Сенбі, 3 Қазан 2026
3941 6 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 12:57

Коронавируспен күреске бөлінген 8,7 млн ақша жымқырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері пандемияға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осылайша мемлекетке 8 миллион 730 мың 560 теңге сома залал келтірілді», - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Тергеу жалғасып жатыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 528
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 785