Басқыншыны қолдау - басынғандық!
Жалпы, әзербайжан мен армян қақтығысы басталғаннан бері, осы соғыс жайлы пікір негізінен бір жерден шығып тұрғандығы белгілі. БҰҰ-ның арнайы резолюциясы бойынша осы екі елдің арасындағы түйінді мәселе Таулы Қарабақ Әзербайжанның аумағына енеді. Бітті. Мұны арнайы дауға айналдырудың қажеті жоқ.
Дегенмен, «Қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» дегендей «тек өзім білем»» дегенге салынып, осынау халықаралық ұстанымға қарсы шығып, армян жағын жапа шегуші етіп көрсетуге тырысатындар да табылып жатыр. Соның бірі ғана емес, бірігейі мына көршіміз Ресей. Ресей болғанда, мемлекеті емес, ондағы аса беделді топ армян диаспорасының ықпалындағы баспасөз құралдары. Бұлар «Ресей неге осы соғысқа бірден аралспайды, армияндарды қорғап, әзербайжандардың сыбағасын бермейді» деп ұлардай шулап жатыр.
Жарайды, көршімізді көрер көзге әділетсіздік болса да, ол жеке бір мемлекет, не ісеймін десе өзі біледі. Ал өзімізді тәуелсіз мемлекет, өзіндік көзқарасымыз бар дейтін Қазақстан деген жұрттағы кейбіреулердің «құйысқанғы қыстырылып», әлгіндей арандатушылық саясаттың сойылын соғатындығын қалай бағалауға болады?
Армияндарды арашалуға деген «жорықты» алдымен өзіміздің атақты «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Тигран Баргесян «бастап» кетті. Ол ешкімнен де, ештеңеден де шіміркенбестен, қасыластар қақпасына гол соққанан кейін, ол осы соққан голдарын өз Отанында, яғни Армениядағы соғыста қиын жағдайға тап болған отандастарына арнаймын» деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Ал осыны алдымен өзіміздің порталдың тілшісі «Қарабақ дауы. «Астана» кімнің сойылын соғады?» деп дабыл қақты.
Енді осынау сыпайылап айтанда әдепсіз ғана емес, арандатушылық қылығына, қазақ елінде тұрып, миллиондап табыс тауып, шалқып өмір сүрсе де, сол елдің мемлекеттік мүддесін аяққа басып, тәуелсіз саясатымызды аяқ асты еткендігіне ең болмаса «сенің мұның дұрыс емес. Сен Арменияда емес, Қазақстанда тұрып жатырсың. Байқап сөйле!» деген ешкім болмады. Міне, осы мақала жарық көргелі бір айға жуықтап қалса да сес көрсеткен адам болмады. Жарайды, ана команда басшылығы мен футбол қауымдастығы мұы өздерінше әншейін бір ұсақ-түйек санасын делік. Ал спорт министрлігі неге үнсіз? Біздің билік сонда қайдағы бір келімсектің еліміздің саясатына ашықтан-ашық қарсы шығып, аузына келгенін айтса да оған қарсы ештеңе де айтал алмай ма? Ашық түрде болмаса да, қалың қазақтың бір кездері Армения Әзербайжанға тиесілі Қарабақты ғана емес, соның жанандағы жеті бірдей ауданын басып алған жерлерін қайтарып алу жолындағы қасиетті де әділетті соғысын жаппай қолдайтындығын біле тұра, осылай істесе, ал оған біз: «Шаңыраққа қара» деп те айтуға жарамасақ, сонда қандай егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанымыз?
Осыдан кейін бізді кім болса, сол басынбай қайтеді. Дәл осылай болды да. «Жаман әдет жұққыш келеді» дегендей енді еліміздегі орыс тілді баспасөз де бұған қосыла кетіп, Баргасян «батырдың» ізбасаралары көбейді. Мәселен, батысымыздағы Ақтау қаласынан шығатын «Лада» газеті «темірді қызған кезде соғып» іле-шала айқайлатып «Армяндар атамекен жерін тастап, өздерін үйлерін өртеп жатыр» («Армяне покидают земли предков и сжигают свои дома») деген мақаласын басып, өздерінше «үлкен ерлік» жасады. Және де олар еш қысылмастан мұны Арменияның «Sputnik Армения» деген порталдан алғандығын, Карчавар деген жердің тұрғындары туған жері мен үйлерін тастап кетіп жатыр» деп көз жастары көлдей болады. Не деген туысқандық пен бауырмалдық «қасиетті» сезім десеңізші. Алайда «Лада» дегеннің Қарабақ армяндардың еш уақытта атамекені де, туған жері болмағандығын және бола да алмайтындығын бұлардыңі ойларына да кіріп шықпайды. Білдей бір газеттің мұны білмеуі мүмкін емес. Демек, біле тұра әдейі істейді, «қыларыңды қылып ал» дегендей ашық қыр көрсетеді. Мұнысына таң қалуға да болмас. Өйткені олар біздің биліктің орыстілді баспасөзге келгенде үні шықпай қалатындығы, оларға еш уақытта тісі батпайтындығын анық біледі.
Мұны аз десеңіз, өзіміздің танымал «Информбюро» деген сайт «BBC NEWS. Русская служба» деген агенттігінен «Новый исход. Армяне бегут из Карабаха, сжигая свои дома» деген мақаласын басады. Бұларда да бүкіл дүние жүзі басқыншы деп бағалаған елге деген жанашырлығы анық сезіледі. Біріншіден, мақаладағы «исход» сөзі бір кездері еврейлердің Египет фараондарынан қатты зорлық-зомбылық көріп, атамекенін іздеп үдере көшкендігі білдіретін үғым. Бұл жерде армяндар әзербайжандардан қандай қорлық көріп отыр? Қайта армяндар емес пе, отыз жыл бойы әзербайжандардың бір миллионнан астам адамдарын босқынға айналдырып, онымен қоймай «кете бероңдер» деп өтірік алдып, артынан автоматпен оқ жаудырып, аяусыз қырып, қалғагндарына зорлық көрсеткен. Ол кезде әзербайжандар үй-жайлары мен қора-қопсыларының мұртын да бұзбай, тастап кеткен еді. Мұны да дүниежүзі біледі.
Бұл мақалада армяндарға ашықтан-ашық жанашырлық танытып тұрғандығы анық байқалады.. Мәселен, осындағы Қарабақтың терістігіндегі Чаректар деген елді-мекеннің Карен деген тұрғыны: «Мен үйіді әзербайжанға қалдырмаймын. Ал ,жалпы бұл жерге біз қайтып келеміз» деп қоқан-лоққы көрсетеді.Және мұндайлар осында жетіп артылады. Демек, ес жинап алғасын, армяндар баяғы басқыншылық соғысын тағы да бастамақ па? Сол кездегі біздегі әлгіндей бұқаралық ақпарат құралдары тағы да соларды қолдап шыға келер ме екен? Өзгерелерді білмеймін, менің бұған еш күмәнім жоқ. Жалпы, ешбір газет не порталдың редакциясы өздерінің көзқарастарына сәйкес келмейтін мақаларды еш уақытта баспайды. Демек, бұл үдіріс одан ары да жалғаса береді. Өйткені, өкінішке қарай, бізде оларға «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмай тұр. Сосын арам ойлылыар ордаңдамай қайтеді?
Жайберген Болатов
Abai.kz