Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 30 Қаңтар, 2012 сағат 10:52

KazBIN ақпарат агенттігінің cайты

Тақырыптық номинация: Жаңалықтар, сұхбаттар, сараптама, тендер, кәсіпкерлерге кеңес;
Ресурстық тіл: қазақ, орыс;
Ашылған уақыт: 2012 жыл;
Бас редактор: Жандос Бәделұлы;

Тақырыптық номинация: Жаңалықтар, сұхбаттар, сараптама, тендер, кәсіпкерлерге кеңес;
Ресурстық тіл: қазақ, орыс;
Ашылған уақыт: 2012 жыл;
Бас редактор: Жандос Бәделұлы;

http://kazbin.kz/  

Ақпарат агенттігі! Бұл не? Ол не береді?
Оқыған-тоқығаны мол білікті адамның өзі менен дәл осылай сұраса титтей де налымас едім. Өйткені ақпарат агенттіктерінің қызметі жалпы көпшілікке етене таныс емес. Бұрын олар өнімін газет журнал, радио, телеарналар арқылы тарата алатын. Дипломатиялық желілерге беретін. Басқа мүмкіндіктері шектеулі еді.
Бүгінде заман басқа, заң басқа. Жоғары технология бұқаралық ақпарат құралдарының өміріне тереңдеп енген сайын жағдай өзгеріп келеді. Енді ақпарат агенттіктері өз өнімдерін ғаламтор ғаламаты арқылы оқырманға тікелей жеткізе алатын болды. Одан бері де біраз жыл жылжып үлгерген. Сөйтсе де ақпарат агенттіктері көпшілік арасында кең қолданысқа еніп кете алмады. Басты себеп - қызмет көрсету құнының өзге БАҚ тарға қарағанда айтарлықтай қымбаттығы. Әрине, бұған ешбір әріптесім жазықты емес. Бағаны адам қоймайды, нарық белгілейді. Десе де біз осы кем кетікті толықтырар бір жолды тапқандаймыз. Сөйтіп, барынша қолжетімді бағаларды ұсынып отырмыз. Сондықтан да біз, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына ақпараттық қызмет көрсетуге айрықша назар аудармақпыз.
Бүгінде ақпарат агенттіктерінің қызметіне қол жеткізе алмай отырғандар да негізінен солар. «Газет журнал барда ақпарат агенттіктерінің қажеті қанша?» дейтін сұрақтың да көкейге келері даусыз. Біріншіден, бұл - ең жедел ақпарат! Екіншіден, өте қолайлы: эфирдегі жаңалықтардың уақытын күтпейсіз, күніне бір мезгіл қатынайтын пошташының да жолын тоспайсыз, кез келген жерден өз электрондық поштаңызды ашып қалсаңыз жеткілікті... Бұған KazBIN ақпарат агенттігінің сіздің бизнесіңізге нағыз керек ақпаратты іріктеп ұсынатынын қосыңыз.
Тағы бір айтар сөз, бүгінде кәсіпкерліктегі ағайын «әне, дағдарыс», «міне, дағдарыс» дегеннен зәрәзәп болып бітті. Егер сіз отандық һәм әлемдік нарықтағы ақпараттарға қанық болсаңыз артық алаңдаудың жөні жоқ.
Ендеше, бізбен бірге болыңыз!
Құрметпен,
Бас редактор Жандос БӘДЕЛҰЛЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560