Шойгу мен Лавров Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен жеке кездесу өткізді. Күн тәртібінде ресейлік бітімгерлер орналасқан Таулы Қарабақтағы жағдай болды.
Лавров Ереванға Таулы Қарабақтағы бейбіт өмірді қалпына келтіру бағдарламасымен келгенін айтып, қазір жағдай ресейлік бітімгерлердің бақылауында деді. Онда 23 бекет орнатқан.
Армениядан ресейлік делегация Әзербайжанға аттанды.
Ал наразылыққа шыққандар, олардың ішінде "Дашнакцутюн" партиясының белсенділері премьер Никол Пашинянның отставкасын талап етті.
"Настоящее Время" телеканалының хабарлауынша, полиция жолды жапқандарды ұстаған.
Ереванда наразылық акциялары 10 қарашаға қараған түні премьер-министр Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде Әзербайжан және Ресеймен келісімге келгеннен кейін басталды. Ондағы келісімге сәйкес, Әзербайжан әскері кірген аймақты бақылайды. Ресей бітімгерлікті сақтау үшін әскерін кіргізеді.
Таулы Қарабақ ресми түрде Әзербайжан аумағы саналады, бірақ бұл аймақта этникалық армяндар тұрады. Таулы Қарабақтағы армяндарды Ереван қолдап отыр. Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ аймағы үшін 1988 жылдан бері қақтығысып келеді. 1988-94 жылдары арасындағы соғыста 30 мыңдай адам қайтыс болды. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Сол уақыттан бері Таулы Қарабақ этникалық армяндардың бақылауында. Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы тәуелсіздік жариялап алған. Бірақ оларды Армениядан басқа ешбір ел мойындамады.
Биыл 27 қыркүйекте Таулы Қарабақ үшін қақтығыс қайта басталып, мыңдаған адам қайтыс болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.
Abai.kz