Пандемияда үнемделген қаржы қайда?
2019 жылы 2020 жылдың барлық деңгейдегі бюджеті бекітілді. Соның ішінде әртүрлі, үлкенді-кішілі жиындар, көпшілік іс-шаралар, шетелге сапарлар және тағысын тағыға арналған бюджет баптары қарастырылды.
Мемлекет есебінен атқарылатын жиын мен той-томалақты, шет елдерге іссапарды жақсы көретін шенділер ол қаржыны аямай-ақ жоспарлаған болар.
Ол кезде коронавирустың иісі де сезілмеді. 2020 жылы пандемияға қатысты сол шаралар сап тыйылды. Жоспарланған іс-шаралардың бір де бірі өткен жоқ. Мәселен, президенттен бастап, ешкім де шетелге шыққан жоқ. Бір де бір халықаралық форум өткізілмеді. Басқа да жиындар да күрт тоқтатылды.
Салық төлеуші ретінде бір сұрақ: 2020 жылы жұмсалмаған, пандемия үнемдеп берген сол қаржының сомасы қандай және олар қай жаққа жұмсалды? Сол қаржыны неліктен індетпен аянбай күресіп жатқан дәрігерлерге, әлеуметтік жағынан қорғалмаған ағайынға қосымша көмек ретінде бермейміз?
Әміржан Қосан
Abai.kz