Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3550 0 пікір 25 Қаңтар, 2012 сағат 11:19

Мұрат Әуезов: «Қазақтың қазаққа оқ атуы - иттік»

Бүгін - Жаңаөзен оқиғасына қырық күн толды. Жазықсыз оққа ұшқан азаматтардың қырқы. Алматыда, Астанада, Оралда және елдің әр аймағында, алыс-жақын шетелдердің ірілі-уақты шаһарларында Жаңаөзен оқиғасының  қырық күндігіне орай, шәйіт болған жандардың рухына бағыштап құран оқып, ас беріліп жатыр.
Совет өкіметі кезінде ұлт мүддесін қорғау мақсатында құрылған «Жас тұлпар» ұйымының мүшелері: Мұрат Әуезов, Мұрат Құлманов, Сәтімжан Санбаев, Мақаш Тәтімов бастаған бір топ адам Жаңаөзен оқиғасына қырық күн толуына байланысты Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, қаза болғандардың рухына құран оқытты.
Мұрат Әуезов:
- 16-ншы желтоқсандағы Жаңаөзендегі оқиғасы кезінде мәңгүрттенген, адамсымақтардың оқ атуы саналы адамның ақылына сыймайды. Ақтауға келмейді. Қазақтың қазаққа оқ атуы -  иттік.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде атылған оқ біреудің әкесін, біреудің баласын - бауырларымызды алып кетті. Атамекеніне келіп, бірігіп, ұйыса бастаған қазақтың үмітін де қиып түсті.
Талабымыз - оқиға егжей-тегжейлі әділ зерттеліп, әрбір кінәлі адам жазасын алуы тиіс.

«Жас тұлпарлықтар» - жетпіске келдік. Таяққа сүйенген шал болдық. Жеке болмаса, өзге бір жерге жиналып оқиғаны еске алғанмен, шер тарқамайды екен. Сондықтан да бүгін тайлы-таяғымыз қалмай алаңға бардық. Жастар да көп келді. Бұл - буынаралық үндестікті көрсетеді. Алаңда оқиғада оққа ұшқандардың рухына құран оқыттық.
Қазір «Мұхтар Әуезов атындағы қордың» кеңсесінде, таңертеңгісін иіс шығарып, пісірілген жеті шелпекті  ортаға алып, аят оқып,  қыршын кеткен азаматтарды еске алып отырмыз.
Жаңаөзендіктердің өз сөздерін қаймықпай айтып, мүдде-мұраттарын табанды, батыл қорғауы, ерліктері баршамызға ортақ болсын!
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552