Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3956 0 пікір 2 Ақпан, 2012 сағат 06:21

Құрманғали Ашанұлы. Уақытша қиындықтан қалай шығуға болады?

Өткенде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов әлемдік қаржылық дағдарысты бұрнағы жылдардағыдай айналып өтпейтінімізді айтқан еді. Төмен кәсіпкер Құрманғали Ашанұлының 2008-нші жылғы дағдарыс кезінде өз кәсібін қиындықтан қалай құтқарып, дағдарысқа қалай төтеп бергені жөніндегі материалын беріп отырмыз. Әркім өзіне керегін алар деген ойдамыз.
«Абай-ақпарат»

Өткенде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов әлемдік қаржылық дағдарысты бұрнағы жылдардағыдай айналып өтпейтінімізді айтқан еді. Төмен кәсіпкер Құрманғали Ашанұлының 2008-нші жылғы дағдарыс кезінде өз кәсібін қиындықтан қалай құтқарып, дағдарысқа қалай төтеп бергені жөніндегі материалын беріп отырмыз. Әркім өзіне керегін алар деген ойдамыз.
«Абай-ақпарат»

2008 жылғы әлемдік дағдарыс бүкіл әлемді шарпыды. Осы дағдарыстан мемлекеттер әлі де есін жия алмай, мемлекеттердің қарызы ІЖӨ-нің көлеміне теңесуде. Тіпті, экономикасы жақсы дамыған Еуропа мемлекеттерінің қаржы институттары күйзелістен құтыла алмай отыр. Қаншама адамдар жұмыстан қысқартылып, жұмыссыз қалуда. Еуропа мемлекеттері өз халқына үнемдеп өмір сүріңдер деп, амалсыздан бюджеттік шығысын кесіп тастауға мәжбүр болуда. Мемлекеттердің ІЖӨ қысқаруда. Бұдан ұққанымыз, жаһандық қаржы дағдарысы белгілі бір кезеңде қайталанып тұрады. Сондықтан мен жақсы көретін достарымның жеке кәсіппен айналысатын туған-туыстары, достары, таныстары бар болу керек. Ол өмірдің заңы. Меніңше, олар қаржылық дағдарыстан зардап шекпеуі керек. Қаржы дағдарысының алдын-алу шараларын сауатты сәтті жүргізсе, дағдарысқа қарсы тұра алады. Жеке кәсібі банкротқа ұшырамайды. Өзім шағын кәсіппен айналысып, 2007-2008 жылдары қаржылық дағдарысты басымнан өткіздім. Қаржы дағдарысы кезінде менде қорқып, үрейленіп жүрдім. Осынша маңдай термен күндіз-түні ұйықтамай ашқан кәсібім жабылып қала ма деп қорықтым. Бірақ мен қаржылық дағдарысты жеңіп шықтым. Аллаға шүкір, кәсібім қазір жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлер осы менің басымнан өткен қиындықты түсінсе, өзінің қажетіне жаратар деп ойлаймын.
Жеке Кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы

Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан мемлекетіне әсерін тигізіп жатыр. Қазақ елін әлемнен бөліп-жаруға болмайды. Кешегі санақ бойынша, елімізде халықтың саны - 16 миллион 400 мыңнан асыпты. Алтын-валюта қорымыз - 50 миллиард АҚШ долларын құрады. Үкімет қаржылық дағдарысты тежеуге тоқтатуға ІЖӨ-нің 14 пайызын құрайтын 18 миллиард АҚШ долларын бөлді. Ең бастысы, нарықтық жүйе экономикамызда толық қалыптасып, кәсіпкерлер жұмыс істеудің тәжірибесін жинақтауда. Бюджеттен бөлінетін шығындар әлеуметтік салаларға қысқармай, ал керісінше, мемлекеттік органдар өздерінің шығындарын азайтуда. Бабаларымыз «Көппен көрген ұлы той» демекші, дағдарыстар тарихта болып тұрады. Оны біліп, оқып осы уақытта отандық кәсіпкерлер бастарынан қиыншылықты өткізіп жатыр. Өмір қиындықсыз болмайды, оны жеңе білу керек.
1. Қаржы дағдарысы кезінде мыңдаған адам жұмыссыз қалып, қысқарады. (Оларды жұмыспен қамту мемлекеттік органдардың құзырында. Мен бұл проблемаға тоқталмай-ақ қояйын. Әркім өз ісімен айналысуы тиіс).
2. Көптеген шағын және орта кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жалға алып отырған офистерін өткізіп, қаланың шет аймақтарына көшуде.
Кәсіпкерлер ұсыныс пен сұраныстың азаюына байланысты қаржылық тапшылыққа тіреліп, жергілікті салық бөліміне барып жағдайын айтып,  жұмыс толық жүріп кеткенше демалыс алуға мәжбүр болуда. Мысалы, Алматы қаласында 2008 жылдың соңғы екі айында 595 салық төлеуші 7 миллиард теңге салық төлемепті. Алкоголь өнімдері 40 пайызға кеміпті. Қонақүй, мейрамхана, шаштараз, халыққа қызмет көрсететін басқа да орындардың клиенттері бұрынғыдай емес, өте аз немесе сирек баратын болыпты. Мысалы, автомобиль жөндейтін В. Шебердің айтуы бойынша, бұрын кәсіпкерлер келіп өз автомобильдерінің  ақауын бірден сөзге қарамай жөндететін. Ал қазір олардың барлығы келіп, автомобильдердің ақауын зерттеткізіп, қанша айға дейін шыдайтынын білген соң көбісі жөндетпей кетіп қалады. Цехта бірігіп жұмыс істейтін С. мен салық бөліміне барып: пеш дәнекерлейтін 5 шеберді тауарға сұраныстың жоқтығынан уақытша демалысқа жіберіп отырмыз. Өзіңіз білесіз, шебер дәнекерлеушілер табу қиын, олардың 20 жылдық тәжірибесі бар деп жағдайымызды айтып едік, салық бөлімінің бастығы түсініп, біздерге жұмыс жүргенше уақытша демалыс берді. Түсінген адамға пештің артында халық тұр, қақаған қыс тұр...Егер қыста пеш жарылып кетсе, С. екеуміз жауап береміз. Дана халқымыздың «Сабыр түбі сары алтын» дегеніндей қаржы дағдарысы кезінде кәсіпкерлерге төзім мен сабырлылық керек. Бұрын жұмысын оңды-солды жүріп, күнделікті мол ақша тауып отырып, алам деген затыңды сатып алуға ақшаң жетіп, бір уақытта дағдарыстың кесірінен жұмысың жүрмей қалса, кәсіпкердің жан дүниесіне бірден әсер етеді. Оны кәсіппен айналысқандықтан басқа да, кәсіпкерлермен кездескенде бір-бірімізге айтып, ойымызды бөлісеміз. Тауарың бұрынғыдай өтпей, жұмысын алға жылжымай, қаржылық қиындықтар туындап, жұмысшыларыңды уақытша демалысқа жіберу, кәсіпкерге оңайға тимейтінін сезетін шығарсыздар. Мәселен, осы кезде кәсіпкердің ұйқысы бұзылып, «не болар екен?» деген күдік, үрей, құлазу сезіміне бой алдырады. Бұрынғыдай белсенділік азайып, таныстарға баруға, кездесуге құлқың соқпай, өзіңмен өзің отырғанды қалайсың. Кейде әртүрлі шығындарға төлем төлегенде жүйкеңе күшті әсер етіп қалатын уақыттар жиі-жиі болып тұрады. Әлемдік экономиканың өсімі төмендеуде. Қазақстан ІЖӨ биыл бақандай 3,2 пайызға қысқарды. Үкімет бюджеттің шығыс мөлшерін 321 миллиард теңгеге қысқартты. Осы мен кейбір жазғыштар мен ғалымдарға түсінбеймін. Олар өз еңбектерінде шетелдік ғалымдардың еңбектерін қолданып, мысалға келтіреді. Қазір бізде де дағдарыс жүріп жатқан жоқ па? Алматы қаласында 62169 шағын және орта кәсіпорын тіркеліпті. Қаржылық дағдарысты өзіміздің отандық кәсіпкерлер басынан өткізіп жатыр емес пе? Сонда деймін-ау, жоғарыда аталғандар қасында тұрғандардан сұрамай, неге шетелдіктерге үйір? Біздің өз қазақстандық менталитеміз бар емес пе? Неге олар Қазақстан кәсіпкерлерінің жырын жырламады? Бюджетке салық төлеп отырған қазақ кәсіпкерлері емес пе?
Енді өзінен-өзі сұрақ туады. Қаржы дағдарысы кезінде  кәсіпкер өзін-өзі қалай ұстап, не істеуі керек?
1. Кәсіпкер  уақытша қиындық кезінде өмірден үмітін үзбей, өзіне нық сенімді болып, жан-жаққа қарап, кімнің не істеп жүргенін, олардың жіберген қатесін, істеп жатқан былықтарына сараптама жасап, салыстырып отырғаны жақсы.
Тапқан табысы маңдай термен, күні-түні жұмыс істеп, адал еңбекпен келгенін жиі-жиі еске түсіруі керек. Сол кезде қорқыныш пен үрей сейіліп, көңіліңіз бір көтеріліп, қалыпты жағдайға түсіп, сізден бақытты адам жоқ екенін сезінесіз...Бір күш пайда болып, жұмысыңызға құлшына кірісесіз. Алланың нұрынан кейін күн шығатыны анық. Дауылдан кейін мамыражай орнайды.
2. Көрші кәсіпкерлермен күнде кездесіп, ой бөлісіп, шер тарқатқаныңыз өте дұрыс әрі пайдалы. Сізді кәсіпкерлер ғана түсінеді. Себебі ол да уақытша қиындықты өз басынан өткізіп жатыр. Басқа саладағылар сіздің жай-күйіңізді түсінбейді, олармен қысқаша сөйлескен дұрыс.
3. Үйдегі бала-шағаға қаржы дағдарысының уақытша екенін түсіндіріп айтқан жөн. Олар жұмсайтын шығындарын үнемдесе, ұтпасаңыз, ұтылмайсыз. Кейін әрі қарай үнемдеп өмір сүруге қалыптасады.
4. Қаржы дағдарысына кәсіпкер кінәлі емес екенін есіне ұстап, жергілікті салық бөліміне барып, уақытты созбай, жүріп алмай, тезірек демалыс алсаңыз, ұтасыз. Себебі бір істі бітіріп, көңіліңіз орнына түсіп, кәсібіңізді әрі қарай дамытуға кірісесіз. Жұмыс жақсы жүріп кетсе, салық бөліміне барып ескертесіз.
5. Қаржы дағдарысы кезінде кәсіпкер өте сақ жүруі керек. Осы кезде ұрлық-қарлық, алаяқтар көбейеді. Өз басымда болған оқиғаны айтып кетсем, кәсіпкерлерге сабақ болады. Мысалы, банктің алдында тұрған машинаның дөңгелегін тесіп, алаяқтар соңымнан еріп «мен жөндеп берейін» деп, сөзге айналдырып машинаның ішіндегі  бағалы заттарымды ұрлап алып, біраз әбігерге салғаны бар. Осылардан кәсіпкердің сақ болғаны дұрыс.
6. Әр кезде бойыңызды тік ұстап, еңсеңізді көтеріп жүріңіз. Қиындықпен күресе білу қажет. Егер кәсіпкер уақытша қиындықта өмірдің жүгін көтере алмаса, кәсібі банкротқа ұшырап, кәсіпті ұстап тұра алмай, еңбегі зая болып, кейін өкінеді.
Шығыстың ғұламасы Хафиздің айтқаны қиыншылық кезде кәсіпкерлерге ой салады: шыдамдылық пен бақыт мәңгілік дос. Егер сенде төзімділік болса, бақыттың өзі сені іздеп табады.
Әлемдік қаржы дағдарысына ислам тағылымы не дейді? Соған қысқаша тоқталсақ, кәсіпкерлерге артық болмас. Ислам қиындық болатын кездерде кәсіпкерлерді сабырлылық пен төзімділікке шақырады.
Қасиетті Құран-Кәрімнің Бақара сүресінің 155-ші аятында: Кейде бір қорқыныш - үрей төндіру, таршылық жасау, мал-жандарыңа кемшілік келтіру, өнімдеріңді азайту арқылы Біз сендерді сынға аламыз.
Осындай тауқымет келген шақта:
«Біз Алланың пендесіміз және оның алдына қайта барамыз» депті.
Сабыр сақтаушыларды (ей, Мұхаммед),
Сен қуандыр, - деген екен.
Қаржылық дағдарыс - кәсіпкерлерге осы өмірде сын. Алла адам баласына байлықты мол беріп сынаса, енді бірде байлықты алып, тағы сынайды. Кәсіпкер қиындық кезінде сабырлылық көрсете білсе, оның бағы жанады. Ал кәсіпкер осы кезде сабырлылық пен төзімділік көрсете алмаса, оның ісі жүрмей, банкротқа ұшырап, кәсібінен айырылады. Кім сабыр сақтаса, сол кәсіпкер уақытша қиындықтардан аман-есен өтетінін нық сеніммен айта аламыз.  Бұл - Құран-кәрімнің сөзі..
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568