Сенбі, 23 Қараша 2024
2765 2 пікір 23 Қазан, 2020 сағат 12:35

Беларусь: наразылықтар террорлық қатерге айналып барады

Беларусь ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми өкілі Ольга Чемоданова елдегі "наразылықтар террорлық қауіпке айналып жатқанын" мәлімдеді.

Чемоданова Телеграм-каналындағы мәлімдемесінде бұған Жодино және Солигорск қалаларындағы мемлекеттік ғимараттарға өрт қою әрекеттері мысал екенін айтты.

"Кешегі наразылықтар террорлық қауіпке айналды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері біреуін де жәй қалдырмайды, қылмыстың бетін ашу үшін барлық шараларды қолданады", - деді ІІМ ресми өкілі.

Бір күн бұрын Жодино қаласында жергілікті прокуратура ғимараты есігін өртеген 31 жастағы тұрғын қамалды. ІІМ жариялаған видеода ол 8 қазанға қараған түні "ғимараттың кіре берісінде бензин құйылған бөтелкеге от қойғанын" айтқан.

"Мұндай әрекетке радикалдануға шақырып жатқан телеграм-каналдарды оқып алып бардым. Ойланбай әрекет еттім, қазір өкінемін. Адамдарға ойланбастан мұндай әрекетке бармаңдар, жақындарыңды ойлаңдар деп айтқым келеді", - деді ол.

Полиция мәліметіне қарағанда, 21 қазанда Солигорск қаласында аудандық прокуратура ғимаратының алдында тоқтап тұрған төрт көлік өртенген. Елдің Тергеу комитеті бұл факты бойынша қылмыстық іс қозғады.

Беларусьта 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін алтыншы рет Александр Лукашенко жеңіске жеткені жарияланғаннан кейін наразылық акциялар жалғасып жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379