Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3359 0 пікір 26 Қаңтар, 2012 сағат 05:35

Нұрғали Жүсіпбай. Наразылық Манифесті

Төмендегі мақалада айтылғандай, 23-нші қаңтарда Франция парламентінің жоғарғы палатасы «армян геноцидін» жоққа шығарушыларды заң жүзінде жауапкершілікке тарту жөнінде заң жобасын мақұлдаған болатын. Заң Николия Саркозидің қол қоюына жіберілгені мәлім болған. Осы оқиғаға байланысты Түркия республикасы Францияға екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас әлсірейтінін ресми мәлімдеген еді.
Міне, осы халықаралық мәселеге орай, Нұрғали Жүсіпбай мырза өзінің азаматтық көзқарасын, наразылығын білдірген материалын жіберіпті. Біз өз кезегімізде оны жария етуді мақұл көрдік.

«Абай-ақпарат»

Франция Сенатының  2012 -жылдың 23- қаңтарында қабылдаған негізсіз «армян геноцидін» терістеушлерді заңға тарту туралы заң жобасына
Наразылық Манифестім

2012 жылдың 23- қаңтарында Францияның Сенаты (Француз парламентінің жоғарғы палатасы) негізсіз «армян геноцидін» терістеушлерді заңға тарту туралы заң жобасын қабылдауға шешім шығарды. Бұл шешімге «қарсы» дауыс берген сенаторлардың саны-86, «қолдағандардың» саны 127. Бұл заң жобасына сәйкес «армян геноцидін» терістеуші тұлғалар 1 жылға дейін бас бостандығына айырылып, 45 мың еуро айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ.
Армян халқы мен армян лоббилерінің пікірінше, 1915 жылы Осман Империясы Анадолыда өмір сүретін армяндарға «геноцид» жасаған.

Төмендегі мақалада айтылғандай, 23-нші қаңтарда Франция парламентінің жоғарғы палатасы «армян геноцидін» жоққа шығарушыларды заң жүзінде жауапкершілікке тарту жөнінде заң жобасын мақұлдаған болатын. Заң Николия Саркозидің қол қоюына жіберілгені мәлім болған. Осы оқиғаға байланысты Түркия республикасы Францияға екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас әлсірейтінін ресми мәлімдеген еді.
Міне, осы халықаралық мәселеге орай, Нұрғали Жүсіпбай мырза өзінің азаматтық көзқарасын, наразылығын білдірген материалын жіберіпті. Біз өз кезегімізде оны жария етуді мақұл көрдік.

«Абай-ақпарат»

Франция Сенатының  2012 -жылдың 23- қаңтарында қабылдаған негізсіз «армян геноцидін» терістеушлерді заңға тарту туралы заң жобасына
Наразылық Манифестім

2012 жылдың 23- қаңтарында Францияның Сенаты (Француз парламентінің жоғарғы палатасы) негізсіз «армян геноцидін» терістеушлерді заңға тарту туралы заң жобасын қабылдауға шешім шығарды. Бұл шешімге «қарсы» дауыс берген сенаторлардың саны-86, «қолдағандардың» саны 127. Бұл заң жобасына сәйкес «армян геноцидін» терістеуші тұлғалар 1 жылға дейін бас бостандығына айырылып, 45 мың еуро айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ.
Армян халқы мен армян лоббилерінің пікірінше, 1915 жылы Осман Империясы Анадолыда өмір сүретін армяндарға «геноцид» жасаған.
Алай да бұл заң жобасы адамзат тарихында жасалған демократиялық принциптер мен адам құқықтарына жасалған қысым, зорлық және тежеу, сондай-ақ, тек қана түркиялық түріктерге емес, сонымен қатар  Ұлы Түркі Өркениеті мен барша Түркі Әлеміне жағылған күйе деп бағалаймын.
Өйткені:
1. Адам құқығының халықаралық конвенциясының 19-бабы және  Адам құқығының еуропалық конвенциясының 10-бабына сәйкес кез келген адам өз пікірі мен ойларын еркін айту құқығына ие болып табылады.  Осы құқықтардың қамтамасыз етілуі Францияның да өз конституциясында көрсетілген. Сондықтан да, бұл шешім, франция заңдарына қайшы болып табылады.
2. Ал Франция сенатының аталмыш заң жобасын қабылдауы  адамның еркін ойлауына, әсіресе, салаға қатысты философиялық, социологиялық т.б. ғылыми ізденіс пен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен қиындық тудырып, шындықты бүркемелеу  арқылы, бұдан былай адамзат тарихында ғылыми пікірдің біржақтылығына, саяздығына және қателігіне жол ашпақ.
3. «Ежелден Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып өскен» деп М.Жұмабай жырлағандай бүгінгі түркиялық түріктер Ұлы Түркі Өркениеті мен барша Түркі Әлемінің бөлінбейтін бүтіні, халық ретінде тілі бір, ділі бір, діні бір, тірлігі бір, пікірі бір халқымның бауыры һәм мәңгіге ажырамас досы болып табылады. Сондықтан да, қазіргі кезде тәуелсіз болып табылатын барлық түркі республикаларды ресми түрде алғаш таныған, алғаш елшілігін ашқан және алғаш болып бауырлық көмегін ұсынған осы Түркия Республикасы.
Бауырластығымыздың дәлелі ретінде Ататүрік «Кезі келгенде қазіргі темір перде алынар (ССРО-автор), сондағы біздің бауырларымыз өз тәуелсіздігіне қауышар. Біз сол кезде, бауыр ретінде, туыстық көмек қолымызды созуымыз керек» деген болатын.  Ататүріктің осы өсиетін түрік жұрты әсіресе Ұлы Түркістанның шығысында коммунистік қытай империясының саяси зорлығы, қылмысы және қысымынан өз өлкелерін тастап,  жат жерді паналауға мәжбүр болып, оннан бірі ғана аман қалған Қазақ жұртын мемлекеттің арнайы шешімімен Түркияның ең шұрайлы жерлеріне қоныстандырып, құшақ жайып қарсы алды.
Қазақ тарихындағы осындай қилы-қыстау кезеңдерінде көмек пен қолдау көрсеткен түрік жұртына достығымның дәлелі мен зекеті ретінде бүгінгі кезде түрік халқына жағылған күйе мен адам құқықтарының тапталуына байланысты бұл шешімнің тек түркиялық түріктерге қарсы емес, сонымен қатар, барша түрік әлеміне бағытталғандығын айта отырып, азамат ретінде өз наразылығымды білдіремін.
4. Бұл заң Францияның және ЕО-ның қаншалықты «демократияның алтын бесігі» екендігін тек Түрік Әлеміне емес, барша жаһанға  анық көрсетпек.
Меніңше, бұл заң, армян лоббилерінің сенаторларға жасаған ықпалымен  қабылданған болуы мүмкін. Адам құқықтарына, демократия пинциптеріне және француз қоғамдық пікірін екі полюсқа бөлетін және ешқандай адами моралдік кодекстерге сәйкес келмейтін бұл заң жобасын салиқалы француз сенаты мен  барша сенаторларға қайта қарауға шақыра отырып, 1992 жылдың 26-ақпанында  Ходжалы қаласында Армян қарулы күштерінің әзірбайжан халқына жасаған адам түршігерлік геноцидін мойындауын талап етемін.
Бұл сорақы қылмыс пен геноцидтің нәтижесінде 613 бейбіт тұрғын өлтірілді, оққа ұшқан 1000-ға жуық адам жарымжан мүгедекке айналды. 106 әйел, 63 сәби, 70 ақсақалдың өмірі қиылды. 8 әулет түгелімен өлтірілді. 25 бала әкеден де шешеден де айрылып,  жетім қалды, 130-бала әкесіз яки анасыз қалды. Тұтқындалған 1275 адамның 150-і туралы мәлімет осы күнге дейін мүлдем жоқ.

Ұлы дала Тұранды мекендеген құрметті түркістандықтар!
Франция Сенатының қабылдаған бұл заң жобасы бүгін түркиялық түрік бауырларымызға жағылған жала болса, ертен әзірбайжандарға қарсы қолданылатын шара болмақ. Ал одан кейін кезек кімге келерін дәл қазір дөп басып айту қиыннын қиыны.
Бүгін де түркі елдерінің барлығының өз ішінде саяси-қоғамдық мәселелер қызу талқылануда, бұл бәрімізге мәлім. Бірақ дәл бүгінгідей шешуші тұста, бір сәтке болса да,  сыртқы рухани мәселелерімізге мән беріп, тәуелсіздікті қайта алған күннен бастап жиырма жыл бойы түркі әлемі мен өркениеті бойынша түзілген келісім-шарттардың негізінде  жұмыс істейтін әртүрлі ұйымдар заңды тұлға ретінде, өзін түркілік өркениеттің өкілі ретінде сезінетін әр адам азамат ретінде «бас басына би болған өңшең қиқым болмай», бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өз позициясы мен мәлімдемесін білдіруге шақырамын.
Осындай сын сәтте, Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңі  сананы серігтіп, рухты тербетіп еріксіз еске түседі:

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуырған бәйшешектей кепкен бауырым,
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Алдыңда ауыр қайғы жатқан бауырым,
Өміріңше жапа шеккен жаттан бауырым.
Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,
Тірідей терің тонап жатқан бауырым.
Апырмай, емес пе еді алтын Алтай -
Анамыз бізді тапқан асау тайдай!
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,
Жүзіміз емес пе еді жарқын айдай!
Алалы алтын сақа атыспап па ек,
Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек.
Алтайдай анамыздың ақ сүтінен
Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек.
Тұрмап па еді, біз үшін мөлдір бұлақ
Сылдырап, сылқ-сылқ күліп, таудан құлап.
Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,
Тілеген бір-бір тұлпар бейне пырақ!
Алтайдың алтын Күні еркелетіп,
Келгенде жолбарыс боп, жаңа ержетіп,
Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына,
Бауырым, мені тастап қалдың кетіп.
Мен қалдым - жас балапан қанат қақпай,
Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай.
Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады,
Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай.
Қорғасын жас жүрекке оғы батты,
Күнәсіз таза қаным судай ақты.
Қансырап, әлім құрып естен тандым,
Қараңғы абақтыға берік жапты.
Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да,
Күндіз - Күн, түнде - күміс нұрлы Айды да.
Ардақтап, шын жібектей арайға орап
Өсірген алтын анам - Алтайды да.
Апырмай, айрылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан.
Түріктің жолбарыстай жүрегінен
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан.
Шарқ ұрып, ерікке ұмтылған Түрік жаны,
Шынымен ауырды ма бітіп халі?!
От сөніп жүректегі, құрғады ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз.
Біздің атқа
Лайық па құл боп тұру?
Кел, кетелік
Алтайға, ата мирас, алтын таққа!
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1560
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3359
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6315