Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3393 0 пікір 23 Қаңтар, 2012 сағат 07:42

Назарбаев - архитектор, Мәсімов - прораб

Ресей баспасөзі  Қазақстан үкіметін басқарып орнында қалған Мәсімов туралы жарияға жар салып, жапатармағай жазу үстінде. Алдағы наурыз айында РФ-да президент сайлауы. Ресейдің қазіргі премьері Путин үлкен додаға дайындықпен жүр. Демек, атқарушы билікке келетін тұлға мәселесі терістіктегі көршіміздің журналистері мен сарапшыларын бей-жай қалдырмаса керек. Сондықтан да болар, олар қазір ауыздарынан суы ағып, біздің премьерді «пример» етіп-ақ жатыр. «Қазақстанға, - дейді орыс баспасөзі, - Мәсімовтен басқа үкімет басшысының қажеті жоқ. Оның ел ішіндегі элитамен, әсіресе, Ресейдегі саяси элитамен байланысы күшті. Президент Назарбаев Кәрім Мәсімовтың сондай қабілетін ескеріп оны қызметінде қалдыруға ұсыныс жасады».
«2010 жылдан бастап Ресей, Беларуссия және Қазақстан кедендік одақ аясында өмір сүріп келеміз. Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан аталған үш ел ортақ экономикалық кеңістікке ендік. Оның ар жағында Еуразиялық одақ тұр. Еуродақтың қателіктерінен сабақ алып, Еуразиялық одақтың іргесін берік ету ісінде де Қазақстанның премьері Мәсімов көптеген мәмілегерлік жұмыс жасай алады.Үкіметаралық кездесулерде Ресей мен Қазақстанның үкімет басшылары тілектес, мүдделес екендіктерін  байқатып жүр. Бұл да үлкен есепке енеді» дейді Ресейдегі баспасөз беттерінен сөз тиіп жатқан сарапшылар  ағынан ақтарылып.

«Қазақстанның премьер-министрі ретінде Кәрім Мәсімов еуразиялық интеграцияның дамуына үлес қосып келеді. Бейнелі тілмен айтсақ, осы интеграцияның архитекторы  Назарбаев, ал, прорабы - Мәсімов» дейді ресейлік интернет газеталардың бірі «Утро.ру» сайты. Қысқасы,  орыс баспасөзі Мәсімовтың атқарушы билікте қалғанына құтты болсын айтып, оның осы күнге дейін атқарған қызметіне жоғары баға беруде. Мәсімов тек Қазақстанда ғана ішінара мойындалмай келеді. Ал, орыс баспасөзі болса, Мәсімовтың елді қаржы дағдарысынан алып шығып, үлкен жобалармен жұмыс істегендігін баса жазуда.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557