Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3825 1 пікір 23 Қазан, 2020 сағат 12:33

«Туымды мақтан етемін» - қазақстандықтар жаңа акция бастады

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшаларына Мемлекеттік Тудың аясындағы фотосуреттерін жариялап, ерекше акция бастады.

«Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен азаматтар әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр. Facebook, Instagram желілерімен қатар YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда. Қолданушылардың бірі арнайы видео әзірлесе, енді бірі өлең-жыр арнап, үн қосқан.

«Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім», - деп жыр арнаған қолданушылардың бірі.

Түпнұсқа: ҚазАқпарат

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141