Сейсенбі, 1 Желтоқсан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 132348. Жазылғандар — 116863. Қайтыс болғандар — 1990
Дат 893 20 пікір 28 Қазан, 2020 сағат 16:37

Дәрігерлерге өтемақы төленуі керек!

«Ақ жол» депутаттары коронавирус жұқтырған дәрігерлерге төлемдерді жалғастыруды талап етті. Бүгін партия төрағасы Азат Перуашев Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Ағымдағы жылдың 21 қазанында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруына шалдыққан медицина қызметкерлеріне төленетін төлемдердің тоқтатылатыны жөнінде мәлімдеді.

Вице-министр Марат Шоранов мәлімдегендей «бұл сақтандыру жағдайы емес, бұл ТЖ мен карантин кезеңінде қауіпті тәуекел үшін біржолғы төлемдер болатын. Қазір ауруханалар шамадан тыс жүктелмейді, дәрігерлер арасында өлім қауіпі нөлге дейін төмендеді» - деді.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер мен медбикелердің инфекцияны жұқтыруы орын алған жағдайда, оларды кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар есебінен қолдау шараларын қарастыруды ұсынады.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау министрлігінің осы шешімінен тура екі апта бұрын Президент Қ.Тоқаев коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте «дәрігерлер - біздің басты байлығымыз және олар өз ақшаларын сұрамауы тиіс» деп, оларға «сандармен ойнамай» және бюрократиялық бөгеттер туғызбай, дереу үстемақы төлеуді тапсырған болатын.

Бірнеше күн бұрын, «Нұр Отан» фракциясы депутаттарының кеңейтілген отырысында біздің әріптестеріміз де шенеуніктердің бюрократиясы салдарынан медицина қызметкерлеріне тиісті төлемақылардың орындалмауы туралы көптеген фактілерді қатаң сынға алды.

Бізге де, «Ақ жол» фракциясының депутаттарына әртүрлі өңірлерден дәрігерлердің қиын кезеңде өз отбасыларын бірнеше ай бойы көрмей, басқа адамдардың өмірі үшін

күресіп және осы күресте зардап шеккен ақ халаттағы жандарды кабинеттерге жүгіртіп, әуре-сарсаңға салуы туралы көптеген шағымдары келіп түсуде.

Енді міне, денсаулық сақтау министрлігінің Президент тапсырмаларына және қоғамның наразылығына берген «жауабы» осындай. Бүкіл әлемде пандемияның екінші толқыны жайлаған кезде, кейбір Еуропа елдерінде күніне 40 мың адамнан асатын жағдайлар тіркеліп, көрші Ресейде күн сайын шамамен 17-18 мың адам жұқтырып, 300-ден астам адам қайтыс болады. Қазақстанда жағдай әрине жақсы, бірақ инфекцияның өсу тенденциясы да айқын.

Осыған байланысты, керісінше, короновируспен алдыңғы шепте күресіп жатқан дәрігерлерге мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын көрсету маңызды болар еді. Бірақ біздің шенеуніктер, керісінше, осынау адал жандардың ту сыртынан соққы жасап, олар осындай мемлекетке өздерінің құрбан болуы, ерлігі мен науқастарға деген мейірімділігі қажет пе деп ойлануда. Індет жұқтырған сәтте олардың өздеріне кім мейірімділік танытады?

Вице-министр күшін жойған төлемдер үшін жауапкершілікті жергілікті бюджеттер мен медицина қызметкерлерінің кәсіподақтарына аударғандықтан, біз осы инстанциялардың мүмкіндіктерін анықтауға тырыстық. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жұмыс орнында науқастанған дәрігерлерге 2 миллион теңге, қайтыс болған кезде олардың отбасыларына 10 миллион теңге төленген болатын.

Енді біздің сұрақтарымызға жауап алынды, бұл жағдайда кәсіподақтар сауықтыру жәрдемақысы ретінде 3 айлық жалақыдан артық төлей алмайды. Бүкіл отбасын ұзақ уақыт емдеу жағдайында (жұқтыру солай жүреді), бұл ақша тіпті дәрі-дәрмектер мен азық-түлікке де жетпеуі мүмкін.

Ал жергілікті бюджеттерде шығыстар бойынша мұндай баптар мүлдем жоқ, сондықтан төлемдер қарастырылмаған.

«Ақ жол» депутаттарының фракциясы біздің дәрігерлеріміздің жанқиярлық ерлігіне деген осындай көзқарасқа, сондай-ақ шенеуніктердің өз шешімдеріне еркін қарауына наразылықтарын білдіреді.Яғни, денсаулық сақтау министрлігі өз сөзінің қожайыны: қажет болғанда – сөз береді, қажет болмағанда сөзін қайтып алады екен.

Бірақ егер вице-министр айтқандай жұқтыру қаупі «нөлге дейін азайса», бюджет шығындарынан қорқатын ештеңе жоқ. Мұндай шешімнен тек мемлекет беделінің шығындары әлдеқайда қымбатқа түседі.

Біз Үкіметтен осы мәселені қайта қарауды және көрсетілген төлемдерді сақтауды сұраймыз.

Олай болмаған жағдайда, қажетті, қиын кезде біздің азаматтарды құтқаратын ешкім қалмайды.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі маусым-шілде айлары кезінде күндіз-түні екі медбике төсек арасында жүгіріп, ондаған науқастарға екпе мен оттегі аппараттарын салған жағдайлар болды.

Біз студенттер мен еріктілердің қалған дәрігерлерге көмектесу үшін ұрыс шебіне қалай тастағанымызды тез ұмытып кеттік.

Желтоқсан-қаңтар айында пандемияның өршуі күтілген кезде шынтағымызды тістеп қалмайық.

Өз адамдарымыздың еңбегін дер кезінде бағалайық.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары

А. Перуашев
М. Қазбекова
Е. Барлыбаев
Е. Никитинская
К. Абсатиров
Б. Дүйсембинов
Д. Еспаева

Abai.kz

20 пікір