлық фактілері мен адамдардың қаза болуы сияқты қоғамдық өмірде сілкініс тудырған оқиғаларды тексеру үшін парламенттік тергеу құқығы берілуі қажет.

Тағы бір мәселе, қандай да бір міндеттерді шешу үшін мемлекеттің мүмкіндіктері бюджетпен анықталатыны белгілі. Алайда біздің елде мемлекеттік қаражаттың едәуір бөлігі бюджеттен тыс және қоғамнан жасырын түрде жұмсалатыны белгілі нәрсе. Дәл сол тұста жүйелік құқық бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа көп мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да «Ақ жол» партиясының пікірінше бірінші кезектегі міндет – барлық мемлекеттік қаржыны парламенттің бақылауына қайтару болып табылады.

Біріншіден, бұл ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетін бақылауға алу деген сөз. Олардың көбінің қызметі үнемі қаржы құйылып тұрмаса тиімсіз. Оның үстіне олар тіпті шетелдерден өз бетімен қарыз алуды әдетке айналдырған. Мысалы, «СК-Фармация» немесе Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (СПК) мемлекеттік бюджет арқылы қаржыланатындықтан жұмыс барысында кеткен шығындар мен нәтижелері туралы парламент алдында есеп беруі тиіс емес пе?!

Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың шетелдерден шексіз қарыз алуын  тоқтату қажет деп санайды. Бұл кредиттердің едәуір бөлігі қайдағы бір шетелдік консультанттардың жұмысын төлеуге жұмсалып, барлық Қазақстан азаматтарының есебінен жабылып отыр.

Сыртқы қарызды санаса, адам шошырлық! Бүгінгі күні, ҚР шетелдік несие берушілерге ішкі жалпы өнімнің 90% құрайтын 158 млрд. доллар қарыз. Бұл дегеніңіз жаңа туған сәбиден еңкейген қартқа дейін әрбір қазақстандық шетелге 9 мың доллар қарыз деген сөз.

Екіншіден, азаматтар мен бизнестің әртүрлі «жинақтаушы», «сақтандыру» немесе «мүшелік жарналар» деп аталатын барлық міндетті төлемдері іс жүзінде қосымша салық түріне айналып кетті. Егер міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының қаражатын заңсыз пайдалану, ЕНПФ-нің тиімсіз жұмысының әшкере болуын ескерсек, онда осы қорларды басқару жұмысы да, олардың шығыны мен сыйақылары да парламенттің бақылауында болып, ашық талқылаудан өтуі тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттік бюджет – бәрінің көз тігіп отырған саласы. Демократиялық елдердің дәстүрі бойынша бюджеттің жұмсалуына бақылап отыру парламенттік оппозицияның еншісінде. Бұл қисынды да. Өйткені билеуші партия бюджетті басқарғанымен, оның дұрыс бөлінуі мен мақсатты пайдалануын қадағалау үнемі қарсыластардың назарында болуы тиіс.

Биыл Президенттің бастамасымен «Ақ жол» ҚДП жоғарыда айтылған «Парламенттік оппозиция туралы» Заңның қабылдануына мұрындық болды. Осы Заңның арқасында «Ақ жол» және басқа фракцияның депутаттарына сөз бермеу, заңдарға ұсынған түзетулерге үкіметтің қатаң цензурасын орнату тәжірибесі тоқтатылды. Ендігі мәселе осы платформаның негізінде бірбеткей биліктің орнына тепе-теңдікті сақтайтын, кез келген асыра сілтуді болдырмайтын толық қанды жүйені қалыптастыру үшін парламенттегі депутаттарға жаңа өкілеттіктер берілуі қажет.

Сонымен қатар, үкіметтің қанша қарсылық көрсеткеніне қарамастан, сайлаушылардың қажетін өтеу үшін парламентте қаражат бөлу құқығының болуы өте маңызды. Осы мәселеге қатысты Президент Қ-Ж.Тоқаев өз Жолдауында: «қаражатты жұмсауға қатысты мәслихаттардың пікірі еленбейді», ал жергілікті мәселелер «ондаған жылдар бойы шешімін таппай келеді», - деп айтуы бекер емес.

Егер парламентте сайлаушылардың тапсырмаларын орындау үшін тікелей қаржыландыру өкілеттігі болса, онда бүгін Қазақстандық қоғамда көп балалы отбасына, тұрғын үй тапшылығына қатысты мәселелер асқынбай, ал қолынан іс келетін жастар шетелге кетпес еді. Бүгін бұл жағдайды түзеу үшін «Ақ жол» фракциясы нақты бастамалар көтеруде.

«АҚ жол» демократиялық партиясы парламентке қоғамдық маңызы бар сайлаушылардың тапсырмаларын орындау үшін бюджеттен аз болса да нақты (1%)  үлес бекітуді ұсынып отыр. Өйткені, теміржол өткелінен жаяу жүргіншілер көпірін салу немесе көшеге асфальт төсеу мемлекеттік компанияларға миллиондаған сыйақы төлеу үшін ақша бөлуден әлде қайда маңызды.

Жалпы «АҚ жол» ҚДП-ның таңдауы - бұл мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарда еуропалық ұстанымдарды, жоспарлы түрде ашық саяси мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Бұған парламент пен мәслихатқа қоғамға жан ашитын шынайы өкілдерді сайлап, олардың қолына біз қазір сөз еткен өкілеттіктер мен мүмкіндіктерді берген жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

 

Арман Жұмаділ,

«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385