Таласбек Әсемқұлов. Кемеңгердiң өмiрiнен бiр үзiк сыр
Мен ол адаммен 1973 жылдың қыркүйек айында танысқан едiм. Содан берi отыз сегiз жыл өтiптi. Уақыт көп нәрсенi өзгертедi екен. Бүгiнгi күн биiгiнен қарасам, ол адамды бозбала кезiмнен емес, бүкiл саналы өмiрiмнiң барысында бiлген сияқтымын. Оның көптеген ойлары, ақылды сөздерi қазақ мәдениетiнiң тәнiне дарыды, етенесiне айналды. Әрине, мен оның өмiрдегi және өнердегi тұлғасын толық қорыта алдым дей алмаймын. Бiрақ, ол жайында оның тiрiсiнде бiлгенiм және бақиға кеткеннен кейiн ол турасында ойланып, пайымдап жеткенiмнiң өзi замандастарыма айтып беруге жарайтын әңгiме деп ойлаймын.
73-жылы мен арман арқалаған он жетi жасар бозбала, Алматыға келдiм. өзiмнiң нағашы атам және ұстазым Жүнiсбайдың тапсырмасымен Жарқын Шәкәрiмовты iздеп таптым. Ол кезде бүкiл одақтағы күйтабақты «Мелодия» фирмасы жалғыз шығарады. Фирманың редакциясы М.Әуезов атындағы бас театрдың үшiншi қабатында екен. Жарқын ағаммен танысып, арқа-жарқа болып отырмыз. Аздан соң қолыма домбыра ұстатты. Бiрнеше күйдi шертiп бердiм.
Жәкең қатты риза болып «Қой, мен сенi Асекеңе көрсетпесем болмайды екен» деп менi дәлiздiң басқа бiр қалтарысындағы бөлмеге ертiп барды. Орақ мұрын, қараторы өңдi, әдемi адам, плащы мен шляпасын киiп, қолына папкасын ұстап ендi шығайын деп жатыр екен.
- Асеке, - дедi Жарқын ағам, - мына бала ауылдан келген екен. Домбырашы. Бiр тыңдап кетiңiзшi.
Мен ол адаммен 1973 жылдың қыркүйек айында танысқан едiм. Содан берi отыз сегiз жыл өтiптi. Уақыт көп нәрсенi өзгертедi екен. Бүгiнгi күн биiгiнен қарасам, ол адамды бозбала кезiмнен емес, бүкiл саналы өмiрiмнiң барысында бiлген сияқтымын. Оның көптеген ойлары, ақылды сөздерi қазақ мәдениетiнiң тәнiне дарыды, етенесiне айналды. Әрине, мен оның өмiрдегi және өнердегi тұлғасын толық қорыта алдым дей алмаймын. Бiрақ, ол жайында оның тiрiсiнде бiлгенiм және бақиға кеткеннен кейiн ол турасында ойланып, пайымдап жеткенiмнiң өзi замандастарыма айтып беруге жарайтын әңгiме деп ойлаймын.
73-жылы мен арман арқалаған он жетi жасар бозбала, Алматыға келдiм. өзiмнiң нағашы атам және ұстазым Жүнiсбайдың тапсырмасымен Жарқын Шәкәрiмовты iздеп таптым. Ол кезде бүкiл одақтағы күйтабақты «Мелодия» фирмасы жалғыз шығарады. Фирманың редакциясы М.Әуезов атындағы бас театрдың үшiншi қабатында екен. Жарқын ағаммен танысып, арқа-жарқа болып отырмыз. Аздан соң қолыма домбыра ұстатты. Бiрнеше күйдi шертiп бердiм.
Жәкең қатты риза болып «Қой, мен сенi Асекеңе көрсетпесем болмайды екен» деп менi дәлiздiң басқа бiр қалтарысындағы бөлмеге ертiп барды. Орақ мұрын, қараторы өңдi, әдемi адам, плащы мен шляпасын киiп, қолына папкасын ұстап ендi шығайын деп жатыр екен.
- Асеке, - дедi Жарқын ағам, - мына бала ауылдан келген екен. Домбырашы. Бiр тыңдап кетiңiзшi.
- Бұл Асқар Сүлейменов деген ағаң болады, - дедi содан соң маған бұрылып.
- Осы театрда қызмет етедi. Қол алысып таныстық.
- Ал, кәне, ильхамыңды көрейiк, - дедi Асекең тiкесiнен тiк тұрған күйi. Әуелiде Байжiгiттiң бiр күйiн шерттiм. Папкасын үстел үстiне қойып тыңдады. Содан кейiн сәл үңiлiңкiреп:
- Тәттiмбеттен не бiлесiң? - дедi.
Тәттiмбеттiң «Зар Қосбасарын» шерттiм. Ендi Асекең киiмiн шешiп, орындыққа орнығып отырып тыңдады. Күй кешi ұзаққа созылды. Менi жаңа танысымның күй турасындағы бiлгiрлiгi мен эрудициясы ғана емес, сондай-ақ, аз сөйлеп, көп мағына жеткiзе алатын дағдысы қайран қалдырды. Қазақ ауылында өстiк, небiр тiлдi, шешен адамдарды көрдiк. Бiрақ, бұлай түйiндеп, аса қымбат мән-мағынаның өзiн елеусiз ғана сөз арасына қыстыра салғанды бiрiншi рет көргенiм. Бұл адам үшiн бұндай өре әдепкi нәрсе екенi байқалды. Мiне, Асекең осылайша, бала деп қомсынбай, жолынан қалып, өнерiмдi тамашалап, бағалап берiп едi.
- Өнерiң өрiстi болсын, - дедi қолымды қысып қоштасып тұрып. - Әбiкен, Мағауия, Төлеген мен Генерал Асқаров сияқты дәулескер күйшiлердi көп тыңдау керек. Күйшi тыңдап өседi, тыңдап жетiледi. Содан кейiн, бауырым, әншiнiң қазынасы - даусы болса, сенiң қазынаң - саусағың. Қолыңды мертiктiрiп алмай күтiп ұста.
Мен, бiр кештiң әңгiмесiмен бүкiл дүниемдi төңкерген бұл адаммен үш жылдан кейiн, 76 жылдың күзiнде екiншi рет таныстым. Осы қайыра таныстығым шын таныстығым екен.
Әскерден кейiн ҚазПИ-дiң филология факультетiне оқуға түстiм. Оқу жылының басында орыс бөлiмiнде оқитын Рамазан деген курстасыммен таныстым. Белгiлi сыншы Төлеген Тоқбергеновтың баласы болып шықты. Көп ұзамай Төлеген ағаның жанұясымен де таныстық. Сыншы ағамыздың жары - танымал ақын Бәтима Батырбекова едi. Әдебиетшiлердiң шаңырағы, әдеби рух. Жиналып алып күнi бойы айтатынымыз тек әдебиеттiң әңгiмесi ғана.
Бiрде Бәтима анамыздың қуырдағын жеп, шайын iшiп, «әлемдiк әдеби проблемаларды» талқылап, есiп отырғанымызда, Төлеген ағаның кабинетiнен бiр адам шығып, ас үйдiң есiгiне келiп тұрды да:
- Привет молодым демократам! - дедi.
Жалт қарадым. Асекең. Ол да менi бiрден таныды.
- Ә, күйшi бала, сен де осында екенсiң ғой, - дедi жымиып. - Рамазан екеуiң дос екенсiңдер ғой. Өте жақсы.
Содан кейiн Асекеңмен Төлеген ағаның, Зейнолла ағаның (Серiкқалиев) үйлерiнде талай рет кездесiп, дастархандас, сұхбаттас болыппыз. Өмiрiнiң соңғы кезiнде ол, белгiлi домбырашы Секен Тұрысбековпен көп араласты. Бiрнеше рет Секеннiң үйiнде де кездестiк.
Мен бұл мақалада Асқар Сүлейменовтiң өзiм куә болған өмiрiн баян етейiн деп отырғаным жоқ. Бұл - болашақ биографтардың мiндетi. Мен тек қана ол адамның ойының өресiн көрсеткiм келедi. Бүгiнде өнер, ғылым мен бiлiм үздiксiз жiктелу үстiнде. Күнде ойымыз түгiлi түсiмiзге кiрмеген жаңа сала, жаңа термин ашылып жатады. Асқар Сүлейменовтiң күрделi танымын салалап, жiкке жатқызу белгiлi дәрежеде қиындық туғызады. Әдетте ондай бiтiмдегi синтетикалық танымды зерделеу кезiнде автор оқырманмен шартты бiр термин жайында келiседi. Мен де оқырманмен келiсе отырып, дiни фәлсафа деген терминдi пайдаланғым келедi. Өйткенi, дiн фәлсафасы мәдениеттiң денiн қамтитын болғандықтан, бiз әңгiме етпек адамның әдеби я басқа да ойларының бiр шетi мiндеттi түрде дiнге жанасып тұрады.
Бiрден ескерте кетейiн, мен тiлге тиек ететiн мәселелердi сiз Асқар Сүлейменовтың жазба мұрасынан таба алмауыңыз мүмкiн. Кейбiр адамдар үшiн Асекеңнiң бұл ойлары таңсық болып көрiнер. Асекеңнiң отырысы - сұхбаттасының өресiне қарай едi, жауабы - сұрақтың ыңғайына орай едi. Содан соң, ой еңбегiмен айналысқан көп адамның айтқаны ауызекi әңгiме түрiнде жетiп, хатқа содан кейiн түскен. Ой тарихында бұл көп рет қайталанған жәйт.
Асекең пiрадар емес едi. Догматтарды мойындамайтын. Ол әлi аяқталмаған, әлi жалғасып жатқан жаратылыс жағында болатын. Плюреалист едi. Вольтер «Мен сiздi жек көрем, бiрақ өзiңiздiң пiкiрiңiздi айтуыңызға барынша көмек көрсетем» («Я ненавижу вас, но я сделаю все, чтобы вы смогли выразить свое мнение») деген екен. Асекең ойына келiспейтiн, ұнатпайтын адамының пiкiрiне де құрметпен қарайтын. Сөзi басқа адамды таптап, аузын жауып, сөйлетпеудi уағыздаған, ойы басқаны жау деп жариялап, қоғамнан аластап дағдыланған тоталитарлық жүйенiң кезiнде Асекеңнiң бұл мiнезi ерекше сананың көрiнiсi едi.
1979 жылдың наурыз, я сәуiр айы. Күн жылы болғанымен, бұлыңғыр. ҚазПИ-дiң жаратылыстану-география факультетiнiң мәжiлiс залында бiрнеше белгiлi әдебиетшiлермен кездесу болды. Олар Зейнолла Серiкқалиев пен Төлеген Тоқбергенов, жаңа таныла бастаған сыншы Сайлаубек Жұмабеков, тағы бiрқатар ақын-жазушы және Асқар Сүлейменов едi.
<!--pagebreak--><!--pagebreak-->
<!--pagebreak--><!--pagebreak--
Асекең кездесудiң басынан тұнжыраңқырап отырып, ең соңына қарай сөз алған. Оқырмандар көп сұрақ қойды. Сөз иесi бiрде-бiр сұрақты жауапсыз қалдырған жоқ. Ақырында бауырын жаза келе, ақындай шабыттана сөйлеген. Талай байқағаным, ол кiсi сөзiн бастағанда үстiңгi ернi қинала бүрiлiп кететiн. Бiртүрлi, тiстенiп сөйлеп тұрған адам сияқты әсер қалдыратын. Аздан соң, iшiндегi түйiннiң барлығы шешiлiп, өзiнiң қоңырқай тембрлi даусымен ағындап сөйлеп кеткенде одан көркем, одан көрiктi адам болмаушы едi.
Естелiк - стенограмма емес. Ол кеште қанша сұрақ қойылды, Асекең оның қайсысына қалай жауап бердi, тәптiштеп есiме сақтай алмадым. Әйтеуiр әсерi қалды, рухани әлемiмнiң тазарып, ой өлкемнiң жаңаша гүлденiп шыққаны есiмде. Мiне, сол таңғажайып кештен қалған бiрнеше әңгiме.
Жақсы дайындығы бар оқырмандардың бiреуi Э.Хемингуэйдың «По ком звонит колокол» романындағы бас кейiпкердiң характерiне, оның құрбаншылдығына қатысты сұрақ қойған. Асекең аз-маз ойланып отырып жауап бердi.
- Ұмытпасам, романның эпиграфында Джон Донның өлеңi келтiрiлген ғой. «Бiр жерде қоңырау соғылып жатса, кiмнiң азасы екенiн сұрама, себебi, ол қоңырау сенi де жоқтап жатыр» деген өлең жолдары. Яғни, Испаниядағы соғыстың барлығымызға қатысы бар деген ойды айтпақ болған ғой, Хемингуэй. Сондай-ақ, бұдан да биiк ойды кезiнде Бетховен айтқан. Өзiнiң ең әйгiлi симфониясының мағынасын ауызша түсiндiрiп, «Адамдар өлген сайын ажал маған жақындап келедi. Маған мүлдем қатысы жоқ айдаладағы бiр адам өлгенде де - тағдыр келiп менiң есiгiмдi қағады» деген. Испаниядағы соғысты, ол қалай болғанын бiз бiлмеймiз. Хемингуэйдың романы, сол соғыстың өзi емес - көркем тарихы ғана. Жалпы, мән-мағына не үшiн керек? Тiршiлiктi ары қарай жалғастыру үшiн керек. Егерде адам мына дүниеден ешқандай мән-мағына таба алмаса, онда оның тiршiлiгi сол сәтiнде тоқтайды.
- Түсiнбедiм, аға, - дедi сұрақ иесi студент. - Кешiрiңiз.
Асекең төтесiнен бiр-ақ тартты.
- Яғни, бұл роман, сол бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысқан, күйреп қайтқан ұрпақты жұбату болып табылады. Бiрақ, Роберт Джордан партизандарды алға оздырып жiберiп, өзi тосқауылда қалғанда, сол партизандар үшiн, я басқа бiреу үшiн өлген жоқ. Ол өз ажалымен өлдi.
Содан соң Асекең, көзi жыпылықтап, тiкесiнен-тiк тұрған студентке қарап жымиған.
- Сiз отырыңыз. Тақтада тұрған жоқсыз ғой.
Аз-маз ыңғайсыз үнсiздiк орнады. Қазақтың әдеби ортасы аталған романды ендi ғана пайымдап әңгiме ете бастаған. Бiрақ, мына айтылған пiкiр мүлдем кереғар едi. Үнсiздiктiң сырын жазбай таныған Асекең сөзiн үстедi.
- Әлбетте, бiреудiң тiршiлiгiн кешуге болады. Алайда, менiң бұған деген де күмәнiм бар. Мысалы, басқа бiреудiң атын жамылып өмiр сүруге болады. Бiрақ сiз басқа бiреудiң ажалымен еш кездесе алмайсыз. Ажал келгенде, ол басқаның емес - сiздiң ғана ажалыңыз. Осы орайда Хемингуэйдiң де, Бетховеннiң де сөзiнен асып кеткен қазақтың мақалы бар, «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледi» деген. Қазақтың осы мақалы, бәрiнен кемеңгер.
Сол күнi мен көркем шығарманың бiрнеше өлшемде, бiрнеше деңгейде өмiр сүретiнiн, текстен контекстiң биiк екенiн алғаш түсiнген едiм. Кейiн мен Асекеңнiң оқырманмен кездесуде отырып айта салған осы идеясын белгiлi драматург-ақын Иранбек Оразбаевтың шығармашылығынан ұшырастырдым. Әрине, ақын бұл концепцияны Асқар Сүлейменовтен алуы шарт емес. Осы жерде мен авторлыққа тiкелей қатысы бар информациялық өрiс идеясы турасында айта кеткiм келедi.
Бiр кемеңгердiң жазу технологиясына қатысты айтқандарының iшiнде «Егерде жазуға мүмкiндiгiң болмаса, онда ойлама» деген сөз бар. Таратып айтсақ, қолыңызда қағаз-қалам жоқ, ойға алғаныңызды жазуға мүмкiндiгiңiз болмаса, онда басыңызға келген ойды өшiрiңiз деген сөз. Себеп? Жауап ретiнде мынадай мысал:
Бiр шығармада ғалым адамзаттың тiршiлiгiне қауiп төндiретiн қорқынышты тетiк ойлап шығарады. Артынша, өзiнiң не iстеп қойғанын түсiнiп, шошып кеткен ол тетiктi жоймақ болғанда, қондырғыға жан бiтiп, адамша сөйлеп, «Қирата бер, бiрақ менi жоя алмайсың. Себебi, мен ендi бармын. Мен ендi кез-келген адамның санасынан қалқып шыға аламын. Ал сен сияқты күмәншiл емес, кiнәмшiл емес басқа ғалым менi тиянақтап iске жаратады» дейдi. Александр Генис өзiнiң «Вавилон мұнарасы» атты кiтабында мынадай қызық дерек келтiредi. Лондонда таңертең шыққан газеттегi сөзжұмбақкроссвордты Ливерпульдiң адамдары кешке қарай оңай шешедi екен, себебi, ол сөзжұмбақты Лондонның адамдары таңертең шешiп қойған, Яғни, сөзжұмбақтың шешiмi бүкiл кеңiстiктi алып жайылып жатқан информациялық өрiстен өз орнын алған. Ол шешiмдi басқа қалалардың адамдары түсiнiксiз бiр механизм арқылы оқыған. Санадан тыс оқыған, өздерiнiң дайын шешiмдi информациялық өрiстен алғанын бiлмеген, жұмбақты өзiмiз шештiк деп ойлаған. Асекең тағы бiр сөзiнде «Дiндерде жаман ой, жамандықты ойлаудың күнә болып саналуында Құдайға жақтас ұлы идея жатыр. Мекенiмiз бiр болмыс. Сондықтан осы ортақ мекенiмiздi жаман оймен ластамау керек. Себебi, сен ойлап қана қоя салған қиянатты ойды басқа бiреу мiндеттi түрде iске асырады. Төлен Әбдiковтiң «Оң қол» деген әңгiмесiн оқыған шығарсыздар. Ондағы өзiн-өзi қылқындырып өлтiрген қыз осы бiр кезде бiреу ойлаған ойға байқамай жанасып қойған, елеусiз болса да сол ойды қабылдаған адам» деп едi.
Иранбек Оразбаевтың сахналық драмасында Қорқытты ажал iздеп келедi. Қорқыт қаншама адамға барып «Менiң орныма өлшi» деп жалынады. Бiрақ, ешкiм де оның орнына өле алмайды. Себебi, бұл ажал - Қорқытқа ғана келген, одан басқа ешкiмнiң жанын ала алмайтын, кесiмдi күнi жетпеген, әлi көресi жарығы бар басқа ешбiр пендеге соқтыға алмайтын, бiр Қорқыттың ғана ажалы. Немесе, Асекеңнiң сөзiмен айтсақ, «Смерть - адресна». Тағы бiр сөзiнде ол кiсi айтып едi, «Смерть - это письмо, которое никогда не потеряется, и которое обязательно достигнет своего адресата» («Ажал - ол ешқашан жоғалмайтын және өзiнiң iздеген адамын мiндеттi түрде тауып баратын хат») деген.
Осы ҚазПИ-дегi кездесуден кейiн, бiз, әдебиетшi жастар, ағалардың шашбауын көтерiп, улап-шулап Төлеген ақсақалдың үйiне бардық. Бәтима апамыз дастархан жасап күтiп отыр екен. Үлкендер бiр бөлмеге әзер сыйып бөлек отырды. Бiз бөлек отырмыз.
Бiраздан соң Асекең әдетiнше, жастар отырған бөлмеге келдi. Содан кейiн кеш бойы бiзбен отырды. Кездесу кезiнде туындаған күмәндi ойларымызды айттық. Асекең ыждахатпен тыңдап, бәрiне жауап бердi. Отырған жiгiттердiң бiреуi «Аға, мана сiз кездесу кезiнде шығарманы текстен тыс талдап үйрену керек дедiңiз. Бұны қалай түсiнуге болады? Бiздiң ұғымымызда шығармада текстен басқа ештеңе де жоқ. Тексте жоқ нәрсенi қалай қиялдап, елестетуге болады? Осыны түсiндiрiп берсеңiз» дедi.
- Жақсы сұрақ, - дедi Асекең, шылымын тұтатып жатып. - Бiрақ, сiздiң бұл түсiнiгiңiз бүгiнгi жазуға табынудан қалыптасқан. Сiз дүниеде осы әлiпби, осы жазудан басқа жазу бар деп бiлмейсiз.
Жұрт үндемей қалды.
- Мен сiзге айтайын, әрiп арқылы ғана емес, мән-мағынаны жеткiзудiң басқа да бiз бiлетiн пәленбай түрi және бiз бiлмейтiн, ойымыз түгiлi, түсiмiзге кiрмейтiн пәленбай түрi бар, - дедi Асекең сөзiн жалғап. - Мысалға, бiр қоғам ғана, бiр әлеумет қана бiлетiн информация бар дейiк. Ол информацияны таңбалайтын өзiнiң қалыптасқан белгiлерi бар. Ол белгiнi иероглиф, идеограмма деп алыңыз. Ал бұрынғы көне замандарда жазу-сызусыз өмiр сүрген қоғамдар болған. Менiң ойымша, ол қоғамдар тiптi тiлсiз өмiр сүрген сияқты.
- Қалайша? - дедi отырған қонақтардың бiрi, - «Языковое мышление» деген бар емес пе? Адам қалай тiлсiз ойлайды?
- Бiлмеймiн, - дедi Асекең. - Бiр-бiрiн ойша түсiнетiн адамдар болады. Адамның ойын оқи алатындар болады. Менiң ұғымымда бұл жекелеген адамға қонған ерекше бақ емес, керiсiнше, ойша ұғынысу, ойша сөйлесу, барлық адамдарда болған көне қабiлет. Өркениеттiң салдарынан көмiлiп қалған таңғажайып қасиет. Адам жұмақтан қуылғаннан кейiн осы қабiлеттен ақырындап ажырай бастады. Ақырында сөз арқылы ғана, жазу арқылы ғана түсiнiсе алатын қоғам қалыптасты. Ал өз басым сөзге, жазуға аяғына дейiн сене алмаймын. Себебi, көп жағдайда жазу, немесе сөз ақиқатты ашу үшiн емес, керiсiнше, шындықты жасырудың амалы, құралы болып табылады.
- Мысалы? - дедi студент балалардың бiрi.
Өзiнiң қатерлi шекке жетiп қалғанын түсiнген Асекең таратып ештеңе айтпады. Ал қазiргi тұрғыдан, қазiргi сөз бостандығы тұрғысынан қарағанда бәрi де айдан-анық едi. Ол кеңестiк социалистiк жүйенiң шытынай жарылып, құлауға бет алған кезi. Бiрақ, баспасөз, көркем әдебиет, идеологияның барлық құралдары «әлемдегi ең өскелең қоғамды» жырлаудан танбай отырған. Ол заманда бүкiл қоғамды тыңшылық жайлаған, әр топта кем дегенде екi студент жоғарғы жаққа мәлiмет жеткiзiп тұратын «салпаңқұлақ» болып келушi едi. Кiм бiледi, Асекең, студенттiң сұрағынан секем алып, сол жерде отырған жас балалар бiрдеңеге ұрынып қалмасын деп үнсiз қалған шығар. Бiрақ, оқиғаның анығы осы едi.
1981 жыл. Көктемнің аяғы еді. Ұлт аспаптар музейін¬де қызмет етемін. Асекеңе телефон шалып едім, ҚазПИ-ге келіп кет деді. Горький атындағы әдеби институтқа қабыл¬дау жүріп жатыр екен. Асекең емтихан комиссиясының төрағасы. Қазақ тілінен орыс тіліне аударылған бірнеше шығарманы қолыма ұстатып, үлгермей жатырмын, көмектесіп жібер деді. Екеуміз түстен кейін жұмысты бітіріп, Панфилов паркі¬не қарай аяндадық.
- Төлегеннің үйіне барамыз. Зейнолла ағаң сол жерде тосып отыр, - деді Асекең.
Бұл кезде Рамазан әскер қызметінде, ол үйге барудың реті де жоқ еді.
- Қайта Рамазан жоқ кезде барып, әке-шешесінің көңілін аулап тұру керек, - деді Асекең. - Бәтима да, Төлеген де - екеуі де сені жақсы көреді. Неге келмей кетті деп сұрап отырады.
Бұл бір ерекше кеш еді. Барлығы қолқалап маған домбыра тартқызды. Күй шертіп отырып Асекеңе қарап қалдым. Мені оның көзіндегі аяушылық сезімі таңқалдырған. Бұрын да Әуезов музейінің шағын концерт залында өнер көрсеткен кезімде бірнеше рет байқағанмын. Байқағанмын, бірақ, түсінбегенмін. Аяушылық, бауырмалдық, тағы қаншама тілектестік, содан соң... үрей. Үрей мүлдем түсініксіз еді. Соңыра тарасқан кезімізде мені жанына ертіп алып, Алма¬тының түнгі көшелерін ұзақ кезген. Сондағы айтқаны әлі есімде.
- Сен тұтас бір күй мектебінің жалғыз өкілісің. Бұл тарапта сенің ағаң да, інің де, ешқандай туысың да жоқ. Тек өліп қалған әкең ғана бар. Біздің қолдан тілектес болғаннан басқа не келеді. Сондықтан, саған айтарым, әлгі, Махамбет атаңның «Қазанат сені сақ¬тадым, Азамат сені сақтадым» дейтіні бар емес пе? Сол сияқты, сен де өзіңді сақтауға міндеттісің. Сен өзің шәкірт тәрбиелеп шығарғанша - жападан-жалғыз¬сың. Саған айтар өсиетім, ешқашан ешкіммен жау¬ласпа. Біреу тілдеп жатса, ол сөзді басыңнан асыра сал. Біреулер қорқақ екен дер. Айта берсін. Сенде бар күй қазынасы ешкімде жоқ. Сен таланттысың. Ал біздің қоғамда талантты болған қатерлі. Сен мені дұрыс түсін. Сақтық пен қорқақтықты шатастырма. Мен енді қанша жасаймын, құдай біледі. Кейін, Асқар ағам осылай деген еді деп айта жүрерсің.
Сол кезде мен «Франкенштейн немесе бүгінгі Про¬метей» романын оқып, қатты әсерленіп едім. Ойымды бөліскенде Асекең, әдетінше сәл ойланып барып сөйлеп кетті.
- Мэри Шеллидің романы ғой. Ол өзі белгілі философ Уильям Годвиннің қызы. Жеті атасынан бері фәлсафа қуалаған данышпан әулет. Барлығы интеллектуал болған. Ғылымның жауапкершілігі мәселесі бізде енді ғана айтыла бастады. Себебі, тықыр таянды. Ал, Мэри Шелли бұл мәселені 19-ғасырдың басында айтып кеткен. Қыздарына дейін осындай ақылды, ол тұқымның қандай болғанын осыдан-ақ шамалай бер. Бірақ, мен бұл романды басқаша түсінем. Виктор Франкенштейн, ұмытпасам, швейцар ғалымы ғой деймін, иә. Ол қолдан жасап шығарған жасанды алып адам қоғамнан, адамдардың арасынан өз орнын таба алмай, ақырында адамзатпен жауласады ғой. Жарты өмірін осы алыпты жаратуға жұмсаған ғалым қалған өмірін енді өзінің туындысын жоюға жұмсайды емес пе. Бұл роман көп ұзамай символдық мағынаға ие болды. Еуропада Франкенштейн - бір тетікті тудыруын тудырып алып, ақырында оған өзі ие бола алмаған ғылымның символына айналды. Мынадай бір қызық дерек оқығаным бар. Англияның парламен¬тін¬дегі мәжіліс кезінде лордтардың біреуі сол кездегі Үндістандағы көтерілістерді сөз қылып, «отарлық жүйе мен құл иеленушілік - Ұлыбритания өзі қолдан жасаған құбыжық, егерде біз отарлардан, құл иеленуден арылмасақ, онда Франкенштейннің аяғын құшамыз, Англиядан айрыламыз» деген екен. Романның аяғында Виктор Франкенштейн «Мен алғаш рет Жаратушының өз туындысының алдында жауапкер екенін түсіндім. Қиянаттарын айтып айып¬тамас бұрын мен оны бақытты етуім керек еді» дейді ғой. Батыстың сыншылары үнемі осы идеяны талдауға тиянақ етеді. Әрине, бұл текстің аясынан шықпайтын мұқият қана талдау. Оқушылық талдау. Ал енді текстен шығып, контекстің биіктеу бір қабатына көтерілсеңіз, романның оқиғасы Библияның бірінші кітабы - Көне Өсиеттен алынғанын бірден байқайсыз. Құдай, Адам Ата мен Хауа Ананы жаратады. Олардан бүкіл адамзат нәсілі тарайды. Бірақ, кейіннен адам баласына ие бола алмаған Жаратушы ақырында топан суын қаптатып, бүкіл тіршілікті жояды. Яғни, Мэри Шелли Библиядағы мәңгі сюжетті кішірейтіп, бы¬лайша айтқанда, жерге қондырып барып пайдаланған. Виктор Франкенштейн - ол да демиург, Жаратушы. Осы тұрғыдан маған үнемі бір ой келеді. Менің пікірімше, Адам - Жаратушының ең сәтсіз жобасы.
- Келесі жаратылыста сәтті болатын шығар, - дедім мен.
- Келесі жаратылыс бола ма-болмай ма, оны болжау қиын, - деді Асекең.
- Құдайға сенесіз бе? - деп сұрадым.
- Сенем, - деді Асекең. - Бірақ, иконадағы адам¬тұр¬патты құдайға емес. Әлемдік сана ретіндегі Құдайға сенем. Құдай бұл дүниеде емес. Бұл дүние - Құдайда. Құдай өзі жаратқан дүниеден тыс бола алмайды. Ол өзінің барлық құбылысында - Құдай. Мен түн ішінде жауған бал татыған жауыннан Құдайды көрем, соған сенем. Таудан аққан бұлаққа сенем. Сахараны кернеп емін-еркін ескен қоңырсалқын самалға сенем. Ақжүрек адал адамның сөзіне сенем. Осылардан тыс мен үшін Құдай жоқ.
Өнебойым елжіреп, біртүрлі болып кеттім. Домбы¬рамен шертілген әлдебір қамрықты күйді тыңдап тұрғандаймын. Асекеңнің даусы алыстан талықсып естілді.
- Білем, адам - әлсіз. Осы жүрген ешқайсымыз да мінсізбіз деп айта алмаймыз. Абай атаңның сөзі бар ғой «Ат көтермес мінім бар» деген. Бірақ, бәрібір адамды құрметтей білу керек. Өмірді жақсы көру керек. Егерде өмірден жерісең, онда өмір де сенен жериді.
Кейін дін фәлсафасына қатысты тағы бір әңгі¬месінде Асекең жоғарыда аталған тақырыпты тағы бір қозғап өткен.
- Ислам - қияметтің діні. Бірақ, дүниеде Құдай ұғымы жоқ, Құдай дегеннің не екенін білмейтін діндер бар. Дзэн буддизмде адам өз тағдырына өзі ие. Құдай да жоқ, періште де жоқ. Адамның өзі ғана бар. Бір қызығы, Батыстың озық ғылымы бүгінде осы дзэннің мис¬тикасына бет бұрып отыр. Батыс ғылымы пайда¬лана¬тын «беспричинное творение», яғни «ешқандай себепсіз жаратылыс» деген термин бар. Осы термин барлығын түсіндіреді. Реинкарнация дегенді естуің бар шығар.
- Иә, дүниеге қайта-қайта келу ғой, - дедім.
- Дұрыс айтасың, - деді Асекең. - Бір буддистік тексте «Адамды мына дүниеге қайта-қайта алып келетін нәрсе - ниеттің ағыны» («Поток желаний бесчисленный раз возвращает человека в этот мир») деген сөз бар. Міне, осы бір ауыз сөз бүкіл жара¬тылыстың сырын түсіндіреді. Себебі, мына дүниені кім жаратты, ол қалай жаралды деп қоймай іздеп, ақыры сол себепті тапқан сәтте, сіз, бар болғаны... басқа бір ғаламға өтесіз. Өтпеуіңіз де мүмкін. Болды.
Кейін мен Станислав Грофтың «Трансперсональная психология» деген кітабын оқып отырып, қайран қалдым. Автор психоделикалық тәжірибелер бары¬сында адамның тумай тұрғандағы, анасының жатыры ішіндегі естеліктеріне дейін жетіпті. Бірақ, пендеде ынсап болған ба. Енді автор, ал, бұрын, мына дүниеге Станислав Гроф болып келгеніме дейін, бұрынғы өмірімде мен кім болдым деп, өз тәжірибелерінде жатырдан ары бармақ болғанда бір қап-қара есікке тіреліпті. Ары қарай жол жоқ. Бірақ, аталған кітап Асекең дүниеден өтіп кеткеннен кейін шет елден жеткен. Яғни, жоғарыдағы ойларды Асекең буддистік текстерден қорытып шығарған.
Бірде, тағы да әдеби ортаның жиынында бір ақын ағамыз, сол жерде отырған Тәкен Әлімқұловқа сауал тастады.
- Әй, Тәкен, мен сенің «Ақбозатыңды» оқып шықтым. Сөз саптасың, бәрі жақсы. Қатты ұнады. Тек шығармаңның идеясын түсінбедім. Қазақта қыздың қалыңмалына жылқы беруші еді. Бірақ, о заманда-бұ заман, жылқының жолына қыз бергенді қайдан көрдің? Бұнымен не айтқың келген сонда?
Тәкен ағамыздың бір қызық әдеті бар еді. Біреудің сұрағына жауап берерде бетінің ұшы бозарып, мұрнын уқалап аз-маз отырып қалатын. Сырын білмейтін адам оны ашуланып отыр деп ойлап қалар еді. Бұл жолы да жүзі сәл қуарып отырып қалды. Содан соң дастарханның қарсы бетінде отырған Асекеңе саусағын шошайтты.
- Оны, мына Асқардан сұраңдар. Идеяны берген осы еді.
Бұл жолы да дастархан басында жастар көп еді. Асекең көзі жасаураңқырап, ойланып отырып қалды. Содан соң баяу сөйлеп кеткен. Бөлмеде сілтідей тыныштық орнады.
- Әрине, бұл Тәкен екеуміздің ашқан жаңалығымыз емес. Әлем әдебиетінен осыған ұқсас талай мысал келтіруге болады. Лермонтовтың «Бэла» деген әңгімесінде, естеріңізде болар, анау жалаң қылыш Казбич деген бар емес пе, соның өзі мініп жүрген атын мақтап айтатын әні бар ғой.
<!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Много красавиц в аулах у нас,
Звезды сияют во мраке их глаз.
Сладко любить их - завидная доля,
Но веселей молодецкая воля.
Золото купит четыре жены,
Конь же лихой не имеет цены.
Он и от вихря в степи не отстанет,
Он не изменит, он не обманет.
Кейіннен Бэланың інісі сол жүйріктің өтеуіне деп өз әпкесінің қол-аяғын байлап Печоринге әкеп тастайды ғой. Тәкен өз романында бұл мәселені ары қарай тереңдеткен.
Арада тағы біраз уақыт өткенде Асекең аталған тақырыпқа қайта айналып соққан.
- Романның аяғында оққа ұшқан Ақбозаттың басын құшақтап отырып бас кейіпкердің айтатыны бар ғой. «Дүниеден ұлы жүйрік кетті» деп. Мынау мета¬фора, символ деген, біздің сыншыларымызға мәтел болып жұққан сияқты. Нені оқыса да, көздеріне символ елестеп отырады. Осы тамаша шығарманы да символға жатқызды. Ақбозат дүниеден кеткен қазақылықтың, қазақшылықтың символы екен. Ал, мен айтар едім, Ақбозат - жеке кейіпкер болуға лайық күлік. Ол неге міндетті түрде қазақшылықтың символы болуы керек? Бұның бәрі, дүниедегінің барлығын адамға апарып тіреп қоятын, барлығын адаммен өлшейтін антропоцентризмнің әсері емес пе екен? Ақбозат өлді, сонымен бірге жер бетінен тағы бір ұлы нәсіл көшті деп біліңіз. Бір тайпа ел қырыл¬ғандай жоқтаңыз.
Асекеңнің бір қызық мінезі бар еді. Бір жақсы әңгімені кейде амалсыз үзіп алып, арада біраз уақыт өткенде сол үзілген тақырыпты қайтадан жаңылмай табатын. Кейбір адамдар, ол қай жерде айтылған нендей әңгіме деп, естеріне түсіре алмай жататын. Кейіннен мен бұның Асекең жүрген шағын ғана ортаға тән дағды екенін байқадым. Зейнолла Серікқалиев, Асекең, семейлік Төкен Ибрагимов үшеуі басы қосылғанда бейсауат адам олардың не айтып отырғанын түсінбеуші еді. Жанындағыларды ақымақ қылып, келемеж қылып отырғандай көрінетін. Тыңдап үйрену керек екен. Алғашында әлдебір сөздің басын ғана айтып, аяғын жұтып қоятын әдеттеріне, шыным¬ды айтайын, жыным келетін. Мынадай мысал. 1989 жылдың, ұмытпасам, қысының аяғы еді. Зейнолла ағаның үйіндеміз. Асекең, Төкен аға үшеуі карта ойнап отыр.
- Соғыстың аяқталғаны үшін алып қояйық, - деді Асекең, рюмкелерге коньяктан толтыра құйып.
Алып қойдық.
- 79-жылы мен айтып едім ғой, Қожанасырдың қақпасы деп, - деді Асекең.
- Иә, алғаш айтқан сен едің ғой, - деді Зейнолла аға жымиып.
Үшеуі карта ойнап отыра берді. Үш дуананың ортасына кіріп кеткендей болып мен отырмын. Кейіннен ішіме сыймай, Зейнолла ағаға ренішімді айтып салдым.
- Осы сіздердікі не әдет? Бірнәрсені тамшылатып қана айтасыздар. Жандарыңызда отырған адамдар дым түсінбейді. Бұл не сонда, мазақ қылғандарыңыз ба? - дедім.
Зейнолла аға жымиып күлді.
- Таласжан, ренжіме. Мысалы, бір топ адам бір-бірімен араласа келе осындай тілге көшеді. Әлгі, постмодернизмнің пайғамбарларының біреуі айтты деген сөз бар ғой, «Әннің бәрі баяғыда айтылып және мың рет қайталанып болған» («Все песни спеты и тысячу раз перепеты») деген. Араларындағы сырдың барлығы белгілі адамдар, өздері білетін әңгімені қайталап айтып жатуы шарт емес. Ондай адамдар емеурін арқылы сөйлесе береді. Буддист монахтар бір-бірімен «коан» арқылы сөйлеседі ғой. Кейін сендер де осылай сөйлесіп үйренесіңдер.
- Жарайды, онда өткенде айтылған Қожана¬сырдың қақпасы деген не әңгіме, түсіндіріңізші маған, - дедім мен.
Зейнолла аға рахаттанып тұрып күлді.
- Ол былай, - деді содан соң бетіме қарап мейірлене жымиып алып. - Қожанасыр есігінің алдына қоршауы жоқ қақпа қойып қойған ғой. Адамдар қақпаны айналып өтсе, қақпадан кірмейсің бе деп таяқпен ұрып айдап шығады екен. Қоршауың жоқ қой, қалай кірсек те бәрібір емес пе дегендерге, «Әй, қоршаудың бар-жоғында сенің не шаруаң бар. Қақпа не үшін қойыл¬ған?» деп жауап береді екен. 1979 жылы кеңес әскері Ауғанстанға кіргенде Асқар ағаң осы мысалды келтірген. «Біз Ауғанстаннан быт-шыт болып жеңіліп шығамыз» деді. Сонда «Қаламгерде» отырған біреу «қалай жеңіледі екенбіз, әлемді тітіренткен Кеңес одағы емеспіз бе?» деді. Асекең сонда, «Қожанасыр бәрібір бізді қақпадан кіруге мәжбүр етеді» деді. Ал, анау адам ештеңе түсінбей, иығын қиқаң еткізді де кете берді. Асекеңнің айтқан жұмбағын түсіндіріп берейін саған. Қожекеңнің хикаясын сол оқиғаға өлшесең, онда Асқардың айтып отырғаны мынау: «Ауғанстан қандай әлсіз ел болса да, яғни, қоршауы жоқ, қақпасы ғана бар ел болса да, Кеңес одағы құрметтеп қақпадан кіруі керек еді. Біз халықаралық заңдарды белінен басып, қақпаны айналып өте салдық. Бірақ, ерте ме-кеш пе, бәрібір адамдықтың заңымен санасуға мәжбүр боламыз, яғни, бәрібір Ауғанстан бізді айдап шығады да, қақпадан кіргізеді. Асқардың айтқаны тура келді. Он жылдан кейін жеңіліп шықтық. Міне, Таласжан, сені шамдандырған мылқау әңгіменің сыры осы еді.
Кейіннен, Борхестің «әлемдік кітапхана» жайлы идеясын бойыма сіңіргенде барып, Асекең мен оның етене ортасының түсініксіз мінездерін, таңғажайып сөйлеу мәнерінің сырын пайымдадым. Әлемдік әдебиет уақытта емес - кеңістікте ғана өмір сүреді. Егерде сен сол «әлемдік кітапхананың» адамы болсаң, онда сен үшін уақыт ұғымы жойылады. Кез-келген тақырып - сенің етене тақырыбың, қай заманда қозғалған тақырып болса да. Қай кейіпкер болса да - сенің етене танысың, қай заманда өмір сүргеніне қарамастан. Асекең ешқандай дайындықсыз мүлдем таңсық тақырыпты қозғайтын. Қарсысында отырған адам түсінеді, ақылына өзі қондырып алады деп сенгендіктен болар. Әйтсе¬де, бұндай мәнерде әңгімелесу, әлем әдебиетін біршама меңгерген менің өзім үшін де қиындау еді. Алайда, кейіннен бұл техника маған үлкен пайда келтірді. Қандай да болмасын шығар¬маның мінезін және не айтпағын алғаш¬қы беттен, немесе кейде тіпті бірнеше сөйлемнен аңғаруды үйрендім. Арада бірнеше жыл өт-кенде Асекең бір әңгімесінде:
- Абай атаң айтқан ғой, «Шын жүрек - бір жүрек» деп. Адамда, адам-дарды сүйетін арнайы бір жүрек, және табиғатты, адамнан басқа тірі жәндікті сүйетін бөлек жүрек болмайды. Өз басым табиғатты сүймейтін адамның басқа адамды сүйе алатынына күмәнім бар, - деп еді.
Сол сәтте мен, бұл бір кезде Тәкен Әлімқұлов қатысқан дастархан басындағы әңгімесінің жалғасы екенін түсіндім. Қолыңмен құс аулап үйренген күні, олжаң аққу емес - шымшық болса да қуана біл. Себебі, танымның жаңа сатысына көтерілдің.
Сексенінші жылдардың басында Төлеген Тоқбергенов ҚазМУ-дің филфагында, ұмытпасам, «почасовик» болып әдеби сыннан сабақ беріп жүрді. Бірде кезекті лекцияны жүргізіп беруге Асқар Сүлейменовті шақырды (ол кезде ҚазМУ қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы отырған ғимаратта еді). Естіп алып, барып, студенттермен араласып аудиторияға отырып алдық. Асекеңнің өзіне жарасатын қалжы¬ңы бар еді, арт жақта отырған бізді көріп жымиып күлді де:
- Баяғыда бітіріп кеткен адамдар мұнда неғып жүр? - деді Төлеген ағаға қарап.
Сол кеште Асекеңнің философияның көне бастаулары жайында айтқан бір сөзі есімде қалыпты.
- Қандай философия болмасын, ол ең әуелі - экзистенциалдық философия. Және соңында да ол - экзистенциалдық философия. Егерде, экзистенциалдық болмаса - онда ол ешқандай да философия емес. Мысал-ға, батыс әлеуметі және кеңес ғылымы пайдаланатын «натурфилософия» деген термин, ол халықтардың, ұлттардың біреуін жоғары, біреуін төмен қою үшін ойлап шығарылған. Натурфилософия, яғни, «натуралдық философия» немесе табиғаттың құбылыстарын енді ғана пайымдай бастаған пәк, ал дәлірек айтқанда, жабайы философия деген терминнің тасасынан саясаттың құлағы шошайып көрініп тұр. Ешқандай да натурфилософия жоқ. Тек қана өз заманына лайық экзистенциалдық философия бар.
Асекең аудиторияға бір көз тастап, қыз-жігіті араласа бірнеше орыс студенттерінің отырғанын байқады да, сөзін орысша жалғаған.
- Философия, когда бы она ни существовала, и как бы она ни называлась, была, есть и остается экзис¬тенциальной, то есть жизненной. Древний человек, Ветхий Адам, свою пещерную драму переживал так же жизненно, так же страстно, как современный человек переживает свои экзистенциальные проблемы. Поэтому, нет никакой натурфилософии, а есть экзистенциальная философия, которая из века в век меняет только свою форму, но не сущность.
Содан соң, қайтадан қазақшаға көшті.
- Көне түріктер өздерінің көне түріктер екенін білген жоқ. Көне скифтер өздерінің көне скифтер екенін білген жоқ. Кейіннен философияның тарихы деген пәннің пайда болатынын білген жоқ. Олар тек өмір сүрді. Жауласқанмен жауласты, достасқанмен достасты. Қанды да төкті, күйді де, сүйді де. Және өздерін Жаратқан Иенің баласымыз деп санады. Соғыс пен жаулықты бір-біріне өш құдайлар мен киелердің, бір-біріне жау негіздердің соғысы деп қарады. Достық пен махаббатты да түрлі киенің жарасым табуы деп қарады. Майданда аяспады, ал достасқанмен құдайдай сыйласты. Балалар, аталарыңнан қалған қымбат мүліктегі неше түрлі айуандардың бірін-бірі қаужап, бірімен-бірі қаржысып жатқан суретінен, бедерінен осы аталарыңның өмірлік философиясын танып үйреніңдер. Тарихын дұшпан елдер жазған қазақ үшін ең басты, ең қасиетті дерек - осы.
Артынан кафедрада шағын дастархан жасалды. Мұғалімдермен қатар бірнеше аспирантқа қатысуға рұқсат берілген екен. Кеш бойы ешкім ештеңе деген жоқ. Бүкіл дастархан басындағы атмосферадан мейманға деген шексіз құрмет есіп тұрды. Кеш бойы Асекең ғана сөйледі. Өзінің бұйығылау естілетін қоңыр даусымен отырған жұрттың ақылы мен жүрегін қоса тербеген. Мен жалғыз қайттым. Көкірегімдегі әсерді бұзып алмай сақтағым келгеннен болса керек.
***
Кейінгі жылдары Асекеңде әлдебір қажу пайда болды.
- Адам өмір сүргеннен шаршайды екен, - деді бірде.
Екеуміз «Льдинка» кафесінде отырғанбыз.
- Олай демеңіз, аға, - дедім біртүрлі жайсызданып.
Панфилов көшесінің бойымен ағылған автомобильдерге, тротуармен ары-бері қайшыласқан адамдарға қарап ұзағырақ отырып қалған Асекең кенет мұңая жымиды.
- Қоғамның атында, оның ұстанған бағытында тұрған ештеңе жоқ. Сергей Довлатовтың айтқаны бар ғой, «Советский и антисоветский, это одно и то же» деп. Диссидент болып, Америкаға кетіп, сондағы кеңестік системаға қарсы жұмыс істеп жатқан, бұрын кетіп қалған диссиденттердің сиқын, олардың адамдық келбетін көріп айтқан сөзі ғой. Мәселе, адамның не айтып, не қойғанында емес. Мәселе, сол сөзді айтып отырған адамның кім екендігінде. Жын мен шайтандар да Құдайға сенеді дейді ғой.
- Мен саған бір қызық айтайын, - деді содаң соң қорқорын тұтатып жатып. - Біз кеңес заманында атеистік қоғам болдық дейміз ғой. Ал, қазір дінге қайтадан бет бұрдық дейміз. Ал, мен, осы қазіргі дін ұстаған қоғамнан, сол кеңестік атеистік қоғам Құдайға әлдеқайда жақын болды дер едім. Ол кездегі адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы мен жанашырлығы мына жүрген діншілдердің түсіне де кірмеген. Ал қазір, мешіт салдырады, Құран ұстайды, тәспі тартады. Бірақ, солардың қолын алмақ түгілі, жанына отырғың келмейді. Былғанып қаласың.
- Осы келе жатқан «діншіл», «діндар» қоғамды, как ни странно, Садықбек Адамбеков болжап жазып кеткен. «Атылған қыз туралы аңыз» романының тура бірінші бетінде бір молла Тасбике деген әйелді үшкіріп отырып, бас салып зорламақ болады. Оқып па едің?
- Иә, оқыдым, - дедім мен.
Асекең кенет жадырай күлді.
- Романда сыншылар байқамаған тамаша детальдар бар. Молла үшкіріп отырғанда, ауылдың бір жігіті кіріп, әнеукүнгі арақ қайда дейді ғой, есіңде ме. Сонда молдекең көлденең көзден сасып қалып, «Әлгі тіземе жағып жүрген спиртты айтасың ғой» деп шишаны жігіттің қолына ұстатады. Жігіт, шишадағы спирттің азайып қалғанын көріп, «Сіздің де тізеңіз бір жалмауыз екен» дейді. Екі-ақ ауыз сөз осындай шағын диалог арқылы осынша мағына беру - бұл Гогольдің деңгейіндегі юмор. Ал, ол қалжыңның ар жағында үлкен қасірет жатыр. Бір қолында Құран, бір қолында өтірік пен қиянат - бізге қандай қоғамның төніп келе жатқанын көрсететін қорқынышты эпизод.
Кешке қарай үйіне дейін шығарып салдым. Ауладағы «беседканың» ішіне отырып тағы біраз әңгімелестік.
- Біздің аталарымыз өмір бойы дін ұстаған, қазақ¬тың иманының сақшысы болған. Жаңа заманда ақ жолдан таймай, репрессияға ұшырап кеткені қаншама. Түсініксіз бір уақыт келе жатыр. Бір ақынның айтқаны бар ғой, «Мұсылмандық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» деп. Қазақ сияқты төзімді, ер халықтың дін-иманы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете ме деп қорқам.
Асекең шаршай күрсініп, селқос қоштасып, бұры¬лып жүре берді. Соңынан көз алмай қарап қалдым. Ол, дүниеден кететін қамрықты көктемге екі-ақ жыл, қасқағым сәт қана қалған еді.
(Жалғасы бар)
«Алматы ақшамы», №15,16, 31-қаңтар, 2-ақпан, 2012 жыл.