Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
2926 0 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 11:55

Қазақстанда ПТР-тест пен масканың бағасы арзандады

Зертханалық қызметтер (ПТР тест) мен жеке қорғаныс құралдарының бағасы төмендеді. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі мәлімдеді. 

Коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағалардың барабарлығына талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізу тапсырылды.

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді («Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).

Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен  21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден  26 теңгеге/дана дейін төмендеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 901
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2333
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 606
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 586