Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, үкімет құрамы толық отставкаға кеткен. Жарлық бойынша, үкімет басшысы, вице-премьер, үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанға дейін міндеттерін атқара береді.
Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін саяси дағдарыс туындаған. Парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 6 қазанға қараған түні демонстранттар парламент пен президент аппараты орналасқан "Ақ үйді" басып алды.
9 қазанда "Ата Мекен", "Бир Бол", "Республика" және "Реформа" партиялары бірігіп, "Акыркы үмүт" саяси бірлестігін құратынын мәлімдеп, премьерлікке Өмірбек Бабановты ұсынды.
Бұған дейін 6 қазанда Жогорку Кеңештің бірнеше депутаты премьерлікке наразылықтан кейін қамаудан шыққан Садыр Жапаровты ұсынған еді.
Abai.kz