Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4672 0 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 13:06

«Болашақ» бағдарламасының 25 стипендиаты ақшаларын мемлекетке қайтарады

25 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозова мәлімдеді. 

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде екі мәселе болды. Біріншісі конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы, екіншісі  «Болашақ« халықаралық стипендиясының жекелеген иелерін келісімшарт міндеттемесін орындамауына байланысты одан айыру туралы. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтте өткен 57 үміткерге стипендия тағайындалды», – деді Айнұр Кәрбозава.

Сонымен қатар ол екінші мәселе бойынша келісімшарт міндеттемесін орындамаған 25 стипендиатқа қатысты жан-жақты қаралып, оларды стипендиядан айыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

«Екінші мәселеге қатысты айтар болсам, академиялық бағдарлама аяқталғаннан кейін магистр дәрежесін алмаған және оқуын аяқтамаған стипендиаттарға қатысты болды. Бүгінгі комиссия мұндай 25 шешім шығарды. Олар келісімшарт міндеттемелерін орындамағандары үшін шәкіртақыдан айырылды. Енді олармен мемлекет алдындағы берешектерін өтету бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған азаматтар оқуларына жұмсалған барлық шығынды өтеуі тиіс», – деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1011
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675