Сенбі, 23 Қараша 2024
2344 0 пікір 16 Қазан, 2020 сағат 12:52

Өмірбек Текебаев парламент депутаты болды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 15 қазанда "Ата Мекен" фракциясы атынан Жогорку Кеңеш депутаты Садык Шер-Нияздың өкілеттігін тоқтатып, депутаттық мандатты Өмірбек Текебаевқа берді.

"Ата Мекен" партиясының лидері 10 қазанда ОСК-ға мандатын қайтаруды сұрап, өтініш түсірген.

2019 жылдың 21 тамызында Жоғарғы сот қайта ашылған жағдайға байланысты Өмірбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновтың ісін қайта қарауға Бішкектегі Бірінші май аудандық сотына жіберген.

2017 жылы ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің саясаткерге 1 млн доллар пара бердім деген шағымы бойынша, Өмірбек Текебаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Саясаткердің өзі сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев тарапынан қуғындалдым деген.

Кейін Бірінші май аудандық соты саясаткерді үйқамаққа ауыстырып, ісін қайта қарауға кіріскен.

Өмірбек Текебаев Сооронбай Жээнбековтің отставкасына байланысты жаңа парламент сайлауын өткізгеннен кейін барып биліктен кетуі керек еді деп есептейді.

"Сайлау кезінде бәрі мойындайтын заңды орган қажет. Өкінішке қарай, президент отставкаға кететінін айтты. Енді қайтадан президент сайлауын өткізуіміз керек. Бұған бюджеттен қаржы жетпейді. Сайлау жаңа жылға дейін өтуі тиіс. Қазір енді уақытша үкімет барлық жауапкершілікті өзіне алуы тиіс",- деді Текебаев.

Дереккөз: Centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511