Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3004 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 05:48

«Степендиядан бас тартқан жоқпыз!..»

Кеше  Алматыда бір топ өнер және мәдениет қайраткерлеріне Елбасы президент степендиясын тапсырған болатын. Президент степендиясын   Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Асанәлі Әшімов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ,  Фариза Оңғарсынова, Меруерт Өтекешова, Зәмзәгүл Шәріпова, Гүлнәр Досматова, Юрий Аравин, Анатолий Молодов, Нұртас Исабаев, Сәкен Иманасов, Тұрсынжан Шапай қатарлы әдебиет және өнер майталмандары иеленді. Бұл турасында ресми ақпарат көздері де, еркін хабар тарататын бұқаралық құралдар да жарысы жазып, жалпақ жұртқа жария еткен-ді. Былай қарағанда   айта қаларлықтай жаңалық немесе оқиға емес. Жылдағы дәстүр: өнерге, мәдениетке, әдебиетке үзбей үлес қосып келе жатқан гуманитарлық саладағы туындыгерлер осылайша Елбасының қолынан қаржылай сый-сыяпат алуда.  Алайда, биыл әлгі  сый-сыяпаттың соңынан «сығырайып» сөз ерді. Ел аузындағы гу-гу әңгімеге құлақ түрсек, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың сахибы Қалихан Ысқақ  президент степендиясынан бас тартыпты-мыс. Іле-шала Шерхан Мұртаза мен Әкім Тарази де Қалағаңның «қаһармандығын» қайталапты-мыс. Басқа жақты қайдам, Алматының әрнеге елеңдеп, құлағын түрік ұстайтын жұрты «жыртылып» жатыр: «алалай да бұлалай», «тастап кетіпті», «лақтырып кетіпті» деп. Бұндай жел сөз бір тұрып алса, тоқтамайды.

Кеше  Алматыда бір топ өнер және мәдениет қайраткерлеріне Елбасы президент степендиясын тапсырған болатын. Президент степендиясын   Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Асанәлі Әшімов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ,  Фариза Оңғарсынова, Меруерт Өтекешова, Зәмзәгүл Шәріпова, Гүлнәр Досматова, Юрий Аравин, Анатолий Молодов, Нұртас Исабаев, Сәкен Иманасов, Тұрсынжан Шапай қатарлы әдебиет және өнер майталмандары иеленді. Бұл турасында ресми ақпарат көздері де, еркін хабар тарататын бұқаралық құралдар да жарысы жазып, жалпақ жұртқа жария еткен-ді. Былай қарағанда   айта қаларлықтай жаңалық немесе оқиға емес. Жылдағы дәстүр: өнерге, мәдениетке, әдебиетке үзбей үлес қосып келе жатқан гуманитарлық саладағы туындыгерлер осылайша Елбасының қолынан қаржылай сый-сыяпат алуда.  Алайда, биыл әлгі  сый-сыяпаттың соңынан «сығырайып» сөз ерді. Ел аузындағы гу-гу әңгімеге құлақ түрсек, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың сахибы Қалихан Ысқақ  президент степендиясынан бас тартыпты-мыс. Іле-шала Шерхан Мұртаза мен Әкім Тарази де Қалағаңның «қаһармандығын» қайталапты-мыс. Басқа жақты қайдам, Алматының әрнеге елеңдеп, құлағын түрік ұстайтын жұрты «жыртылып» жатыр: «алалай да бұлалай», «тастап кетіпті», «лақтырып кетіпті» деп. Бұндай жел сөз бір тұрып алса, тоқтамайды. Сондықтан аталған қаламгерлерге қоңырау шалуға тура келді (ескерту: бұл арада біз әйгілі қаламгер ағаларымызды алып-қашты сөзге қалдыра бермей мәселенің анық-қанығын біліп, елге шынайы ақпарат жеткізуді ғана мақсат тұттық).

Алдымен Қалихан Ысқақтың үйіндегі телефонды безілдеттік. Апамыз алды. Кім екенімізді сұрады. Біз жайымызды мәлім еткенше, тұтқаны Қалекеңнің қолына ұстатты.

- Аға, ассалаумағалайкум! Бұл «Абай.кз» деген сайттан хабарласып жатқан  інілеріңіз ғой. Мына жұрт «Сіз, Әкім Тарази,  Шерхан Мұртаза үшеуіңіз президент степендиясынан бас тартыпты» деп шулауда. Соның анық-қанығына жетейік деп едік. Рас па, аға?

(Қалағамыз алдымен қоңыр үнімен аз-кем ыңыранып алды. Сосын жадырап күлді. Күлді де былай деді):

- Ой, біз мәлкілдеген шалдар, ақшадан бас тартпаймыз ғой. Ол өтірік сөз. Бекер сөз.

- Рахмет, аға.

Сосын Әкім Таразидің қалта телефонының нөмерін тауып алып теріп жіберіп, бастық. «Ассалаумағалайкум!» дедік. «Әліксалам!» деді. Айтып жатырмыз осылай да осылай деп. Әкім аға «Абай.кз» дегенді алғаш естіп тұрса керек, «қандай кейзет?» деп сұрады. Айттық: А-бай. Абай.кейзет.оптимизация сайта

- Ііің

Аға, не степендиядан бас тартқансыздар ма?

- Оны кім айтып жүр?

- Ел, қала берді интернет.

- Жоқ, өтірік сөз. Мыналарың ұят болады. Мен өзім денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмай қалдым. Бірақ, осында келіп бір тілшілер сұхбат алып кетті ғой. Соларға айтқанмын.

- Е-е, жарайды, аға. Қауестке сіздердің өз сөздеріңізбен тоқтау қоймасақ білесіз ғой, «Самарқанды су алып кете береді».

(Аздан соң Әкім ағамыздың өзі қоңыраулатты):

- Әй, сендер әлгі сөзді қайдан шығарып жүрсіңдер? Мен интернетті ашып отырмын. Ондай сөз жоқ қой?!.

- Сіз қай сайтты қарап отырсыз («қай интернетті?» -деп сұрадық Әкім ағаға түсінікті болу үші)?

- «Қазақстанды».

- А-а, «Қазақстанда» жалпы ондай жеңіл желпі сөздерге орын тимейді. Модераторы өте қатал.

- Сен өзі кімсің?

Біз тағы да жалпылдап жай-жапсарымызды айтып шықтық. Абай.кейзет деген порталдан хабарласып тұрмыз, аға. А-бай кейзет. Кәдімгі Абай ше, Абай Құнанбаев.

- Мыналарың ұят болды. Ондай сөз болған емес! (деп Әкім ағамыз қалтателефонын қайырып жаба салды) Біз Әкім ағаға «Сіздерді   алып-қашты сөзге қалдырмай, мәселенің анық-қанығын біліп, елге шынайы ақпарат жеткізуді мақсат тұттық» дегенді айтып үлгермедік.

Шерхан Мұртаза ақсақал «байланыс аясынан тыс жерде болғандықтан» тілдесе алмадық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588