Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3688 0 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 12:00

Қырғызстанда Конституцияны өзгертуге қарсы марш өтті

Қырғызстан астанасында 8 қараша күні "Конституция үшін" деген атпен марш өтті,-деп хабарлайды Сentralasian.org.

Акцияға 20-ға жуық азаматтық белсенді қатысты. Олар "Конституцияга тийбе" ("Конституцияға тиме") деген жазуы бар плакат ұстап шықты.

Белсенділер Эркиндик бульварымен жүріп өтіп, "Ала-Тоо" орталық алаңына дейін барды. Маршты ұйымдастырушылардың бірі Улан Усойун қазіргі қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізуді қаламайтынын жеткізді.

22 қазанда Жогорку Кеңештің 83 депутаты Негізгі заңға парламент сайлауын келесі жылы өткізуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіп, қатарынан үш оқылымда қабылдаған. Парламентке бұл құжат қабылданған күні түскен.

Асығыс қабылданған құжатқа сәйкес, Жогорку Кеңешке сайлау 2021 жылдың 1 маусымына дейін кешіктірілмей өтуі тиіс.

Осының алдында "Реформа" партиясы Конституциялық палатаға ел Конституциясының 38-, 63-баптарын тоқтату тұру туралы өтініш түсірген.

Президент міндетін атқарушы премьер-министр Садыра Жапаров алда Конституцияға реформа ашық талқылынады деп уәде етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 901
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2333
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 606
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 586