Есенгүл КӘПҚЫЗЫ. КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ ПУТИН БЕ?
КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ ПУТИН БЕ?
2000 жылы Ресейде билiк басына келген Владимир Путин Ресейдiң бүкiл саяси тынысын өзгертiп жiбердi. Ельцин басқаруы кезiнде экономикалық, саяси тұрғыдан әлсiреп, Чешенстан, Дағыстан секiлдi кавказдық республикалар бостандыққа ұмтылып, Чешенстан өз тәуелсiздiгiн жариялап үлгерген едi. Алпыс айлалы, кезiнде ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң полковнигi болған Путин өз iшiнен iрiп, тағы он беске бөлiнiп кету қаупiнiң алдында тұрған Ресейдiң iргесiн бекiтiп, әлемдiк қауымдастық танып үлгермеген Чешенстанға III Ресей-Чешен соғысын жариялап, оның Ресей Федерациясының құрамына қайта оралуын қамтамасыз еттi. Бұдан кейiн Ресей халқының империялық арманы қайта оянды. Ресей Федерациясын қатарынан екi рет басқарған В.Путин 2008 жылы Конституция бойынша президенттiк өкiлеттiгiн әрi қарай жалғастыра алмайтындығын түйсiнiп, Дмитрий Медведевпен одақтасты. Олардың өзара келiсiмi бойынша, Д. Медведев бiр мерзiмге сайланады, сосын тiзгiндi Путин қайта алатын болды.
5 ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ
КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ ПУТИН БЕ?
2000 жылы Ресейде билiк басына келген Владимир Путин Ресейдiң бүкiл саяси тынысын өзгертiп жiбердi. Ельцин басқаруы кезiнде экономикалық, саяси тұрғыдан әлсiреп, Чешенстан, Дағыстан секiлдi кавказдық республикалар бостандыққа ұмтылып, Чешенстан өз тәуелсiздiгiн жариялап үлгерген едi. Алпыс айлалы, кезiнде ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң полковнигi болған Путин өз iшiнен iрiп, тағы он беске бөлiнiп кету қаупiнiң алдында тұрған Ресейдiң iргесiн бекiтiп, әлемдiк қауымдастық танып үлгермеген Чешенстанға III Ресей-Чешен соғысын жариялап, оның Ресей Федерациясының құрамына қайта оралуын қамтамасыз еттi. Бұдан кейiн Ресей халқының империялық арманы қайта оянды. Ресей Федерациясын қатарынан екi рет басқарған В.Путин 2008 жылы Конституция бойынша президенттiк өкiлеттiгiн әрi қарай жалғастыра алмайтындығын түйсiнiп, Дмитрий Медведевпен одақтасты. Олардың өзара келiсiмi бойынша, Д. Медведев бiр мерзiмге сайланады, сосын тiзгiндi Путин қайта алатын болды.
5 ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ
Былтыр 26 қыркүйекте Ресейдің билік партиясы «Единая Россияның» кезекті съезінде алдағы наурыз айында өтетін Ресей Федерациясы президентінің сайлауына партия атынан В. Путин түсетін болды да, Д. Медведев Мемлекеттік Думада «Единая Россияның» партиялық тізімін басқаратын болды. Бұл оны премьер етуге жасалған бірден бір қадам болатын. Бұған дейін Медведев пен Путиннің өзара тандемінің алысқа бармайтындығына бал ашылып, Медведев пен Путин өзара сыбайлас емес, бәсекелес болуы ғажап емес деген пікірлер көбірек естілетін. Алайда Медведев сөзінде тұрды, Путинге бәсекелес емес, оның қолдаушысы екенін танытты. Қазір алдағы 4 наурызда өтетін РФ президентінің сайлауына 5 кандидат тіркелді. Олар - «Единая Россия» партиясы атынан - Владимир Путин, РФ Коммунистік партиясының жетекшісі - Геннадий Зюганов, «Справедливая Россия» партиясынан - Сергей Миронов, Ресейдің либерал демократиялық партиясының жетекшісі - Владимир Жириновский, өзін-өзі ұсынушы, миллиардер Михаил Прохоров. Олар үміткер ретінде тіркелуден бұрын Ресей тұрғындарының 2 миллион дауысын жинауы қажет болатын. «Яблоко» партиясының негізін қалаған Явлинский мен Иркутск облысының губернаторы Дмитрий Мезенцевтердің жинаған дауыстары жалған деген желеу¬мен үміткерлікке тіркеуден бас тартқан. ПУТИННІҢ РЕЙТИНГІСІ ҚАНДАЙ?
Өткен сайлаулардағы секілді Владимир Путинның басты қарсыласы ретінде бұл жолы да Коммунистердің жетекшісі Геннадий Зюгановтың есімі аталуда. Алдын ала жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, ресейліктердің 30 пайызы Путинге, 20 пайызы Зюгановке дауыс беруі мүмкін делінген. Бұл сауалнаманы «Левада» сараптама орталығы жүргізген. Аталған орталық директорының орынбасары Алексей Гражданкин бұл жолғы сауалнаманың негізгі тәсілі - респонденттерге үміткерлердің аты-жөні ұсынылмаған. Тек «сайлауда кімге дауыс берер едіңіз?» деген сауалға жауап алған. Сауалнама нәтижесі бойынша, қазіргі премьер Путин - 37 пайыз дауысқа ие болған. Қаңтардың бас кезінде ВЦИОМ өткізген сауалнама нәтижесінде Путинге респонденттердің 52 пайызы дауыс беруге дайын екендіктерін айтқан. Ал ФОМ атты сараптамалық орталықтың сауалнама қорытындысы бойынша, Ресей премьері үшін сауалнамаға қатысқандардың 45 пайы¬зы дауыс беретіндіктерін айтқан. Ал «Левада» сауалнамасының қорытындысы мен Мемлекеттік Думаға Ресей коммунистері партиясы атынан сайланған Олег Смолиннің жариялаған мәліметтері сәйкесіп тұр дейді «Новая газета». «Өткен аптада мен ресми емес мәліметтер алдым. Онда ФАПСИ сараптамалық орталығының жүргізген жабық сауалнамасының қорытындысы бойынша жақын арада сайлау өтетін болса, Путин - 38 пайыз, Геннадий Зюганов - 20 пайыз дауысқа ие болмақ. Мұндай жағдайда екінші кезең өтуі хақ. Путиннің ресми мәлімдемелері күн сайын жарық көріп жатқанына қарамастан, оның рейтингісі құлдырап барады.Соңғы кездері Борис Немцов, басқа да либералдар екінші кезеңде Путин мен Зюгановтың біреуін таңдауы қажет болса, таңдау Зюгановке түсетінін айтуда. Біздің ресми емес мәліметтеріміз бойынша, билік кез келген әкімшілік ресурстарды пайдалана отырып, Путинді бірінші кезеңде-ақ жеңіске жеткізуді көздеп отырған көрінеді. Егер билік шешімін өзгертпесе, төртінші наурыздан кейін Болотная алаңы мен Сахаров даңғылы бізге баланың ойыны секілді көрінуі мүмкін» деп жазған екен депутат «Новая газетадағы» блогында.
ӘЛЕМДІК БАҚ НЕ ДЕЙДІ?
WWW.INOSMI.RU САЙТЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК БАҚ-ТАРДЫҢ ШОЛУЫНА НАЗАР АУДАРСАҚ, АЛДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ПУТИННІҢ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУІ ХАҚ ЕКЕНДІГІ АЙТЫЛҒАН. ӘЛЕМДІК БАҚ ПУТИН ҚАЙТА ТАҚҚА ОТЫРҒАННАН КЕЙІНГІ РЕСЕЙДІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНДЫҒЫН ТАЛҚЫЛАУДА. «РИА НОВОСТИ» АГЕНТТІГІНІҢ ЖАЗУЫ БОЙЫНША, ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ BERTELSMANN STIFTUNG ЗЕРТТЕУ ҚОРЫНЫҢ САРАПШЫСЫ КОРНЕЛИУС ОХМАНН ВЛАДИМИР ПУТИННІҢ ПРЕЗИДЕНТ БОЛУЫ РЕСЕЙДІҢ ШЕТТЕГІ ИМИДЖІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРУІ МҮМКІН, БІРАҚ РЕСЕЙ-ГЕРМАН БИЗНЕСІ ҮШІН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ БОЛАТЫНЫ СӨЗСІЗ ДЕГЕН.
- Егер Путин президенттікке сайланар болса, алдағы 12 жылда Ресей-Герман бизнесі тұрақты және болжалды болады, - деген ол.
Неміс сыртқы саясаты DGAP қоғамының Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі сарапшысы Штефан Майстер Медведев және Путин тандемінің РФ имиджісіне нұқсан келтіретіндігін айта отырып: - Бұл тек лауазымды ауыстыру ғана. Сайлау өткізілуі тиіс демесе, бүкіл мәселе шешіліп қойды ғой, - деген.
Ұлыбританиялық «The Financial Times» газетінде «Путин мемлекеттік капитализм үшін күреседі» атты мақала жарияланды. Онда Путиннің «Ведомости» газетіндегі «Нам нужна новая экономика» атты мақаласы талқыланады. «Financial Times-тің әріптесі болып келетін «Ведомости» газетінде жарияланған ұзын сонар мақалада Ресей премьері Ресейді өрге сүйрейтін кәсіпкер тап қажет етіп отырған экономикалық бәсекелестікті күшейтуге уәде бермейді. Керісінше ол мемлекеттік басқару тізгіні арқылы Ресейге қажет жоғары технологиялық экономикаға өтуге болатындығын мәлімдеген. Оңтүстік Корея мен Қытайды мысалға ала отырып, Путин өзі басқарған кезде бой көтерген Ресейді шикізат бағасына тәуелділіктен құтқару мақсатында инновацияның жоғары тәуекелімен байланысты тек мемлекет қаржысымен қамтамасыз ететін мемлекеттік корпорацияларды қорғауды мақсат етеді» деп жазады онда.
Францияның «AFP» газетінде «Наразылық шеруінен кейін Путин «жаңа экономиканы» жасамақ» атты мақалада Путинді мемлекет басында 12 жыл отырса да, Ресейдегі қордаланған проблемаларды шешуге қабілетсіз деп айыптаған.
«Эхо Москвы» радиосы «Независимая газетада» жарық көрген «Национальный вопрос» мақаласын бүге шігесіне дейін талқылай келе, Путиннің «орыс мәселесін» көзір етіп алуын жеңісінің кілті деп есептейді. «Независимая газетаның» бас директоры және бас редакторы Константин Ремчуков «Соңғы 80 жылда ұлттық мәселе Патшалық Ресей тұсында ғана көтерілді ғой деймін. Бұған дейін, Ресей - халықтар түрмесі, пролетариаттың Отаны жоқ деген секілді базалық мәселелермен шектелетін. Енді Путин орыс ұлтының мәселесімен шындап айналыса бастады. Бұл ұлтты құтқарудың алғышарты» дейді «Особое мнение» хабарында.
«Түркістан» газеті