Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3064 0 пікір 3 Ақпан, 2012 сағат 05:13

Болат Төлепбергенов. Тіл мәселесі және сауда

Жиырма жылдық тәуелсіздігімізді дүрілдетіп өткіздік. Хабар мен «Қазақстан» т.б. телеарналар оны асқақтата көрсетті де... Үкіметтік газет-жорналдар жарыса жазды да... Жетістіктерді айтқанда көгілдір экран алдында тележүргізушілердің арқалары қозып, орындықтарында отыра алмай, екі езулері көбіктеніп, Солтүстік Корея тележүргізушілерінен асып түсті. Газет жорналшыларының қаламының екпінінен Кеңес Одағы кезіндегі коммунизмді жазған журналистер далада қалды. Ал, пенде болғаннан кейін болмай тұрмайтын, аттай жиырма жылдың ішінде алынбаған асулар, жетпеген жетістіктер жөнінде екі ауыз сөз айтылмады. Біз осындай әттеген-айлардың бірі, жиырма жылда шешілмеген ұлттың басты көрсеткіші, көңіл-күйі - тіл мәселесі және оның саудаға айналуы жайына тоқталмақпыз.

Дәлел: үлкендерді айтпағанда, тәуелсіздігіміздің құрдастары 1991 жылы туған орыс балаларының бір пайызы да қазақ тілін меңгермеуі, ал, осы жылдары туған қазақ балаларының өзі шамамен 40 пайызға жуығы ана тілін білмеуі;  бір қазақтың анық екіге бөлінуі. Кеңес заманынан басталған бұл жарықшақты жиырма жылдық тәуелсіздік жаба алмады, керісінше аша түсті.

Жиырма жылдық тәуелсіздігімізді дүрілдетіп өткіздік. Хабар мен «Қазақстан» т.б. телеарналар оны асқақтата көрсетті де... Үкіметтік газет-жорналдар жарыса жазды да... Жетістіктерді айтқанда көгілдір экран алдында тележүргізушілердің арқалары қозып, орындықтарында отыра алмай, екі езулері көбіктеніп, Солтүстік Корея тележүргізушілерінен асып түсті. Газет жорналшыларының қаламының екпінінен Кеңес Одағы кезіндегі коммунизмді жазған журналистер далада қалды. Ал, пенде болғаннан кейін болмай тұрмайтын, аттай жиырма жылдың ішінде алынбаған асулар, жетпеген жетістіктер жөнінде екі ауыз сөз айтылмады. Біз осындай әттеген-айлардың бірі, жиырма жылда шешілмеген ұлттың басты көрсеткіші, көңіл-күйі - тіл мәселесі және оның саудаға айналуы жайына тоқталмақпыз.

Дәлел: үлкендерді айтпағанда, тәуелсіздігіміздің құрдастары 1991 жылы туған орыс балаларының бір пайызы да қазақ тілін меңгермеуі, ал, осы жылдары туған қазақ балаларының өзі шамамен 40 пайызға жуығы ана тілін білмеуі;  бір қазақтың анық екіге бөлінуі. Кеңес заманынан басталған бұл жарықшақты жиырма жылдық тәуелсіздік жаба алмады, керісінше аша түсті.

Жиырма жылдың ішінде ана тілі баласын (қазақты) бөлшектейтін негізгі кілтипанға айналды. Тоқ етерін айтқанда, бүгінгі күні қазақты біріктіретін де, ажырататын да ортақ жай; біріктіретіні - Отандары бір. Яғни тұрақтары - байырғы қазақ жері. Ажырататыны - екеуінің қазақ тіліне қатысты ұстанымы (принцип). Яғни байырғы қазақ жеріндегі қазақ тілінің шынайы мәртебесі.

Осыған байланысты, біздіңше: орыс тілді қазақ (әлі күнге бұлай айтудың өзі ұят) өз ішінде онға жуық бөлікке жіктелсе, ана тілді қазақ үш топқа бөлінді. Осы екі қазақ бүгінгі күні Қазақстан қоғамындағы барлық саяси, экономикалық мәселелерге ана тілін жақтау, жақтамау тұрғысынан іс-әрекет жасауды әдетке айналдырды. Мысалы: қазіргі толғақты мәселенің бірі - болашақ Еуразиялық одаққа байланысты пікірдің екі ұдай болуы тілге тікелей байланысты.

«Есептедік, Еуразиялық одаққа кіру экономикалық жағынан - дұрыс»  деушілердің немесе «зерттей келгенде Еуразиялық экономикалық одақ - бұрыс» дегеннің бәрі - қазақ тіліне байланысты ұстаным мүддесінен туған пайымдаулар. Дәлірек айтқанда, тілді қолдаушылар мен қолдамаушылардың жеке көңілдері тұрғысынан пайымдап, ана тілін саудаға айналдыруы. Өйткені, Еуразиялық одақтың оның болашақта ұлт пен ұлттық экономикаға (егер ондай бар болса...) берер пайдасы мен зиянын бір Құдайдан басқа ешкім білмейді.

Тілдің Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты таласқа тікелей қатысы бар деген тұжырымымызды дәлелдеу үшін, әуелі: әлемдік, қазақстандық экономиканың бүгінгі жай-жапсарына қысқаша тоқтала кетейік.

Соңғы кезде экономика саласындағы әлемдік Нобельдік сыйлық экономика заңдылықтарынан жаңалық ашқан ғалымдарға емес, экономикадағы моральдық-психологиялық заңдылықтарға басымдық берген, яғни экономикаға психологиялық жағынан келу арқылы жаңалық ашқан ғалымдарға берілуде. Бүгінгі күні экономиканың барлық түйткілдерін макроэкономикалық әдіс-тәсілдер шешеді деген көзқарастағы ғалымдар өзгерте бастаған. Өйткені, ең бірінші экономиканы жасайтын - ет пен жүректен жаралған Адам, оның мінез-құлқы. Әлемдегі бүгінгі қаржы дағдарысы да Адамның ашкөздігі мен жеңіл ақша іздеуінен пайда болып жатыр.

Олай болса, тілдің экономикаға тікелей қатысы жоқ дегендік те білместіктен айтылған сөз. Ілгеріде айтқандай тіл ұлттың көңіл-күйі болатын болса, осы көңіл-күй арқылы ұлттық экономикаға тікелей әсер ететіні анық.

Сонымен, жалпы экономиканы жасайтын тіл мен сезімнен тұратын еңбек адамы болса, Қазақстанда олардың нақты жай-күйі қалай? Ал, экономикалық дағдарыстардың негізгі себебі, байлардың ашкөздігі болса, біздің қазақстандық тіл мен сезімі жоқ мырзалар шетелдік әріптестерінен қалысты ма? Енді, тілге байланысты негізгі әңгімемізге қатысты болғандықтан осыларға жауап беріп көрейік.

Қазақстан экономикасында қызмет жасайтын, жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың жай-күйін, тіпті, өндірістің тіліне дейін шешетін тәуелсіз кәсіподағының жоқтығынан, олардың еңбектегі азаматтық құқықтары аяқ асты болуда.  Міне оған да аттай жиырма жыл. (Бұрын бұл саланы әділеттілікпен Кеңес Одағының коммунистік партиясы өзі қадағалайтын). Ендеше, қызметі мен жұмыс орындарында көңілмен еңбек етпеген елде еңбек нәтижесінің жемісті болуы мүмкін емес.

Дамыған елдерде кәсіпорын қожалары жұмыс өнімінің сапалы болуы үшін, жұмысшылар мен қызметкерлерінің күй-жайын қамтамасыз ететін шынайы кәсіподақтарды құруды өздері қолға алады. Ал, құрмаған кәсіпорындардың қожаларын үкімет құруға мәжбүрлейді.

Ал, бізде керісінше. Облыс әкімдері (макроэкономиканың тетігін ұстаушы мырзалар) тағайындалысымен облыс көлеміндегі бюджеттен қаржыланатын мекемелерге өз адамдарын қойып, "бөтендерден" тазартады. Оларға тәуелсіз кәсіподақ мүлдем қауіпті. Түпкі сыры ашылып қалады. Қазақстандық кәсіпорын қожаларына да, тәуелсіз кәсіподақ - жау. Өйткені, қызметшілер мен жұмысшыларға ойына келгенін істеткізбейді. Сот төрелігі жөнінде айтпай-ақ қояйық. (Бас жаққа барыспайық...).

Бұдан кейін, жаңа, дамыған экономика жасамақ Қазақстанда, оның тұтқасын ұстайтын, өз ісіне берік тәжірибелі қызметкерлер мен маман жұмысшылардың қалыптасуы жөнінде сөз қозғау артық емес пе? Осыдан соң, экономиканың бәсекелестігі мен ашықтығы жөнінде айтып жүргендеріміз шындыққа жанаса ма?

Олай болса, жылдар бойы дәстүрлі тауарларын шығаруға маманданған, экономиканың белгілі салаларына әбден машықтанған екі одақтасымыздың экономикалық тегеуіріне шыдай аламыз ба? Ал, жарыста, сайыста, мейлі ол экономикалық болсын - аяу, бір-біріне қарасу деген болмайтыны белгілі. Біздің бар сенген ауыл шаруашылық тауарларын шығару саласы (басқасы шикізат), яғни отандық ауыл шаруашылық кәсіпорындары. Олар шынтуайтына келгенде материалдық базасы жағынан да, жұмысшылардың мамандануы, қызметкерлерінің тәжірибесі жағынан да одақтастардан бірнеше есеге кем соғады. Шекараның мүлдем ашықтығын пайдаланып, біздің тек табысты ойлайтын (ол табиғи нәрсе) Мырзалар Қазақстанда бәсекелестікке төте бере алмайтын кәсіпорын ашқанша, қаржыларын бәсекеге қабілетті екі одақтас елдің экономикасына салып, ішкі инвестициямыздың өзінен айрылып қалмаймыз ба? Немесе, олар Кеңес Одағы кезіндегідей негізгі мамандарды екі одақтас елден әкеліп, еліміздегі жағдайды әлуметтік теңсіздікке, жұмыссыздыққа тіреп, тіл, діл мәселелерін шиеленістіріп жібермей ме?

Осындай толған ауыр, толғағы қиын сұрақтардың төңірегінде сөз қозғала қалса шенеуніктер, саясатшылар, саясаттанушылар, экономистер, бизнес өкілдері одақтың экономикалық тиімділігі жөнінде бірдеңе деп мұрындарының астынан түсініксіз міңгірлеп, шын мәнінде тілге байланысты көңіл тұрғысынан әрекет етеді.

Енді сөзіміздің басында айтқан, екіге бөлінген қазақты анығырақ әңгімелейтін кез жетті. Алдымен, қазақ тілді қазақ жөнінде. Біріншісі - тексіз қазақ. Ішкені мен жегеніне мәз. Оның ішінде кекірік атқан байлары да, ынжық кедейлері, тоңмойын оқығаны, өсекшіл оқымағаны да бар. Оларға тіл мәселесі отбасы, ошақ қасы (соғым) әңгімесінен де төмен тұрады. Екіншісі - сан ғасырлық құлдық психологиядан құтыла алмай жүрген әрі-сәрі, дүмбілез қазақ. Олардың оқыған-тоқығаны: сырты қампиған, іші қуыс, өзінше пысық, жалт етпе, жылт етпе. Тым тәубешіл кедейі де, осылармен бірге. Оларға тіл жайында жоғарыдан айтылса болды: дұрыс болса да - дұрыс, бұрыс болса да - дұрыс. Үшіншісі - "Сұм өмір абақты ғой саналыға" деп жүрген оқыған шоқтай қазақ. Солармен бірге кедей, бірақ, тамақтан гөрі қазақтың оқығандарына қарны ашып жүрген көкірек көзі ояу, оқымаған қазақ. Олардың оқығаны да, оқымағаны да ұлттың ең басты дүниесі де, жаны да тіл екенін, ұлттық экономиканы жасаушылардың тілі - орыс тілі болса, ондай экономика ұлтқа қызмет етпейтінін анық біледі.

Енді, орыс тілді қазаққа келсек. Жұмыр басты пенденің ой-әрекеті ең алдымен жеке бастың мүддесінен туады демекші. Олар орыс тілінің сойылын соғу қарқындарының әр түрлі болуына байланысты жіктеледі.

Олардың алғашқысы, кезінде орысша оқыған, қазір елді жерді ойлайтын ақыл тоқтатқан жасқа келгендер. Бірақ, баласының - ізбасарының қазақша білмейтіндігі - біржола қазақ тілі жағына шығуына бөгет. Сондықтан, Еуразиялық экономикалық одақ өзіне емес, балаларына керек болғандықтан қолдаушылар. Енді бірі (бұлар біріншінің сыңарлары, олардан жас) - қазақ тілінің бүгінгі бастан өткізіп жатқан қиыншылығына төзгісі, оның дағдарыстан шығуын күткісі келмейтіндер. Сондықтан балаларын бірден оқу-құралдары дайын, тілі (экономикалық, заң, пәлсафалық) жатық, озық оқуға, әзірше орысша беруді құптайтындар. Оларға Еуразиялық экономикалық одақ бар болғаны сол үшін ғана керек. Үшіншілері, Отаншыл бірақ, орыс тілді тәрбие мен ресми саясатқа байланысты толқып жүргендер. Олар алдағылардан қалған "әдет пен сара жол" бойынша одақтың көңілін жыққысы келмейтіндер. Бұлардың қатары көбіне жастардан тұрады. Төртіншілер, кезінде орыс тілінің артықшылығына байланысты байлығын жасап алғандар. Олар ана тілді қолдайтындардың кедей екенін, оларға билік тисе, материалдық байлықты бөлісуді ертең қатаң талап ететінін білетіндер. Сондықтан оларға қандай одақ болса да бәрібір, тек, ұлттық белсенділікті жаншитын одақ болса жетіп жатыр. Бесіншілері, олар жан-дүниесімен ұлттан безгендер. Олар - жақан адамдары (космополиттер). Оларға Еуразиялық одақтың өзі тар. Алтыншыларға жататындар, олар саясат үшін ғана қазақ тілін құптап, ал, шын мәнінде басқаша ойлайтындар. Жетіншілері, саналы түрде, кезінде Абай айтқан қазақ пен қазақ тыныш отыру үшін, ортасына татар салу керек дегенді тура мағынасында түсінетіндер. Демек, орыссыз өмір сүруге болмайтын пікірге имандай сенетіндер. Сондықтан, оларға қазақ қоғамы - қорқыныш. Оларға одақ сол үшін де аса қажет. Сегізіншілері - орыс ділі мен мінез-құлқын сіңіргені соншалық, олар қожайынсыз, патшасыз өмір сүре алмайтындар. Оларға үнемі қожайынның темірдей жұдырығы мен нұсқауы болмаса өмір қараң. Тоғызыншылары, қазақ тілін толық білмесе де, ұлттың сақталып қалуы үшін шынайы жүрегімен күресіп жүргендер. Олар балаларын қазақша оқуға беруде.

Біздің қазақша оқығанымыз да,  орысша оқығанымыз да өз кескін-келбетін осының ішінен табатынына сенемін.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572