Сенбі, 23 Қараша 2024
2109 0 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 10:46

HRW Еуроодақты Орталық Азияға адам құқығы бойынша көмектесуге шақырды

Еуропалық одақ Орталық Азия елдерінің билігіне адам құқықтары саласына жүргізілген реформаларға байланысты қолдау көрсетілетінін ашық жеткізуі тиіс.

Осылай деп Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездесуі қарсаңында мәлімдеді.

"Биыл дағдарыс кезінде Орталық Азия елдеріне қолдау көрсету адам құқықтары міндетін сақтауына байланысты көрсетілсе жақсы болар еді", - делінген HRW Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директоры Хью Уильямсон мәлімдемесінде.

HRW Еуропалық одақтың Орталық Азия елдері бойынша 2019 жылы қабылдаған стратегиясы Брюссельге адам құқықтары талаптарын сақтауға шақыруға жақсы мүмкіндік болушы еді деп атап өткен.

COVID-19 пандемиясы Орталық Азия елдеріне қатты әсер етіп жатыр. Оның үстіне құқық қорғаушылар карантин шаралары журналистерге, белсенділерге және медицина қызметкерлеріне қарсы шектеулер қоюға пайдаланылды деп есептейді.

Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің үкімет өкілдері жыл сайын ЕО стратегиясының қалай жүзеге асып жатқанына есеп беру мақсатында кездесу өткізеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443