Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3776 0 пікір 19 Қаңтар, 2012 сағат 04:11

Аманхан Әлімұлы. Айтарым бар...

Қас пен көздің, бауырым, арасында,
Асқақ кеуде соңына қарасын ба?
Басым кетіп барады білегінде,
Санам кетіп барады санасында.

Жаулап алған жанымды талма кеште,
Керемет күн кешегі қалмады есте.
Ернім кетіп барады ерінінде,
Шайқалады шаттығым алма төсте.

Кеш ұғынған қадірін тірегім бе,
Сол қыз қазір мұратым, тілегім де.
Көзім кетіп барады бұрымында,
Өзім кетіп барамын жүрегінде.                     

Өкініш

Етегін сезім-көлдің жел түрдің бе,
Жайларды көз алдыма келтірдің не.
Күйеуге шығып кеттім дегенше сен,
Одан да махаббатты өлтірдім де.

Өмірдің сезіп-білген күйіс-кемін,
Салуға кірбің жанға тиіс пе едің ?.
Сезіммен ешкім біліп сезбейтұғын,
Өзіңмен түсті есіме сүйіскенім.

Отырдық дарияның жағасында,
(Ашылған бал шағымның бағы осында)
Эх, менің өліп тынған махаббатым,
Қасыңды айдай қиық қағасың ба?

Жағаның құлағаны былай қалып,
Дария жылжып аққан ылайланып.
Отырдық сусыма құм үстінде біз,
Тұрды тек арамызға сына Ай қағып.

Неге біз жолығыстық ерте кеште,
Желең жел не жайларды шертеді еспе.

Махаббат өлсе оның тіршілігі,
Сабындай қамшының келте емес пе?

Келетін небір ойлар жел түрдіңге,
Бердің сен ғашықтықтың еркін кімге?!

Қас пен көздің, бауырым, арасында,
Асқақ кеуде соңына қарасын ба?
Басым кетіп барады білегінде,
Санам кетіп барады санасында.

Жаулап алған жанымды талма кеште,
Керемет күн кешегі қалмады есте.
Ернім кетіп барады ерінінде,
Шайқалады шаттығым алма төсте.

Кеш ұғынған қадірін тірегім бе,
Сол қыз қазір мұратым, тілегім де.
Көзім кетіп барады бұрымында,
Өзім кетіп барамын жүрегінде.                     

Өкініш

Етегін сезім-көлдің жел түрдің бе,
Жайларды көз алдыма келтірдің не.
Күйеуге шығып кеттім дегенше сен,
Одан да махаббатты өлтірдім де.

Өмірдің сезіп-білген күйіс-кемін,
Салуға кірбің жанға тиіс пе едің ?.
Сезіммен ешкім біліп сезбейтұғын,
Өзіңмен түсті есіме сүйіскенім.

Отырдық дарияның жағасында,
(Ашылған бал шағымның бағы осында)
Эх, менің өліп тынған махаббатым,
Қасыңды айдай қиық қағасың ба?

Жағаның құлағаны былай қалып,
Дария жылжып аққан ылайланып.
Отырдық сусыма құм үстінде біз,
Тұрды тек арамызға сына Ай қағып.

Неге біз жолығыстық ерте кеште,
Желең жел не жайларды шертеді еспе.

Махаббат өлсе оның тіршілігі,
Сабындай қамшының келте емес пе?

Келетін небір ойлар жел түрдіңге,
Бердің сен ғашықтықтың еркін кімге?!
Күйеуге шығып кеттім дегенше сен,
Одан да махаббатты өлтірдім де.

***

Жылап тұрар басымда жеті кемпір,
Жарық дүние жарығым өшкен күні.
(Ертеректегі өлеңнен).

Мезгілсіздеу ұрынған күз лебіне,
Қарап қайтқан құстардың тізбегіне, -
Жеті бірдей келіншек мені сүйген,
Қайда екен деп сол ақын іздеді ме?

Жетеуі де қыз еді іліп алды,
Со бір кездің шоғы емес, күлі қалды.
Желдей тұрмас уысқа уақыт-ай,
Қанша қапа қалдырдым тілі балды?

Бұрып тұрып бетімді майда желге,
Сыр айт дегем, сан қызға сайға келде.
Өліп-өшті сөзіме сеніп олар,
Желең көңіл желігін жаймады елге.

Деп жүретін жігіттер сырғаңды ілем,
Құлпырып қызғалдақтай тұрған кілең, -
Жеті бірдей келіншек жеті қыз ең,
Қауындай қазан ерте ұрған білем.

***

Су бетінде секілді пері күлген,
Елес қашты қырмызы сері күннен,-
Ерінімнен ертелеу салқын тиген,
Емде соны еркін қыз ерініңмен.

Баяу түсіп келеді кеш қабағы,
Қайталанбас осы сәт есті алады.

Жанарыңда жарқылды жалқын бояу,
Жанарымда Жиделі көшті алабы.

Мен емеспін желөкпе бос адамың,
Арманыңды арманға қоса аламын.
Қособаның бұл кезде күні өткен,
Үсіп кеткен болмаса қос анарың.

ЭПИТАФИЯ

О, Ажал, бар дертіме өзің бе емім,
Жай тапты жаным сұмдық сезінгенім,-
Қабырымның басында жылап тұрған,
Қай кемпірсің, көрмейді көзім менің.
«Абай-ақпарат»
Редкациядан:
Құрметті оқырман, ақын Аманхан Әлімұлының жаңа өлеңдері мен қоғам, мемлекет, ұлт, қазіргі ішкі-сыртқы жағдайлар туралы ойларын білгіңіз келсе, ақын әрі публицистің 20 қаңтар күні сағат 16:00-де өтетін «Айтарым бар...» атты авторлық кешіне келіңіздер!
Кеш Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде өтеді. Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы 105 үй (Төле би көшесінің қиылысы).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576