Бұл туралы РБК агенттігіне Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді. Оның айтуынша, жалдамалы әскердің жарымы жанжал аймағынан кеткен жоқ.
Бұның алдында Таулы Қарабақта Әзербайжан жағында Түркиядан келген жалдамалы жауынгерлер соғысып жүргенін Ресейдің әскерилері мен Франция президенті Эммануэль Макрон хабарлаған. Анкара бұл айыптауларды жоққа шығарды. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі болса ұрыс алаңында оққа ұшқан армян жауынгерлері арасында Сирия мен Таяу шығыстағы этникалық армяндар болғанын мәлімдеді.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 7 қазанда Таулы Қарабаққа қатысты екі түрлі ақпарат түсті. Баку өз әскерінің жетістіктері туралы мәлімдемесе, Еревен жаудың шабуылына тойтарыс берілгені туралы хабарлады.
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу аймақтағы жанжалды Армения және Әзербайжан қорғаныс министрлерімен талқылаған. Келіссөздер туралы мәлімет хабарланбады.
Таулы Қарабақтағы жағдай 27 қыркүйекте таңертең ушығып кетті. Аймақта әскери қимылдар басталды. Армения мен Әзербайжан әскери жағдайға көшті.
Abai.kz