Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 3176 7 пікір 26 Қазан, 2020 сағат 11:58

Бүгін Беларусьте жалпыұлттық наразылық басталады

Өткен сайлауда Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған Светлана Тихановская бүгін беларусь халқы Лукашенконың отставкаға кетуін талап етіп, көшеге шығатынын мәлімделді.

Ол кеше Telegram каналында:

«Бүгін сағат 23:59-да «Халықтық Ультиматумның» мерзімі аяқталады, егер талаптар орындалмаса, беларусьтар ұлттық ереуілге шығады»,- деп жазды. Бұған дейін ол «Халықтық Ультиматумның» негізінде билікке үш талап қойып, 25 қазанға дейін орындалуын талап еткен болатын.

Тихановскаяның үш талабы:

1. Көшедегі зорлық-зомбылықты толығымен тоқтату;

2. Саяси тұтқындарды босату; 

3. Лукашенканың отставкаға кетуі. 

Аталған талаптар орындалмаған жағдайда 26 қазан күні бүкіл халықтық наразылық болатынын айтқан.

Ал, кеше, 25 қазан күні Минскіде Лукашенко режиміне қарсы наразылық білдіру үшін 200 мыңға жуық адам шеруге шыққан.

«Мен бүгін «Халық Ультиматумының» талаптарымен көшеге шығатын барлық беларусьтықтарды қолдаймын. Мен осы күні халықпен бірге болған ішкі істер органдарының әрбір шенеунігі мен қызметкерін қолдаймын. Біз бәріміз бірге кез-келген режимнен күштіміз. Біз заңды бірге қайтарамыз»,- деді Тихановская.

26 қазанда Беларусьтағы кейбір компаниялар мерзімсіз демалысқа кеткен. Олардың ішінде медициналық орталықтар, дүкендер, интернет-дүкендер, барлар, дәмханалар, тіл мектептері, тренажер залдары, туристік компаниялар, гүл жеткізу қызметтері, дизайн студиялары, сұлулық салондары, техниканы жөндеу бойынша қызмет көрсету орталықтары, бильярд клубтары және шағын базарлар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Светлана Тихановская өткен сайлауда Беларусь президенті Александр Лукашенконың басты оппоненті болған. Ол сайлауды Халықаралық қауымдастық та, Беларусь халқы да мойындамаған. Осыдан кейін Минскі бастаған Беларусьтің ірі қалаларында жалпыхалықтық наразылық акциялары ұйымдастырыла бастаған.

 Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354