Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6419 7 пікір 13 Қараша, 2020 сағат 15:11

Армян реваншизмі қауіпті

Ресей араағайындығымен Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғысты тоқтату туралы 10 қарашада жасалған келісім армяндарға үлкен көмек болып тұрғанына қарамастан дәмелері үлкен сияқты. Өздерінің жеңілгенін мойындап, бұдан 28 жыл бұрын заңсыз басып алынған әзірбайжан аумағын толықтай қайтарып беруді мақұлдаудың орнына жеңілгендеріне намыстанып біресе аспанға секіріп, біресе жерге түсіп, өліп-өшіп жатыр. Наразылық жасап, Үкімет Үйі мен парламент ғимаратын басып алған видеоларына қарасаңыз нағыз жабайы жұрт дерсің. Бәрі Пашинянды іздеп жүр.

Әлгінде тағы бір видео шықты: үсті-басы қан-қан Пашинянды полиция сүйемелдеп барады. "Оңбағандар, кабинетімді талқандап, компьютерімді, сағатымды, заттарымды ұрлап кетіпті" деп жатқан көрінеді. Оппозицияға әзірбайжан әскерінің қолынан қаза болған 13 мың солдаты мен жасақшылары аз боп тұрған сияқты.

Таулы Қарабағқа "бітімгершілік миссия" деген желеумен Ресей әскерінің кіргізілуі Арменияны зор апаттан сақтап қалды. Бірақ келісімде тағдыры шешілмеген "Таулы Қарабағ" проблемасы бұл дағдарысты тағы бес-он жылға созып жіберетін болды. Бірінші Петр заманындағы Қап тауының картасында Әзірбайжан елі бар, ал Армения мүлдем жоқ. ХІХ ғасырда Иранмен арада буферлік рөл атқару үшін жан-жақтан бір млн-дай христиан армяндар көшіріліп келіп әзірбайжандардың "Иериван хандығы" жерінде қолдан қуыршақ мемлекет жасалған. Ойдан шығарылған "Таулы Қарабағ біздің тарихи жеріміз" деген жаңсақ елес әлі де талай армян жастарының басын жейтін сияқты. Өйткені армяндардың реваншистік пиғылы бүркемеленіп тұрған жоқ. "Біз армиямызды күшейтіп мықты жұдырыққа айналдыруымыз керек" дейді олар. Соған қарағанда қақтығыстардың көкесі әлі алда болуы ықтимал. Әрі ондай әскери қақтығыс орын алса Ресей ашықтан ашық Армения жағына көмектесетін болады.

Әзірбайжандар бүгінде жеңіске жеттік деп қуанғандарымен алда үлкен проблемалар тұр. Сондықтан әзери бауырларға әскери күш-қуатын арттыру мен соғыс жүргізудің жаңа тәсілдерін жетілдіре беру өте маңызды. Кез келген сәтте түрлі арандатушылықтарға күшпен жауап беруге дайын тұру қажет.

Марат Байділдәұлының жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485