Сенбі, 2 Қараша 2024
Дат 11334 26 пікір 19 Қазан, 2020 сағат 16:49

Президентке ашық хат!

Қазақстан Республикасы Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға 

ӨТІНІШ

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біздің замандастарымыздың бірнеше ғасыр бойы егемен елдікті аңсап өткен өз ата-бабаларынан бір артықшылығы – Ұлы Тәуелсіздік кезеңінде өмір сүруі. 

Біз 1991 жылдан бері  астанасы, шекарасы белгіленіп бекітілген, Ата заңы,  мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны қабылданған, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қоғам құрған біртұтас тәуелсіз ел   ретінде дүние жүзіне танылдық. 

Солай бола тұра, күні бүгінге дейін Қазақстанның  кейбір қалаларында тәу етер жалғыз киеміз Тәуелсіздіктің құрметіне ескерткіш орнатылмаған. Біздің Павлодар облысының орталығында да Ұлы Тәуелсіздікті әспеттер ескерткіш жоқ.  

Сізден келесі 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Ел Тәуелсіздігі мүсіндеме өнерінде көрініс таппаған  қалаларының барлығында Тәуелсіздік монументінің  орнатылуына ықпал етуіңізді өтінеміз.

Өзіңізге деген құрметпен, Павлодар облысының зиялы қауым өкілдері:

Арман ҚАНИ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

Жұмағали ҚОҒАБАЙ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы; 

Ақын АЛАҚАНҰЛЫ, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының және Моңғолия Жазушылар одағының  мүшесі, Аққу ауданының Құрметті азаматы; 

Сайлау БАЙБОСЫН, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы; 

Жанаргүл  ҚАДЫРОВА, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының   мүшесі; 

Асыл ӘБІШ, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі;

Айбек ОРАЛХАН, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі;

Еламан ҚАБДЫЛӘШІМ, ақын, журналист;

Асығат ТҰРҒАНБЕК, айтыскер ақын; 

Қуаныш ШАРМАНОВ, айтыскер ақын; 

Бейбіт БӨЖЕН, айтыскер ақын; 

Бейсенбі МҰҚАЖАНОВ, айтыскер ақын;  

Даниал ӘСЕНОВ, Абай, Шәкәрім шығармаларын көркем оқу шебері;  

Жұмасейіт ҚОҒАБАЙҰЛЫ, Еңбек ардагері, профессор, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан  Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері; 

Социал ӘЙТЕНОВ, Қазақстанның Құрметті журналисі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы Басқармасының төрағасы;

Жарқынбек АМАНТАЙ,  ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар  облыстық филиалының директоры;

Өсербай ШОРАНОВ, суретші, ҚР көркемсурет академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан Суретшілер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы;   

Бақытжамал МАКСИЛОВА, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің, ҚХА Аналар кеңесінің Павлодар облысы бойынша   төрайымы,  Құрмет орденінің иегері; 

Жеңіс МАНАНБАЕВ, тарих  ғылымдарының кандидаты,  профессор, журналистика ардагері; 

Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор; 

Айман ЗЕЙНУЛЛИНА, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ЖАК доценті, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондет-мүшесі, Ы. Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,   Құрмет орденінің иегері,  желтоқсаншы; 

Ырысгүл ШАКАМАН, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалының иегері,  желтоқсаншы; 

Бейбіт ШӘНІМ, актер,  Қазақстанның мәдениет қайраткері, желтоқсаншы; 

Амантай ҚҰДАБАЕВ, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Құрмет орденінің иегері, желтоқсаншы; 

Амантай ТОЙШЫБАЙ, журналист, филология ғылымдарының кандидаты; 

Ануар ИГЕМБАЕВ, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркемсурет академиясының академигі, «ҚР Мәдениет саласының үздігі»  белгісінің иегері;   

Баян ҚАЙНЫШЕВА, суретші, мүсінші;

Қуандық БАЯЗИТ, Құрметті теміржолшы, қолөнер шебері.

Қайролла КӘЖЕНОВ, өлкетанушы, шежіреші, қоғам белсендісі; 

Жәнібек МӘЛІКОВ, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері,

Махмет ДЕМЕСІНОВ, еңбек ардагері,  Павлодар қаласының Құрметті азаматы;  

Светлана ҚОНДЫКЕРОВА, Еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, қоғам белсендісі; 

Қабдырахман СЕЙІЛҒАЗИН, қоғам белсендісі; 

Қанатбек НӘБИЕВ, қоғам белсендісі. 

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 291
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 439
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 301