Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3502 0 пікір 23 Қаңтар, 2012 сағат 04:19

Сайын Бөлек. Бәрекелді, Ерлан Арын мырза!

... Сонымен сөйтіп, нөмері бесінші Мәжілістің алғашқы сессиясынан (20 қаңтар, Парламент үйі, Астана) кейін,  2-ақ депутат   қарсы болып, 105-і қолдаған соң қызмет орнында қалған Мәсімов «халық қалаулыларына» рахметін айтып шыға сала өз кабинетін қайта жасақтауға кірісті. Үкіметбасшысы ауыспаған соң үкіметтің құрамындағы ішінара ауыс-түйіс пәлендей қызықты емес сияқты. Әйткенменде атап өтуге тұрады. Неге десеңіз, шаруашылықта ісі шамалы Қайрат Қожамжаров сияқты жігіттер облыс әкімі болып шыға келді де, бұрынғы байланыс және ақпарат министрлігі бөлініп, тарап тынды. Сондай-ақ жалпы елге беймәлім адамдар аймақ басшылығының екі тізгін, бір шылбырын қолға алуда. Алайда атқарушы биліктің негізгі құрамы ілгеріде лауазымды қызметтер атқараған тұлғалардан тұрады. Соған қарағанда олар Назарбаев пен Мәсімовтың әлемдік қаржы дағдарысының кезекті толқынына сақтап келген адамдары болса керек. Министрлер мен облыс әкімдері Президент жарлығы бойынша тағайындалғанымен тағайындау барысындағы таңдауды Мусин-Мәсімов тандемі жүзеге асырды дейтіндер бар. Президент әкімшілігінен кетеді-міс деген Аслан Мусиннің позициясы әзірге мықты көрінеді. Батыс Қазақстан облысын басқаруға аттануы ықтимал дескен Мусин   Нұрлан Асқарұлы Ноғаевты атқа қондырды.

... Сонымен сөйтіп, нөмері бесінші Мәжілістің алғашқы сессиясынан (20 қаңтар, Парламент үйі, Астана) кейін,  2-ақ депутат   қарсы болып, 105-і қолдаған соң қызмет орнында қалған Мәсімов «халық қалаулыларына» рахметін айтып шыға сала өз кабинетін қайта жасақтауға кірісті. Үкіметбасшысы ауыспаған соң үкіметтің құрамындағы ішінара ауыс-түйіс пәлендей қызықты емес сияқты. Әйткенменде атап өтуге тұрады. Неге десеңіз, шаруашылықта ісі шамалы Қайрат Қожамжаров сияқты жігіттер облыс әкімі болып шыға келді де, бұрынғы байланыс және ақпарат министрлігі бөлініп, тарап тынды. Сондай-ақ жалпы елге беймәлім адамдар аймақ басшылығының екі тізгін, бір шылбырын қолға алуда. Алайда атқарушы биліктің негізгі құрамы ілгеріде лауазымды қызметтер атқараған тұлғалардан тұрады. Соған қарағанда олар Назарбаев пен Мәсімовтың әлемдік қаржы дағдарысының кезекті толқынына сақтап келген адамдары болса керек. Министрлер мен облыс әкімдері Президент жарлығы бойынша тағайындалғанымен тағайындау барысындағы таңдауды Мусин-Мәсімов тандемі жүзеге асырды дейтіндер бар. Президент әкімшілігінен кетеді-міс деген Аслан Мусиннің позициясы әзірге мықты көрінеді. Батыс Қазақстан облысын басқаруға аттануы ықтимал дескен Мусин   Нұрлан Асқарұлы Ноғаевты атқа қондырды. Білетіндердің айтуына сенсек, Нұрлан Асқарұлы батыс өңірі үшін басты тұлғаға айналған Аслан Есболайұлының етегінен ұстап, есейіп келе жатқан жігіт көрінеді. Ал, БҚО-ның 2007 жылдан бастап күні кешеге дейінгі әкімі атыраулық әм Иманғали Тасмағамбетовтың алқауындағы Бақытқожа Ізмұхамбетов болған еді. Тосын пәлеге ұрынбай, өңірдің экономикасын дамыту үшін барын салған ізетті Ізмұхамбетов (өте кешіпейіл, қазақы жан) Мәжіліс төрағасының орынбасарлығына сайланды. Беріге дейінгі қоршаған ортаны қорғау миниситрі - Ізмұхамбетовтың алдындағы БҚО-ның тағы бір әкімі - Нұрғали Әшім Мәжіліске өтіп, еліміздің бас экологы Нұрлан Қаппаров атанды. Қазақстандағы ең ірі ұлттық компаниялар - Қазтрансойл мен  Қазақойлды (қазіргі Қазмұнайгаз) қаршадайынан басқарып тісқаққан Қаппаровтың ісі енді қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан инвесторлармен болмақ. Қоршаған ортаның мәселесі бізде жетіп-артылады, алайда, ең бастысы табиғатқа тигізген кесапатын түкке тұрмайтын өтемақымен жуып-шайып жылмаң қағатын шетелдік компаниялардың қызметін қатаң бақылауда ұстау болса керек. Қаппаровтың білімі мен тәжірибесін үкімет шамасы, осы мақсатта пайдалануды құп көргенге ұқсайды.

Жер ресурстары басқармасы Агенттігінің тізгіні Қадырхан Отаровтың қолына тиді. Әділет министрі Берік Имашев болып кетті. Имашевтің алдындағы министр Рашид Түсіпбеков қаржы полициясынан Қайрат Қожамжаровты ауыстырып, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлардың сыбағасын бермек болып отыр. Еңбек жолын өрт сөндіретін автокөлікті жүргізумен бастаған Рашид Төлеутайұлы Қазақстанда қабындаған қаржылық қылмыс өртімен қалай күресетінін алдағы уақыт көрсетеді. Ұрлық-қарлықпен алысып аты шыққан Қайрат Қожамжаров Ақмолла облысына аттанды. Әкім болып. Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев экономикалық даму және сауда министрілігінің төріне жайғасты. Ал, Керекуге әкім болып қазақтың айбоз ұлдарының бірі, үлкен парасат иесі, дегдар азамат, атақты ғалым Ерлан Арын мырза тағайындалды! Бәрекелді, Ерлан мырза, Сіздің өнегелі істеріңіз бен қайрат жігеріңізге қанық жұрт жақсы хабарды ести салысымен бірінен бірі сүйнші сұрасып жөнелді. Abai.kz ақпараттық порталының  ұжымы да тілеулес ағайынның қуанышына ортақтығын білдіреді. Өңірге тың серпіліс, соны бағыт әкеліп, көрші көлеңнің қас-қабағын бағып, жалтақтап қалған әкім-қараларға үлгі етерліктей ерен тірілік жасайтыныңызға біз бек сенімдіміз. Жаратқан хақ жар болсын!

Ерлан Мұхтарұлы Арын - экономика ғылымдарының докторы, профессор.  Тоғыз томдық «Қазақтар» және «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі» атты энциклопедиялық анықтамалықтар мен Мәшхүр Жүсіп мұраларын жинақтап, құрастырушы. 1997 жылы «жыл адамы» атанған тұлға.  Ұлт мәдениетінің жанашыры, ұлт жоқшысы. Президент жарлығымен әкімдік қызметке тағайындалардан бұрын Павлодар облыстық мәслихатының мүшесі, С. Торайғыров атындағы педагогикалық университеттің ректоры болды. Ерлан Арынның облыс басшылығына тағайындалуы атқарушы билікке алдағы уақытта бәрібір өзгеше пайымдағы адамдардың келетіндігін, дәл сондай адамдарға деген қоғамдық сұраныстың жоғары екендігін  аңғартады.

Серік Ахметов осыдан екі жыл бұрынғы вице-премьерлік орынтағына қайта отырып, Қарағанды облысына танымал азамат Әбілғазы Құсайынов облыс басшысылығына көтерілді.

Министрлік қызметін  БАҚ ісінен гөрі қоғамдық қызмет түрлерін ақпараттандыруға арнаған Асқар Жұмағалиев байланыс пен ақпаратты арқалап транспорт пен коммуникация саласына аттанды. Транспорт және  коммуникация  министрлігінің  бүгінгі министрі - Асқар Жұмағалиев.  Байланыс және ақпарат министрлігі тағы да тарап, оның мұрағат ісі Мәдениет министрлігінің құзырына қарады. Бір қызығы Лондон олимпиадасының қарсаңында Туризм және спорт министрлігі де жабылды.

Атқарушы биліктегі қандай да бір ауыс-түйістің аужайын бағып отыратын сарапшылар мен болжаушылар «болашақ премьер» деп ен тағып үлгерген Әсет Есекешев вице-премьерлік посты тастап  Индустрия және жаңа  технология дейтін жаңа министрліктің жұмысын жолға қоюға кетті.

Есекешеевтің тұғыры «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорын басқарып, Тимур Құлыбаевтан ығысқан Қайрат Келімбетовке бұйырды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568