Азамат Қырықбаев. Саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларына шолу
Парламенттік сайлау науқаны Қазақстанның партиялық-саяси кеңістігін айтарлықтай жандандыра түсті. Жеті бірдей саяси партия таяудағы бес жылдағы Қазақстанның даму болашағын айқындауға қатысты өз ұсыныстарын білдіруге асығуда. Осы бағдарламалардың барлығы 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісі сайлауында конкурстық іріктеуден өткелі жатыр.
Партиялардың сайлауалды тұғырнамаларында бірінші кезекте көзге түсетін басымдықтары қандай?
Ауыл тұрғындарына ғана арналған «Ауыл» партиясының бағдарламасын атамағанда, іс жүзінде партиялық тұғырнамалардың барлығы негізінен сайлаушылардың қалың жігіне бағдар алған.
Сайлауалды бағдарламалардың өзіне тән ерекшеліктеріне қатысты мыналарды атап көрсетуге болады.
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы жалдамалы жұмысшылардан бастап бизнес-элитаға дейін сайлаушылардың кең ауқымының әлеуметтік мүдделерін қамтиды.
«Нұр Отан» партиясының бағдарламасында әлеуметтік сала мәселелерін шешуге ерекше назар аударылған. Бұл арада 2017 жылға қарай Қазақстанның жоғары деңгейлі табысы бар елдер тобына кіруіне қол жеткізуі жөніндегі партияның уәдесі туралы айтып өту жөн.
Парламенттік сайлау науқаны Қазақстанның партиялық-саяси кеңістігін айтарлықтай жандандыра түсті. Жеті бірдей саяси партия таяудағы бес жылдағы Қазақстанның даму болашағын айқындауға қатысты өз ұсыныстарын білдіруге асығуда. Осы бағдарламалардың барлығы 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісі сайлауында конкурстық іріктеуден өткелі жатыр.
Партиялардың сайлауалды тұғырнамаларында бірінші кезекте көзге түсетін басымдықтары қандай?
Ауыл тұрғындарына ғана арналған «Ауыл» партиясының бағдарламасын атамағанда, іс жүзінде партиялық тұғырнамалардың барлығы негізінен сайлаушылардың қалың жігіне бағдар алған.
Сайлауалды бағдарламалардың өзіне тән ерекшеліктеріне қатысты мыналарды атап көрсетуге болады.
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы жалдамалы жұмысшылардан бастап бизнес-элитаға дейін сайлаушылардың кең ауқымының әлеуметтік мүдделерін қамтиды.
«Нұр Отан» партиясының бағдарламасында әлеуметтік сала мәселелерін шешуге ерекше назар аударылған. Бұл арада 2017 жылға қарай Қазақстанның жоғары деңгейлі табысы бар елдер тобына кіруіне қол жеткізуі жөніндегі партияның уәдесі туралы айтып өту жөн.
Экономикалық жаңғыртуда үдемелі индустрияландыруға үлкен сенім артылып отыр, ол экономика саласымен қатар әлеуметтік проблемаларды да шешетін тиімді құралға айналуы тиіс. Сондай-ақ мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндіктер туатыны да аса маңызды.
Тұтастай алғанда бағдарлама нақты қол жеткізуге мүмкін көрсеткіштерге қаныққан. Дәл осы көрсеткіштер бойынша бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігін бағалау тіпті ауырға түспейтіні сөзсіз.
Құжаттың кемшіл тұстары жайлы айтатын болсақ, бағдарламада саяси реформаларды іске асырудың нақты жолдары белгіленбеген, яғни осы бағытта жүргізілетін жұмыс жоспары барынша нақтылауды талап етеді.
Өздерін Елбасының жақтастары ретінде жариялаған Патриоттар партиясының бағдарламасында президенттік стратегиялық бағыттың басымдықтары анық байқалады. Патриоттар тұғырнамасының көптеген ережелері жалпылама мәлімдемелер мен партияның жалпы адамзаттық құндылықтарға деген адалдығы туралы пайымдаулардан құралған.
Бұл ретте аталған тұғырнамада партия алдағы уақытта қол жеткізуді жоспарлап отырған нақты сандық көрсеткіштер жоқ. Ал партия жетекшісі Ғани Қасымовтың соңғы президенттік сайлаудағы жеке бағдарламасында саяси реформалау жөніндегі ұсыныстары бұдан әлдеқайда тартымды болғаны анық.
Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаушысы, оң либералды
«Ақ жол» партиясы жұмыс берушілерге емес, жалдамалы жұмысшыларға баса назар аударады. Бұл тұрғыда партия өзінің басты электораты - отандық кәсіпкерлердің мұқтаждықтарына лайықты деңгейде жауап бермейді.
«Ақ жолдың» бағдарламасында сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді күрт ұлғайту және бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы ұсыныстары өте көп. Алайда, ақжолдықтар жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды көздейтін бюджетті толықтырудың перспективалық жолдары туралы мүлдем ұсыныс берген жоқ.
Құжаттың тағы бір олқылығы - ақжолдықтардың тұжырымдамасында саяси жаңғыртудың өзекті проблемалары, ұлттық саясат пен мемлекеттік тілді дамыту перспективалары көрініс таппаған.
ЖСДП бағдарламасы саяси жүйені дамытудың ықтимал жолдары барынша нақты көрсетілген бағдарламалардың бірі. Онда әлеуметтік мәселелерді шешуге де көбірек назар аударылған.
Сонымен бірге, социал-демократтардың бірқатар ұсыныстары айтарлықтай күмән туғызады. Біріншіден, олар жаңғырту мен әлеуметтік саясатқа жұмсалатын барлық шығындарды жабуға тиіс еліміздің өндіруші кәсіпорындарын жаппай ұлт меншігіне алуды ұсынды. Бұндай қадамдардың әсерінен Қазақстанға құйылатын шетелдік капитал тоқтап, сондай-ақ еліміздің әлемнің жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасын күрделендіре түсетіні анық. Бұл ретте қолайсыз сыртқы саяси жағдайда Қазақстанның болуы ықтимал әлемдік дағдарысқа төтеп беруі екіталай.
Қарапайым мысал. Егер біз ресейлік немесе қытайлық компанияларға тиесілі активтерді күштеп тартып алатын болсақ, онда бұл елдердің үкіметтері соған барабар шаралар қолдануы әбден мүмкін. Ресей қазақстандық мұнайды ресей аумағы арқылы тасымалдауға кедергі келтіре бастайды. Қытай болса, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры арқылы келетін қазақстандық мұнайдан бас тартуы және оның орнын Сібірдегі ресей мұнайы есебінен толықтыруы мүмкін. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласын дағдарысқа әкеледі.
Оның үстіне, социал-демократтар ауыл шаруашылығына арналған жерлерге жеке меншікті жоюды, меншік иелерінен оларды қайтарып алуды, ал одан кейін оны ауыл тұрғындарына қайтадан мерзімсіз пайдалануға бөліп беруді ұсынады. Мемлекет атынан жеке меншіктегі дүниені күшпен тартып алуды ешқандай ізгі ниетпен ақтауға болмайды. Мұндай шаралар ауылдық өңірлерде әлеуметтік қана емес, сонымен бірге саяси кикілжіңнің туындауына тікелей себепші болатыны сөзсіз.
Халықтық коммунистер социал-демократтар сияқты өздерінің бағдарламасында өндіруші өнеркәсіп пен экономиканың басқа да базалық салаларын ұлт меншігіне алуды ұсынады. Мұндай ұсыныстың саяси салдары туралы жоғарыда айтып өттік.
ҚКХП-ның егістіктерден алынатын азық-түлік өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізу нормативтері туралы ұсынысы да күдік туғызады. Бұл бастама азық-түлік бағасын төмендету ниетінен туындап отырғаны түсінікті. Алайда істің байыбына барсақ, мемлекет өзінің бақылауында болатын сауда жүйесін құрып, тағамдық азық-түлік өндірісінің көлемін қатаң бақылауда ұстауына тура келеді.
Мемлекеттік сауда мен ауыл шаруашылығына жаппай әкімшілік бақылау жүйесі кеңестік тәжірибеде-ақ өзінің тиімсіздігін көрсеткен болатын. Сондықтан оған қайта оралудың қажеті жоқ.
Социал-демократиялық «Ауыл» партиясы бағдарламасының үлкен бөлігі ауылды дамытуға бағытталған. Бұл орайда партиялықтардың ұсыныстарында қандай да уәде берудегі сақтылық байқалады. Мәселен, жер мәселесінің өзінде «Ауыл» туындаған проблемалар туралы мәлімдейді. Алайда оны жерге деген жеке меншікті жою есебінен шешуді ұсынбай, өз мойынына шаруалардың құқықтарын қорғау, жерді әділеттікпен бөлуге қол жеткізу міндеттемелерін алады. Ауылдықтардың селоны дамыту үшін жыл сайын 1 млрд. долларға дейін қаржы жұмсау туралы ұсынысын атап өтуге болады.
«Әділет» партиясының тұғырнамасы саяси жаңғырту, әлеуметтік саясат және басқа салаларға қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстарға толы. Және бұл шаралардың көпшілігі электораттың қолдауына ие болуы әбден мүмкін деген ойдамыз. Бұл тұрғыда әділеттіктер өздерінің болашақтағы парламенттік өкілдіктері туралы мәселеге өте байыптылықпен келіп, сайлаушыларға құқықтық реформа саласындағы нақты ұсыныстарын жариялап отыр.
Әділеттік бағдарлама да әлеуметтік саланы айтарлықтай нығайтуды көздейді, бірақ та ол «Ауқымды әлеуметтік саясат қандай қаражат есебінен жүзеге асырылады?» деген сұраққа жауап бере алмайды.
Қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауға болады. Оппозияциялық партиялардың ауқымды жұмысын ескере отырып, алайда олардың басты кемшіл тұсы жайлы айта кеткеніміз жөн. Партиялардың көпшілігі өздерінің сайлауалды бағдарламаларында өз мойнына шамадан тыс міндеттемелер алып, оларды іске асырудың қаржылай қамтамасыз етілуін түпкілікті ойластырмағаны үлкен қателік. Ал «Нұр Отан» партиясы сайлаушыларына тек қана өзі іске асыруға мүмкіндігі жететін уәделер беріп, елдің алдағы 5 жылда үдемелі индустрияландыру бағытына барынша күш салатынын мәлімдеуде. Және осы тұрғыдан алғанда, билік партиясы - «Нұр Отанның» нақты ұсыныстары мен жоспарлары сайлаушылардың алдында ұтымдырақ болып көрінетіні анық.