Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3229 0 пікір 13 Қаңтар, 2012 сағат 05:18

Өміржан Әбдіхалықұлы. Саудабаевтың саудасы бітті!

ХХ ғасырдың басы. Желдібай Жындыбаев:

«Менің командировкаға шыққаным жалғыз бұл емес, талай тығыз науқандарды  дүрілдетіп орындап шыққан көкеңмін, нақа болмай бара жатса, мәселені қабырғасынан қойып жіберуден де тайынбаймыз».(Бейімбет Майлин. «Желдібай Жындыбаев», әңгіме)

ХХI ғасырдың басы. Қанат Саудабаев:

«Давай, давай» (http://old.abai.kz/content/sausagyn-bezegen-saudabaevty-orazalin-ornyna-koidy. «Саусағын безеген Саудабаевты Оразалин орнына қойды»)

Сосын тағы да былай дегені бар:

ХХ ғасырдың басы. Желдібай Жындыбаев:

«Менің командировкаға шыққаным жалғыз бұл емес, талай тығыз науқандарды  дүрілдетіп орындап шыққан көкеңмін, нақа болмай бара жатса, мәселені қабырғасынан қойып жіберуден де тайынбаймыз».(Бейімбет Майлин. «Желдібай Жындыбаев», әңгіме)

ХХI ғасырдың басы. Қанат Саудабаев:

«Давай, давай» (http://old.abai.kz/content/sausagyn-bezegen-saudabaevty-orazalin-ornyna-koidy. «Саусағын безеген Саудабаевты Оразалин орнына қойды»)

Сосын тағы да былай дегені бар:

«Мен осы рухани саласында 68 жылдан бері қолымнан келгенше еңбек жасап келемін. Осы көп қазір қазақтың тіліне, қазақ халқына жылаушылардың, жылаушылардан кем еңбек жасаған жоқпын, жасамаймын да. Сіздер осы ия, бір дауыс естілмеген кезде біз бұл мәселелермен шұғылданған адамбыз. Міні Әбекең отыр, Қуаныш Сұлтанович отыр осы жерде, екеуі де ағам, менің әріптестерім. Бүгін осы қайбір жігіттер асыра сілтегенде менің денім дүршігеді. Сонда солар Нұрсұлтан Назарбаевтан көп жасады ма осы қазақ халқына. Сіздер кеше біз қай жерде болғанымызды осындай жігіттер неге ұмытады. Неге бұны, ия, саудаға салады, саяси саудаға. Біз кеше, кеше ғана тәуелсіздік алдында мына сіз заведующий, і-і-і ия, мәдениет бөлменің меңгерушісі, отыратынбыз, санап отыратынбыз қазақ нөмірін қанша қосамыз концертке, қанша, ия, қазақша сөйлету болады. Соның кезінде біз жас жігіттерміз, ағаларымызға ренжи тұғынбыз. Осылар-ақ бәрін таразыға салып құртатын болды деп. Сол кезде мен сіздерге айтайын, 86-шы жылы сол біраз ағайындар өшіретке тұрған қол қоямыз деп - осы қазақтың жастары мынау ұлттық неге кетіп қалды деп. «Правдаға» біз хат жазамыз, ЦК-ға хат жазамыз, сол жерде өшіретке тұрған, ойбай мені ұмытып кетпеңдер, меніңде қолымды қойып хатқа, аты-жөнімді жазыңдар деген. Солардың біраздары қазір, ия, сол тәуелсіздік алғаннан кейін, ия, ойбай біз жанашыр боп шықтық. Мен осындай әділетсіздікке қарсымын. Құдайға шүкір, осындай қиын кезеңде, қазақ халқының осындай перзенті болған Нұрслтан Нахарбаевтай. 38 процент қазақ еді біз тәуелсіздік алғанда. Қайда болар едік осы, ия, осындай пікірге біз қосылсақ. Кім осы жауапкершілікке айтар еді. Әй мен қазір, мынау, мемлекеттік хатшы ретінде емес, осы қазақтың бір ұлы ретінде айтып отырмын бұл мәселені. Поэтому әр сөздің бағасы болу керек, әр сөзге жауапты болуымыз керек, жігіттер». (http://old.abai.kz/content/kanat-saudabaev-men-zhylaushylardan-kem-enbek-zhasagan-zhokpyn )

«Товарищ Жындыбаев, бұл серьезный науқан, мұның политический значениесі бар. Так что мен сенемін, бұл науқанды провалит» етпессіз».

Өткен ғасырдың басындағы белсенді Желдібайдың қызу саяси науқан кезіндегі қызметі осылай басталған.

Әлбетте, арада бір ғасыр өтті демесеңіз, біздің кейіпкеріміз Қанат Бекмырзаұлының саясат сахнасында жүрген ұзақ жылдардан бері көзге түсіп, Қазақстанды былай қойып, дүниенің назарына шалынған уақыты да қызу саяси науқанға - Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық еткен жылымен сәйкес келмесі бар ма. Билік Қанат мырзаға: «Товарищ Саудабаев, бұл серьезный науқан, мұның политический значениесі бар. Так что мен сенемін, бұл науқанды провалит» етпессіз» дегенін Саудабаев мырзаның ұйымға төрағалық еткен жылғы суыт жүрісінен, терлік терлетіп дүниені шарлап, ала ұшақпен алқара көк аспанда ары-бері ұшқанынан-ақ, аңғарғанбыз. Қашанғы ұша берсін, қазір жерге түсті.

Билік барын шашып, байлығын көрсетіп, өткізген ОБСЕ-ге төрағалық еткен жылы «политический значениесі» бар шаруаның екі тізгін бір шылбырын Саудабаевтың қолына бекер сеніп тапсырған жоқ. Өйткені, оның «талай тығыз науқандарды да дүрілдетіп орындап шыққан көке» екенін тіпті болмай бара жатса, «мәселені қабырғасынан қойып жіберуден де тайынбайтынын» білді.

Рас, тайынбайды. Оны көрдік. Көрдік те көзімізді жұмып, аузымызды аштық. ОБСЕ-нің Қазақстандағы шоуын дүркіретіп өткізіп, мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі деген екі бірдей жоғарғы лауазымды қызметті қоса атқарды. Атқаратын жөні бар, талай жыл елші болып, ел кезіп жырақта жүрген Саудабаев саясатсырап қалған еді. «Политический значениесі» бар жұмысты «провалит» етпеді. Содан да болса керек, Саудабаевтың ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болып шыға келді. Бұ кісінің бұлай болатыны - бұрыннан бергі бас идеолог ретінде тер төгіп жүрген «қызметі» де  шелекке отырғызған гүлдей тамыр жая алмаса да, гүлденген түр танытып тұр еді: «Әлем діндерін біріктіру», «Көпұлтты, көпдінді, көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан», «Қазақ тілі мен қазақ мәселесін шешуде асықпау» бас идеологтың «игі бастамалары» осылай жалғасы береді. Басында бәрі Бәйтеректей әдемі әрі «...ендеше, мені сұрамай-ақ қой. Мен -  Саудабаевпын. «Товарыш Саудабаев» десең осы елдің баласына шейін біледі», дегендей кез болды. Әрине, халық бұл іс пен оны қиыстырып жүрген жанды көрді де Биағаңның, Бейімбет Майлиннің сөзімен келтірсек: «Шал үндемеді. «Толып жатқан жындының бірі екен» деп ішінен ойлады да, атын шаужайлап, тепектеп жүре берді...».

Сөйтіп, науқанды науқанға соғып, «елім» деп  жүріп: «Ел бірлігі доктринасын» да дүниеге әкелді. Саудабаевтың «сұңғыла ойына» сүңги алмаған бұқара оның әдемі қиялынан туған дүниесін быт-шыт қылды. Осыдан кейін-ақ, Саудабаевтың қызып тұрған саудасынан сән де, мән де кете бастады. Іле-шала  балағына жармасып бір елі қалмай, елестей болып алған «мемлекеттік тіл» мәселесі тағы шықты. Содан бас идеолог жасаған «жасампаз» саяси жобалар желге ұша бастады. Көпдінділік кесірлі болып шығып, айдың, күннің аманында сақалдылар сатырлатып мемлекетпен атысып, «көпдінділіктің» күлін көкке ұшырды. «Халықтары достығы» десе қабырғасы қайысып, қайғы беріп, қайғы алатын Қанат мырзаның «көпұлтты» саяси дүниесінің де көбесі сөгіле берді. Құр атынан басқаның бәрі құмға айналды. Қазақтардың қарқыны жыл санап артып келе жатқанынан мемлекеттік хатшы қорқып, қауіп қылатын еді. Ақыры, онысы расқа шықты. Астананың шыны үйлері сияқты сырты сұлу әрі үрейлі көрінетін идеолог Саудабаевтың тұрғызған Бәйтерегі быт-шыт болды. «Политический значениесі» бар науқандар мен мемлекеттік ірі істердің тұтқасын ұстап, «Бұқабай айтсын, Бұқабай сөйлесін» деген сықылды, бас болып жүрген шақтар алыстап барады Бекмырзаның ұлынан. Себебі, Саудабаевтың саудасы бітті. Қазір көп көзіне түспей, көлеңкеде отыр. Жаңа талаптар, жаңа ұрандар, жаңа буын бас көтеріп жатыр. Бұлқынып жатыр. Саудабаевтың саудасына сенген бастығы да, сырластары да сырт айнала бастады. Екі араны ескі таныстық, көңіл қимастық қана жалғап тұр. Ол да бір күні үзілер...

Р.S.

Өткен жылы-ау деймін, цирк өнерімен айналысатын бір жас жігіт «Дат» газетіне берген сұхбатында «Қазақстанда цирк өнері қараусыз қалды. Мүмкіндік болса, шетелге кетемін», дегенін оқып едім. Рас екен. Ресейлік цирктің ай сайын Алматыға гастролмен келіп жатқанын жарнамадан күнде көремін. Жас жігіттің сөзінің шынында да жаны бар. Қазақстанның цирк өнерінің барша майталмандары, бас өнерпазы, сайқымазақтарымен (клоун) бірге бүтін бір елдің саяси сахнасында жүрсе, елдегі шын цирк өнері қараусыз қалмағанда қайтеді. Бірақ, өнерін дамытып, жұртқа паш ету үшін жас жігіт шетелге кетсе, түсінеміз. Ал, Саудабаев жат жұртқа қарай жылыстаса не дейміз?

Айтпақшы, қазақ тіліндегі ашық википедияда Қанат Саудабаевтың діни көзқарасы деген тұста мынадай сөйлем тұр: «Құдай - ешкім көрмейтін, естімейтін, білмейтін кездерде адамға жаманшылық істеуге жол бермейтін ұлы Күш». Солай болғанына һәм болатынына сенгізім келеді, хатшы мырза.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608