Шара кезінде милиция мыңнан астам адамды ұстады. "Весна" құқық қорғау тобының мәліметінше, ұстаулар негізінен Минск қаласында болған. Мұнда арнайы жасақ көзден жас ағызатын газ және құлақ тұндыратын түтін қолданып, наразыларды күшпен таратуға тырысқан.
Азық-түлік дүкенінің алдында қауіпсіздік күштері екі адамды ұрып-соққан. Беларусь журналистер қауымдастығының дерегі бойынша, кемінде 18 журналист ұсталған. Арасында Азаттықтың Беларусь қызметінің төрт тілшісі бар.
Наразылар оппозицияның ақ-қызыл түсті туы мен Бондаренкоға арналған плакаттар ұстаған. Наразылар "Лукашенко! Трибунал!", "Мен шығамын" (Бондаренконың маска таққан адамдармен жанжалдаспай тұрып айтқан сөзі) деп ұрандап, айқайлаған.
Акция кезінде интернет тоқтап қалған. Минск орталығында бірнеше метро станциясы жабылған. Минскімен қатар Гомель, Гродно, Могилев қалаларында да милиция адамдарды ұстаған. Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская жексенбілік акцияны таратуды айыптап, халықаралық қауімдастықтан наразыларды қолдауды сұраған.
Abai.kz