Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2635 0 пікір 16 Қаңтар, 2012 сағат 05:23

Серік Ақсұңраұлы. «Димаш патша көтерген шаңырақ бұл...»

1970 жылдары Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев Қарқаралыға келдi. Иiсi түркi жұртынан Саяси Бюроның мүшесi болып, ұлы державаның саусақпен санарлық көсем­дердiң бiрiне һәм бiрегейiне айналған адамның атақ-даңқы аңыз болып тұрған заман-ды. "Жақсыны көрмек үшiн" демекшi, Қарқаралы сол күнi Сарыарқаға Алатау көшiп келгендей дүрлiгiп кеттi. Еңбектеген баладан, еңкейген кәрi-құртаңға дейiн көшеде. Басы жұмыр пенде баласына ұлтының бiр туар ұлының ғазиз дидарын бiр көрудiң өзi бiр мәртебе екенiне көз сонда жеттi. Асқар таудай Азамат екен! Алла сүйген құлын осылайша артық жаратады. Эпос­тағы Еңсегей бойлы Ер Есiм де осындай-ақ болар. Халқының қасиетiне жеткен мұндай iрi тұлғалардың болмыс-бiтiм, дидар-келбетiн он бесiншi ғасырдағы Қазтуған жырау ғана жерiне жеткiзе айтқан: "Бұдырайған екi шекелi, Мұздай үлкен көбелi, Қары ұнымы сұлтандайын жүрiстi, Айдаса - қойдың көсемi, Сөйлесе - қызыл тiлдiң шешенi, Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы, Қалайылаған қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесi, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлыт болған Айды аш­қан, Мұнар болған Күндi ашқан, Мұсылман мен кәуiрдiң Арасын өтiп бұзып дiндi ашқан" адамзаттың асылы екен!

Қарқаралыда гу-гу әңгiме: сол жолы Димекеңнiң қолын ұстауға жарап қалған бiреу бiр-екi айдай қолын жумай қойыпты.

- Мұныңыз не?! - дейдi ғой бiреу таңсық көрiп.

1970 жылдары Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев Қарқаралыға келдi. Иiсi түркi жұртынан Саяси Бюроның мүшесi болып, ұлы державаның саусақпен санарлық көсем­дердiң бiрiне һәм бiрегейiне айналған адамның атақ-даңқы аңыз болып тұрған заман-ды. "Жақсыны көрмек үшiн" демекшi, Қарқаралы сол күнi Сарыарқаға Алатау көшiп келгендей дүрлiгiп кеттi. Еңбектеген баладан, еңкейген кәрi-құртаңға дейiн көшеде. Басы жұмыр пенде баласына ұлтының бiр туар ұлының ғазиз дидарын бiр көрудiң өзi бiр мәртебе екенiне көз сонда жеттi. Асқар таудай Азамат екен! Алла сүйген құлын осылайша артық жаратады. Эпос­тағы Еңсегей бойлы Ер Есiм де осындай-ақ болар. Халқының қасиетiне жеткен мұндай iрi тұлғалардың болмыс-бiтiм, дидар-келбетiн он бесiншi ғасырдағы Қазтуған жырау ғана жерiне жеткiзе айтқан: "Бұдырайған екi шекелi, Мұздай үлкен көбелi, Қары ұнымы сұлтандайын жүрiстi, Айдаса - қойдың көсемi, Сөйлесе - қызыл тiлдiң шешенi, Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы, Қалайылаған қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесi, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлыт болған Айды аш­қан, Мұнар болған Күндi ашқан, Мұсылман мен кәуiрдiң Арасын өтiп бұзып дiндi ашқан" адамзаттың асылы екен!

Қарқаралыда гу-гу әңгiме: сол жолы Димекеңнiң қолын ұстауға жарап қалған бiреу бiр-екi айдай қолын жумай қойыпты.

- Мұныңыз не?! - дейдi ғой бiреу таңсық көрiп.

- Мен тектiнiң қолын ұстадым, жусам киесi кетiп қалады ғой! - дейтiн көрiнедi Қарқаралының ырымшыл қазағы.

Бiз ол кiсiнiң қолын ұстай алмай қалдық. Көптiң көретiн қызығынан ылғи шет қақпай қалып жүретiн тiрлiгiмiз ғой баяғы. Қалың тобырдың арасында тұрып, оның таудай тұлғасына сырттай тәнтi болып, соның өзiне мәз-мәйрам болып тұрмыз.

Жымиған сәтiн көрдiк. Көзiнен нұр төгiлiп тұрады екен. Анасы - баласын, атасы - немересiн көр­генде тура осылай егiлiп қоя беру­шi едi. Димаш аға елiн көргенде дәл солай елжiреп тұрды.

"Дүниенiң қызығы махаббатпен" дегенде Абай осындай сәттердi айтқан екен ғой. Бiз әлi күнге дейiн Абайдың байыбына бара алмай жатқан жұртпыз. Махаббат деген еркекзат пен әйелзатының арасындағы интимдiк қарым-қатынас деп ойлаймыз. Сөйтсек, онсыз адамзаттың күллi тiршiлiк қаракетi қараң болатын көрiнедi. "Махаббатсыз дүние - дос" (Абай) екен: соның дәлелiн осы күнi күнде көшеден көретiн болдық. Елдiң есiл-дертi - ақша мен алтын, мансап...

Әрбiр ұлт iргелi ел, еңселi жұртқа айналу үшiн бiр-бiрiн асығы мен ғашығына тәнтi болғандай егiле, елжiрей сүюi керек. Тарихтың тағлымы бүгiнде осыған сайып тұр. Димаш аға қазағын анасындай сүйiп, атасындай қадiрледi, баласындай бауырына басып, дарасындай басына көтердi! Оның тұла бойындағы сол таңғажа­йып сезiм мен пайым-парасатты iшiнен терең сезген ел-жұрты да оны Абылайындай ардақтады! Қарқаралыдағы сол дүбiрдегi елiнiң ерiне, ерiнiң елiне деген сүйiспеншiлiгi менiң көз алдымда ұмытылмастай болып қалып қойды.

Димекеңнiң келiп-кетуi Қарқаралыда бiр жыл ұзын сүре әңгiмеге арқау болды.

- Димаш аға не дептi?! - деседi ел аузынан суы ағып.

- Қарқаралыға бес қабат үйдiң керегi қанша? Немене, жер жетпей жатыр ма?! - дептi.

- Тағы не дептi?

- Құнанбай мешiтi қайда?! - дептi!

- Бiздiң бастықтар сонда не дептi?

- Не деушi едi? Бастарын көтере алмай, төмен қарай берiптi...

- Әй, сауап болған екен! - дейдi ел мәз-мәйрәм болып.

Сонда Димаш ағаның бетiне қарай алмай, аяғының басынан көзiн ала алмай қойған сол кездегi басшылардың бiразы бүгiнде ауыл-ауылда молда болып жүр...

Димаш аға сол кездiң өзiнде "Алланың өзi де - рас, сөзi де - рас" екенiн iштей жақсы бiлген екен ғой. Оның осы Қарқаралының тумасы, Әл-Фарабидiң өмiрi мен шығармашылығын зерттеушi Ақжан Машановқа деген ерекше iлтипат-құрметi Алланы танудан туындаған. Түркiстанға барған сайын Әзiрет Әлi құдығына тиын шашуды ырымдағаны да тегiн болмады ғой. Ол Бiрiншi хатшы болса да, бiр Алланың құлы екенiн сол құдайсыз заманның өзiнде терең түйсiнген!

"Көкте - Тәңiрi! Жерде - Түркiлер!" - деген бiздiң ата-бабаларымыз. Бұл - аспанда Алла! Жерде - адамзат! - деген сөз. Алладан ешкiм артық емес! Асқақ та емес! Көкте - Тәңiрi! Жерде - Халық! Халық - Тәңiрiнiң екiншi лақап аты! Димаш аға соны терең зерделеп, ұлы орыстық державаның құрсауында тұрған кер заманда да туған Алашының кеудесiн өркеуде жұрттың аяғына таптатқан жоқ. Қонаевтың заманында түркi тектi Қазақстан КСРО дейтiн 16 одақтас елдiң iшiнде славян тектес Ресей, Беларуссия, Украинамен терезесi тең ұлтқа, ырысы тасыған жұртқа айналды!

Тоталитарлық жүйе кезiндегi таңғаларлық тағы бiр оқиғаны тiлге тиек етпей кетсек, асылық болар: Сталин­нiң айдауында болып, одан партияның ХХ съезiнен кейiн әзер шыққан Алашорданың соңғы, көзi тiрi көсемi, қазақтың алғашқы мате­матигi, Қазақстанның осы күнгi шекарасын белгiлеп берiп кеткен Әлiмхан Ермеков осы Димаш ағаның же­беуiмен Қарағанды политехникалық институтына жұмысқа тұрып, пәле-жаладан аман қалды. Димекең болмағанда, отырса - опақ, тұрса - сопақ болып, көрiнгеннiң көзiне күйiк болар ма едi, қайтер едi...

Ол Алланың сүйген құлы болды. Тәңiрi өзiнiң сүйген құлына ғана осындай азаматтық болмыс-бiтiм, абырой-құрмет, махаббат сезiм сыйлаған. Қолында ел тiзгiнi тұрғанда қазақтың қанатты да, талантты ұлдарын жаттың талауына бермей кеттi! Олжас Сүлейменовтiң "АЗ и Я"-сы шыққан кезде советтiң сұр кардиналы Сусловтың басынан аттап өтiп, генсек Брежневтiң алдындағы беделiмен асау да, албырт ақын бауырын жазалау машинасының шынжыр табанынан жұлып алды.

Димаш ағаның заманында ұлттық руханият - қазақ әде­биетi мен өнерi шырқау шыңға шықты. Сол кезде "Жұл­дыз" журналының таралымы 300 мыңнан асты. Iлияс Есен­берлиннiң "Көш­пендiлер" трилогиясы осы кезде жалғанның жарығына шығып, кеудесiнен нан пiскен ұлы державашыл орыстың көзiн "Күр­сiнгенде - Күн күр­кiреген, Сiлкiнгенде - Жер тiтiреген, Хахақулап жар салғанда - аспандағы бұлттар жерге қонған, Ахахулап ән салғанда - аспандағы құс бiткен көлге қонған; Еңкейгенге - еңкейген, Шалқайғанға - шалқайған; Асқанның орманын отындай өртеген, Тасқанның көлдерiн астаудай төңкерген; Қысқанда - қу ағаштан бу шығарған, Сыққанда - қара тастан су шығарған; Атаңды асықтай атқан, Қарсы келгендi қазықтай қаққан; Алшайып жүрген, Талтайып тұрған" (Темiрхан Медетбек) - Қазақ халқына жалт қаратқан!

Ол бiзден алыстаған сайын, биiктей бередi.

Мен Димаш ағаның кезiндегi Алматыны көрдiм. Таудан аққан асау бұлақтары көшеде сарқырап аққан, адамдық-азаматтық мұрат көзге айқұлақтана шалынған шаһар едi. Алаш елi Шәм­шiнiң әнiмен тербелiп жатқан жұмақ бiр дүниеге сүңгiп кеткенiм әлi есiмде. Бұл 70-жылдар едi. Қарағандыдан Алматыға аяқ артқан мен Ресейден Қазақстанға алғаш келiп тұрғандай алабұртып кетiп ем... Әже­лерiмiздiң Қызыларайдағы ою-өрнектерiн Алматының асқақ ғимараттарынан көргенде арқам шымырлаған...

Дәуiтәлi (Стамбеков) ағам 80-жылдары "Қазақфильм" мөлтек ауданынан пәтер алды. Алматының ару қыздары да - осында. Ақындары да - осында.

Бүгiнде сол Дәуiтәлi көкем жоқ.

Баяғы "Қазақфильм" де жоқ.

Димаш ағам да жоқ...

 

Димаш патша көтерген шаңырақ бұл -

"Қазақфильм" қалайша қаңырап тұр?

Күн сәулесi сүйетiн күндiз, Түнде -

Ай сәулесi аймалап, жамырап бiр.

 

Нөсерлейтiн кезi көп, суланатын,

Ну болатын көшесi, буланатын,

99 пайызы махаббат та,

1 пайызы ғана тек - су болатын!

 

Ақ сәлделi Алатау ар жағында,

Гүл де - мұнда, ақ үлпек қар да - мұнда.

Алматының арқалы ақындары,

Өлең оқып жататын барларында.

 

Дозақтан кеп, Жұмақта кiсi болып,

Сонда бiз де жылқыдай кiсiнедiк.

Өтер тұста Балқаштан оянасың,

Тобылғы түс сырасы түсiңе енiп.

 

Күй күндердi айт сондағы, би күндердi,

Жүректегi жүйткiген иiрiмдердi.

Көрмейдi-ау жұрт сол "Қазақфильмдегi"

Бiздер қойған не қилы  фильмдердi.

 

Жұмақ едi ол заман, Өлең едi

Бөлек едi Қыз Жiбек, Төлегенi.

"Қазақфильм" қыздары Муза болып,

Жебеп едi көкке ала жөнегелi.

 

"Мың бiр түнде" жүргендей  мәртебе асып,

Ауыз да - ашық,

Көйлек те,

Қалта да - ашық,

Кiрiп кетiп ұжмақтың бақшасына,

Шыға алмай қап жүрушi  ек жанталасып.

 

Үй түбiнде шашылған алмалары.

Жұмақ бағы Алматы -

Алла бағы!

Сақал-мұртқа ақ түстi қалай дейсiң,

Өткендi көп ойлаған шал болады...

 

Ойымыз да быт-шыт қой, сөзiмiз де,

Батты ма, әлде, заманның тезi бiзге.

"Қазақфильм" -Бұл да бiр ғажап фильм.

Өте шыққан көрiнiп көзiмiзге...

«Жас Алаш», Жас Алаш №3 (15669) 12 қаңтар, бейсенбі 2012

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608