Сенбі, 23 Қараша 2024
2586 2 пікір 18 Қараша, 2020 сағат 14:08

Қазақстанда саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізілді

Қазақстанда саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады. 

Агенттік ақпаратынша, Преидент осы жылдың 13 қарашасында мемлекеттік қызмет саласындағы кейбір актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін Жарлыққа қол қойған.

Осылайша, елімізде саяси қызметшілерді ротациялау институты алғаш рет енгізілді (бұрын ротация әкімшілік қызметшілерге ғана қолданылған). Енді, саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын ротацияланатын болады.

Бұл ретте тиісті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Кейіннен екі жылға ұзарту Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша ғана мүмкін болады.

Осылайша, саяси қызметшілердің лауазымда болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі сегіз жылдан аспайды.

Саяси қызметшілерді ротациялау институты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Сондай-ақ, осы Жарлықпен «Б» корпусының қызметшілерін ротациялау тәртібіне толықтырулар енгізілді. Мәселен, әкімдіктер басқармаларының басшыларына өңіраралық ротациялау енгізілді (бұрын оларды ротациялау тек бір әкімдік шегінде ғана мүмкін болатын). Бұл ретте мұндай ротация әкімдіктерде командалық орын ауыстыруға жол бермеу мақсатында Агенттікпен келісім бойынша жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, соңғы үш жылдан кем емес белгілі бір басшылық лауазымдарды атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусының қызметшілерін ерікті ротациялау енгізілді. Сонымен қатар, мұндай ротация басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке ғана мүмкін болады.

Зейнеткерлік жасқа толғанға дейін үш және одан аз жыл қалған қызметшілерге ротациядан бас тарту құқығы берілгенін атап өткен жөн.

Ротацияның негізгі мақсаттары мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылады.

Сондай-ақ, осы Жарлықпен «Б» корпусының қызметшілерін мемлекеттік органдардың ішінде ауысу тәртібімен тағайындау мүмкіндігі енгізілді.

Сонымен, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік орган ішіндегі өзге де тең дәрежелі лауазымға, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымға осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл төмен тұрған лауазымда өтілі болған жағдайда ауысу тәртібімен тағайындалуы мүмкін.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415