Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3957 0 пікір 26 Қаңтар, 2012 сағат 22:50

Қанағат Жүкешев. Өнбейтін дау – өспейтін елдің ермегі

Өмірде не көп? Дау көп.

Міне, сайлау өтті. Біреулер сайлау әділ өтті деп жар салуда. Енді біреулер оның әділ болмағандығын, бұған дейін де біздің елімізде ешқашан әділ сайлау өтіп көрмегендігін айтады. Ал қатардағы етікшінің көңілінде сұрақ туады: расында қалай, сайлау әділ өтті ме, әлде өтпеді ме?

Дауласушылардың уәждерінің ақиқаттығын қалай анықтауға болады. Әрине, оның бір-ақ жолы бар. Ол - ақиқаттықтың критерийлеріне жүгіну.

Билік партиясының өкілі айтады: барлық партияларға бірдей жағдай жасалды ма? Жасалды. Халық арасына барып үгіт жүргізуге еркіндік берілді ме? Берілді! Телесайысқа бетпе-бет қатыстың ба? Қатыстың! Бірдеңелеріңді айтып, тепсіндің бе? Тепсіндің. Енді не керек? Барлық сайлау уческелерін қамтып, кандидат ұсына алмаған кім? Өзің! Барлық сайлау комиссияларына өкіл жібере алмаған кім? Өзің! Билеуші партияның өкілі алда істейтін жұмыстары туралы айтқанда, көрерменді екпіндеткен цифрларға көміп тастағанда, қайдағы бір субъективті ойларыңды мұрын астынан міңгірлеген кім? Өзің! Ендеше неге сайлау әділ өтпеді деп, жүріп кеткен поездың артынан айқайлайсың?

Өмірде не көп? Дау көп.

Міне, сайлау өтті. Біреулер сайлау әділ өтті деп жар салуда. Енді біреулер оның әділ болмағандығын, бұған дейін де біздің елімізде ешқашан әділ сайлау өтіп көрмегендігін айтады. Ал қатардағы етікшінің көңілінде сұрақ туады: расында қалай, сайлау әділ өтті ме, әлде өтпеді ме?

Дауласушылардың уәждерінің ақиқаттығын қалай анықтауға болады. Әрине, оның бір-ақ жолы бар. Ол - ақиқаттықтың критерийлеріне жүгіну.

Билік партиясының өкілі айтады: барлық партияларға бірдей жағдай жасалды ма? Жасалды. Халық арасына барып үгіт жүргізуге еркіндік берілді ме? Берілді! Телесайысқа бетпе-бет қатыстың ба? Қатыстың! Бірдеңелеріңді айтып, тепсіндің бе? Тепсіндің. Енді не керек? Барлық сайлау уческелерін қамтып, кандидат ұсына алмаған кім? Өзің! Барлық сайлау комиссияларына өкіл жібере алмаған кім? Өзің! Билеуші партияның өкілі алда істейтін жұмыстары туралы айтқанда, көрерменді екпіндеткен цифрларға көміп тастағанда, қайдағы бір субъективті ойларыңды мұрын астынан міңгірлеген кім? Өзің! Ендеше неге сайлау әділ өтпеді деп, жүріп кеткен поездың артынан айқайлайсың?

Сайлау дегеніміз толып жатқан кезеңдерден, буындардан тұратын күрделі цикль. Сол кезеңдер мен буындардың бәрінен дұрыс өтіп келмеген соң, соңғы буындағы - дауыс беру үдерісіндегі кейбір абстрактілі айғақтардың құйрығынан ұстап, одан сайлаудың әділетсіз өткендігінің дәлелін жасауға тырысудан не шығады?

Рас, «карусель» болды дейік. Кейбір учаскелерде алдын ала толтырылған бюллетеньдер тасталыпты дейік. Оны біреулер көріпті дейік. Естіпті дейік. Одан не шығады? Кім оны дәлелдей алады? Тіпті бірнеше жерде ондайдың болғаны дәлелденсін дейік. Содан кейін сайлау легитимсіз деп танылып, қайта жүргізіле ме?

Жоқ әрине! Бірнеше учаскеде сайлау қайта жүргілігеннен кейін де осы цифрлар алынатын болады. Мұның бәрі, «иә кемшіліктер болды, кімде кемшілік болмайды, келесі жолы түзетемізбен» жабыла салады. Мінеки, өнбейтін дауды қуу деп отырғанымыз осы.

Мәселе даудың өнетінін тауып, соның соңынан түсуде. Сайлау цикліне қатысты алсақ, былай болады. Бірінші кілтипан заңда. Заң қазіргі биліктің жағдайына икемделіп жасалған. Екінші кілтипан - сайлауды ұйымдастыруда. Ол жағы түгел биліктің қолында. Сайлау өткізу - тек азаматтық қоғамның құзіретіндегі жұмыс болуы керек. Оны ұйымдастыруға мемлекеттің араласуының өзі қоғамның өркениеттіліктен аулақ жатқанын айғақтайды. Үшінші кілтипан сайлау комиссияларында. Оны да билік жасақтайды. Оны тіркелген саяси партиялар ғана қатысып отырып, олардың өздері жасақтауы тиіс. Төртінші кілтипан үгіт жүргізуде. Басты үгіт құралы - телевидение. Ол да биліктің қолында. Оппозициялық партияның оған қолы жетпейді. Билік қара пиарды құйып жатқанда, оппозицияның оған беретін жауабын ешбір арна қабылдамайды. Келесі, ең басты тетік - дауыстарды санауда. Санайтын да, қорытынды цифрларды қалауынша өзгертетін де тағы биліктің адамдары. Осыдан кейін келіп сайлаудың әділдігі немесе әділ еместігі туралы сөз қозғауда не мағына бар?

Оппозиция шынында да парламентке барғысы келсе, алдымен сайлау кодексін қайта қараттырып, сайлау өткізудің әділдігін қамтамасыз ететін тетіктердің толықтығын ойластырудан бастауы керек. Сайлау кодексінде әр партияның сайлау комиссияларын құруға, сайлау үдерісін жүргізуге қатысуы, әр учаскеде өзінің өкілдері мен бақылаушыларын енгізуі, бюллетеньдерді санау мен хаттамалау үдерісіне толық қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек. Осы айтылғандарды қузаулап, соңынан түсу түпкілікті нәтижеге бастайды. Мінеки, бірдеңе өндіруге болатын дау осы.

Қоғамдық қайраткерлердің алдынан үнемі шығып отыратын мәселелер бар. Бар емес, тіпті көп. Кімнің болса да алдынан толып жатқан шешуі қиын түйіндер шығып отырады. Ақылды адам алдымен соларды өзектілігіне қарай реттеп алып, алгоритммен шешеді. Ал біздің оппозиция қабырғасы қаланып болмаған үйдің төбесін жабумен айналысады.

* * *

Саяси партия үшін ең бастысы - халықты соңынан ерте білуде. Ол үшін екі нәрсе қажет. Біріншісі - сөйлеген сөзің мен істеген әрекетің халықтың мүддесінен туындап жатуы керек. Бұл жағы жоқ емес. Оппозицияның көтеріп жүрген мәселелері негізінен халық мүддесін діттейді. Екінші мәселе - сөзіңді халыққа жеткізуде. Бұл жағы мүлдем ақсап жатыр. ЖСДП-нің жұмысындағы ең осал буын осы.

Биліктің оппозицияны ақпараттық қамауға түсіріп, масайрап отырған қазіргі жағдайдың өзінде, халыққа арналған даттың екпінін солғындатпай жеткізуге мүмкіндіктер бар. Бұл мәселе жөнінде жеке сөз қозғалуы керек. Бұқараның назарын жаулауға қатысты шетін шығара кететін бір нәрсе - ұлттық идея. Бұл жөнінде әркім әр қалай айтады. Біреулер оны бар дейді, біреулер жоқ дейді. Анығы сол - қазіргі таңда оның нақты тұжырымы жоқ және идеологиялық қару ретінде ұлттық идеяны ешкім жасап та, қолданып та жүрген жоқ.

Ұлттық идея, егер оны сауатты тұжырымдап, дұрыс бағыттап, халықтың санасына жеткізе білсе, ол - бұқараның делебесін қоздыратын, көзін ашатын, оған рух беретін, өзінің соңынан ертіп әкететін Ұлы Рухани Күшке айналар еді.

* * *

Әміржан Қосанов - көптен бері бар қажыры мен жігерін әділдік үшін күреске арнап, барын салып жүрген абзал азаматтардың бірі. Ол бүкіл дүние жүзіне ақпарат тарататын беделді бағдарлама «Еwronews»-ке берген сұхбатында шетелдіктерге біздегі сайлаулардың әділ өтпей жатуының түпкілікті себептерін жайып салудың орнына, қайдағы бір депутаттың келбеті туралы гипотетикалық фантазиясын уәждеді.

Сайлауалды нәсихат жүргізу үшін ЖСДП жетекшілері Бақайға барды. Онысы бекер болды. Өйткені Бақайда «бақайлар» тұрады. Оларда саяси партияның бағытын, олардың жетекшілерінің ындынын аңғаратындай саяси зерде жоқ. Өздеріне кімнің жаны шын ашитынын аңғарар түйсік жоқ. Ежелгі үнділік шудралар сияқты, бақайлықтар, шаңырақтықтар, думандықтар - әлеуметтік түптен шыққандар, саяси-құқықтық көмекті ақтамайды. Олар қалаға өркениет іздеп келген жоқ, ауылында күнін көре алмаған соң, нан іздеп келгендер. Билік бір таба нан берсе, олар бәрін сатып кетеді.

Мұндай жағдай бұрын болған. Әркімнің есінде болар, ана бір жылы билік оларды күресінге итеріп тастағанда, көз жастарын көл етіп, қан жылап қалғаны. Сол кезде өздеріне қол үшін бермек болған демократиялық бағыттағы ұйымдардың өкілдеріне жәутеңдеді. Ал артынан билік қайтадан келіп, дөңайбат көрсетіп, бірдеңелерге жалған уәде беріп еді, қайтадан солардың соңынан кете барды, билікті жақтап дауыстарын берді.

Ауылда тұратын қазақтарға да ешқандай есеп құруға болмайды. Саяси-құқықтық сауат дегеннен жұрдай, ол байғұстарды да жергілікті әкім қойша қоралап, сайлау учаскесіне бірақ тығып, 100 % дауыс жинайды. Керек десеңіз, қазіргі билік оларды үгіттеп те, сайлауға шақырып та шаршамайды. Есімдері толтырылған тізімге билік партиясына дауыс берген деген белгі соғып, есеп бере береді.

Соңғы кездері билік ауылға жастарды емексітуге тырысып жүр. Ол биліктің ауыл қазағының жағдайын жақсарту ниетінен емес, қазақты ауылдан шығармай, түнекте ұстап отыру арқылы билікте мәңгі қала беру үшін жасап отыр. Мәселе мынада: ауыл қазағының өз құқығын білмейтінін және оны қорғай алмайтынын пайдаланып, «Нұр Отан» оларды меншікті электоратына айналдырып алған. Қазақ қаншалықты сауатсыз болса, кедей болса, билік үшін соншалықты тиімді. Билік иелері ауыл қазағына өзінің билікке келуін легитимдендіруші фактор ретінде қарайды: «мені қазағым қолдап отыр» деп.

Оппозиция алдымен өзінің кіммен жұмыс жасауы керектігін біліп алуы керек. Қазіргі жағдайда прогреске қарай жетекке жүретін екі топ бар. Олардың біріншісі - студент жастар, екіншісі - қала зиялысы. Биліктегілер оны жақсы біледі. Сондықтан қалай да бір дүрбелең туып кетуі мүмкін жағдайда қаланы студенттерден тазалаумен айналысады. Осы жолы да сөйтті. Білім және ғылым министрінің нұсқауымен, сайлаудан кейінгі екі апта ішінде студентерді Алматыда қалдырмауды ойластырды. Оқу жылының екінші жартысы кейінге жылжытылды.

* * *

Пікірсайысқа шыққандарға ауылды қалай көтеруге болады деген сұрақ қойылды. Бәрі, солардың ішінде Жармахан Тұяқбай да, ауылды көтеру үшін инвестиция тарту керек деген сияқты бірдеңелерді айтып жатты. Ана бір жылдары ауылға 5 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Ол ауылдың жұмырына жұғын болған жоқ. Егер 50 млрд бөлінсе, ауылдың бағы ашылып кетер ме еді? Ал ауылға баратын барлық жолды жөндеп, ауыл атаулыны ауыз сумен қамтамасыз еткеннен кейін, олардың тұрғындары ары қарай тез адымдап кетеді деп кім айта алады? Айналасы екі-үш жылдан кейін-ақ жолдар қайта опырылып, құбырлар істен шығып жатпайды деп кім кепілдік бере алады? Ауыл мәселесі оған қаражатты мол бөлумен шешілмейді.

Ауыл тағдыры тек қалада шешіледі. Әрине, кенттеудің жөні осы екен деп, ауылдықтарды ірі қалаларға жосықсыз жинап алғаннан олар өркениетті бола қалмайды. Керісінше, Алматы мен Қапшағайдың арасынан жер тілімдерін беріп, жапаларға толтырып қоюдың арты орны толмас өкінішке, әлеуметтік жарылысқа апарып соқтыруы мүмкін. Бақай, Шаңырақ, Думан оқиғалары осыны талай дәлелді емес пе? Қазаққа тұрпатты Шығыс елдеріндегідей, миллиондаған жұмыссыздар тығылған шахит белдеулерімен қоршалған алып мегаполистің керегі жоқ.

Ауылға жаны ашитын адам ауыл адамының өзін еңбекке қосып, қолында бар шикізатын пайдаланып, өнім шығаратын кәсіпорындар салғызуы керек. Және ол кәсіпорындарды ірі қалалар мен мегаполистерге емес, сол ауылға жақын, шағын қалаларға орналастыру керек.

Мәселе мынада: ауыл қазағының қолында астық, жеміс, көкөніс, ет, сүйек, сүт, тері және жүн бар. Демек, қалаларда тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындарын салу керек. Егер қалада шұжық пен сосиска, айран, май, ірімшік шығарылып, жеміс-жидек семдіріліп, мүйіздер мен сүйектерден дәрілер жасалып, былғарыдан тон, қолғап, аяқ киім тігіліп, жүннен тоқыма, маталар шығарылып, көйлектер мен костюмдер тігіліп, шетелдерге шығарылып жатса, мінеки, сонда ғана ауылдың тірлігі жанданады. Осы идея қазақтың санасына түсінікті тілмен жеткізілуі керек еді. Жармахан шағын қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін индустрия алдымен қажеттігін алға тартуы керек еді.

Бұның бәрі жанашырлықтан туған сөз. Оппозицияның арам сайлауда алданып қалғаны жанға батады. Ал сайлаудың адал өтпейтінін біле тұрып, болмайтын даудың соңына түсудің қажеті қанша еді?

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,

философия ғылымдарының

кандидаты

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 05 (133) 25 қаңтар 2012 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552