Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2530 0 пікір 11 Қаңтар, 2012 сағат 04:53

Шәріпхан Қайсар. Мұғалімдер – сайлаудың бас кейіпкерлері

Бізге жеткен нақты деректер бойынша, қызылордалық мұғалімдер 15 қаңтардағы сайлауды жалғандықпен өткізуге жан-жақты дайындыққа кірісіп кетіпті. Жаңа жыл басында облыс әкімі Б.Қуандықов қаладағы барлық мектеп директорларын шақырып алып жабық жиналыс өткізген. Жиналыстың басты тақырыбы - 15 қаңтардағы сайлауда «Нұр Отанның»  абыройын сақтап қалу. Жиналысқа қатысқан мектеп директорларының айтуынша,  әкім ұзын сөздің тоқ етер әңгімесінде «Нұр Отанның» бүгінгі таңдағы мұғалімдерге жасап отырған «әкелік-аналық» қамқоры жайлы көп айтса керек. Сондықтан мұғалімдер өздерінің екінші «ата-анасының» абыройын осы сайлауда сақтап қалуға міндетті. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін өткен жылғы 3 сәуірдегі президент сайлауы кезінде тәжірибеден өткен, шыңдалған әдісті қолданып, әр мектептен 40-50 мұғалімдерді дайындап, оларды 4-5 рет дауыс бергізу әдісін қайталау тапсырылған.

Бишара, құл директорларда ерік бар ма? Осы тапсырманы алған сәтте мектеп директорлары (олар сонымен бірге учаскелік сайлау комиссияларының басшылары) дереу әр мектепте арнайы бөлме бөліп, онда мұғалімдерді сайлау күні киімін, пішінін, түр-түсін «ауыстыру» амал-әдістеріне үйрету сабақтарын өткізе бастаған. Бұл «семинар-тренингтерде» мұғалімдер әртүрлі айла, амал, шарғыларды - киім ауыстыру, атап айтқанда құлақшын, бөкебай, орамал ауыстырудан басталатын көзілдірік кию (ақ, қара көзілдірік),  бетауызды тұмшалап байлап алуға дейін, тіпті түске дейін сау болып келіп түстен кейін ақсақ болып келу, таяқ ұстап келуді үйрететін «сабақтарды» алып жатқаны белгілі болды. Әттеген-ай, осындайда дереу пластикалық операциялар жасайтын оташылар болсашы!

Сонымен, бірге әр мектепке бір-бір «Газель» және жеңіл автокөліктер бөлінген. Олардың не үшін бөлінгені айтпаса да түсінікті болар.

Ал, енді осыдан кейін «Нұр Отан» жеңбей көрсін?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583